Корейская косметика премиум класса

Әке көрген оқ жонар

“Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер, - дейді дана қазақ. Адам бойындағы барлық адами қасиеттер мен рухани құндылықтар отбасынан басталады. Сол себептен “әке, ана” сөздері адамзат үшін ең қадірлі сөздер болса керек. Көп жерде ананың орны бөлек екенін, ол бәрінен биік тұратынын естіп жатамыз. “Әкенің жақындығы жездедей ақ” дегендіде естіп, көріп журген боларсыз. Бірақ мен бұл мақалмен келіспеймін. Себебі, мен үшін асқар тау әкем бәрінен биік. Иә, мен әкемнің қызымын. Және менің ойымша, барлық қыз балаға, әкесінің мейірімі, қамқорлығы, тәрбиесі маңызды.

Әкемнің сөздері маған қанат беретін, жігерлендіретін. Сол сөздердің арқасында алға ұмтылуды, біреудің ала жібін аттамауды, сабыр сақтауды және ең бастысы Құдайдан күдер үзбеуді үйрендім. “Адамға айтсаң күледі, Аллахқа айтсаң біледі” - дейді ғой. Өсе келе осы сөздердің бәріне мән кіргендей болады. Әкем үнемі, ”қызым ешкімге әлсіз тұсыңды көрсетпе”, “қиналып тұрсаң, Алладан көмек сұра” деп айтып отыратын. Кішкентай болсамда, Құдайға жақын болдым, оның бар және бір екеніне сендім. Барлық ауыртпашылықты Алланың сынағы деп сабырлықпен қарауды үйрендім. Міне, осы үшін менің әкеме айтар алғысым шексіз. Балалардың ер мінезді, намысшыл болуындағы әке тәрбиесі үлкен рөл атқарады. Сол үшінде қазіргі әкелерге айтылар сын жоғары. Еліміздегі әр бір адам біздің болашағымыздың айнасы. Болашағымыз бұлыңғыр емес, ашық әрі жарқын болуы үшін, тәрбиені өзімізден бастайық!

Тұрғанбекқызы Әсел


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

×