Діни радикализм мәселесі діни фанатизм, догматизм, фундаментализм және терроризм ұғымдарымен тығыз және өзара байланыста көрініс табатындығын ескеру қажет. Діни-радикалды көзқарасты жақтаушылар әу бастан өздерінің агрессияшыл іс-әрекеттерімен көзге түседі. Алдымен олар дінге сенуші басқа азаматтардан ұлттық салт-дәстүрге сай келмейтін киім кию үлгісі, жүріс-тұрысы сияқты сыртқы келбетінің өзгешелігімен ерекшеленеді деп айтсақ болады.. Радикалды діни ағымдардың зайырлы қоғамға әсері мен олардың мақсаты қандай? Радикалды діни ағымдар демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып табылатын еліміздегі жүйені бұзғысы келеді. Зайырлылықты дінге қайшы етіп көрсеткісі бар. Алайда, бұр зайырлылық – дінсіздік немесе дінді терістеушілік емес, ол – мемлекеттің діни емес, құқықтық қағидаттармен басқарылуы екенін түсіне алмағанынан туындап отыр. Радикалданған адам дәстүрлі ұлттық рухани құндылықтарды, қалыптасқан жергілікті діни тәжірибені жоққа шығарып, мойындамайды. Оның бәрін «дінге жаңашылдық енгізу» деп қабылдайды. Соның салдарынан радикалданған азаматтар қоғамдағы әлеуметтік-рухани, экономикалық-саяси өмірден баз кешіп, жат идеологияның қолшоқпарына айналып жатады. Олардың мұндай әрекеттері дәстүрлі дінді ұстанушы азаматтарға кері әсерін тигізетіні түсінікті.Діни радикалды бағыттағы азаматтар зайырлы қоғамда өмір сүретін өзінің айналасындағы өзге азаматтарды мәжбүрлеу яки күштеу арқылы өз қағидасын орнатуға тырысатыны анық.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және Саясаттану факультеті, "Дінтану" мамандығының 3-курс студенті Ризабек Сұңқар. Жетекшісі ф.ғ.к.,дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Кантарбаева Ж.У.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі