Трагикомедия
ҚАТЫНАСУШЫЛАР:
Есдәулет — зоопарктың ғылыми қызметкері,
Білеубай — зоопарк директоры.
Ақмарал — Білеубайдың әйелі.
Кәмила — Білеубайдың қарындасы.
Момын — зоопарк директорының шаруашылың жөніндегі орынбасары.
Сұлтан — жұмысшы, Есдәулеттің досы.
Василий Лукич — жұмысшы.
Қартаң әйел — жұмысшы.
БІРІНШІ БӨЛІМ
Алатаудың қойнауы. Май айында құлпырын тұрған көзі. Ағаш өскен көгал дөңес. Әріректе ойпаң еңіс. Есдәулет пен Сұлтан қол ұстасып, жүгіре шығып тоқтайды.
Есдәулет. Тоқтай тұршы. (Жан-жаққа қарап.) Жаңа алдыңғы машинада Кәмилашты көргендей болып едім.
Сұлтан. Бұл серуенге келгендер, зоопаркте істейтін адамдар. Ал, Кәмила не деп келеді, әлде ағасы директор болғандықтан ба?
Есдәулет. Е, келсе несі бар?
Сұлтан. Кәмила бұл жиынның ішінде жоқ. Көңілдегі арманың көзіңе елестеп кеткен ғой. Оның атын — галлюцинация дейді, бауырым.
Есдәулет. Жоқ. Көргенім рас. (Әр қойнауға көз жүгіртіп). Олар да осылай қарай кетіп еді ғой. Жүрші, ана жаққа барайық.
Сұлтан (бөгеп). Сабыр, жолдас Есдәулет, сабыр. Бір мекеменің ғылыми бөлімінің бастығы шошаңдап жүгіріп жүрсе — ұят болады. Іздегенің бір қыз болса — табылар. Өзі де көбелектей ұшып-қонып келіп қалмас деймісің.
Есдәулет. Немене, сонда, демалыс күні де шіреніп жүреміз бе?
Сұлтан. Басшы адам қорғасындай салмақты, арыстандай айбатты, шегедей нығыз болу керек. Болашақ қайнағаң Білеубай Маусымбаевтан иеге үлгі алмайсың?
Есдәулет. Сен де Білекеңді сыртынан кекетуге шеберсің-ау.
Сұлтан. Көзінше кекетуге қызмет дәрежем көтермейді. Жә, одан да осы пикник — ненің құрметіне, соны айтшы.
Есдәулет. Коллектив болып бас қосып, дем алуға шыққан жоқ па. Оның несін сұрадың?
Сұлтан (екі ұшты). Сол ғана ма? Мейлі, не де болса ішіп-жерлік жағы мол көрінеді.
Есдәулет. Байғұс-ай, сенің көзің қазан жақта болады-ау.
Сұлтан. Енді қайда болушы еді. Біріншіден сеп ғалымсың, қалған қалың, ал менің қалтам (қалтасын айналдырып), мінекей, Білекеңнің төбесіндей тап-тақыр. Екіншіден сен ғашықсың, ғашықтар көңілдің буына семіреді, ал мен неме семіремін?
Есдәулет. Қой, сенің қылжағың таусылмас. Командировкадан қайтқалы көрісе алмап едім. Кәмилашты қайдан тансам екен. (Манадан алаңдап, әр жаққа көз салып тұрғанды.) Әне, анау Кәмилаш қой.
Сұлтан. Мүмкін, сол шығар.
Есдәулет. Көкетай, барып шақырып келе қойшы. Оңаша сөзім бар еді.
Сұлтан. Тоқта, ғашық болатын сен, арада жүгіретін мен, еңбек бөлісудің есебін тапқан екенсің.
Есдәулет. Көкетай, барып келе қойшы. Апырмай нең кетеді?! Бір жолға.
Сұлтан. Аяғым ауырып тұр.
Есдәулет. Ей, осы қырсығып қалатының-ай. Қап! (Басына бір ой келіп.) Тоқта... Жаманға жалынғанша... өзім-ақ шақырам... (Әндетіп.)
Қайда жүрсің, қайдасың Кәмилашым,
Жалғыз өзің мен үшін ар-имансың.
Тартынбашы, тіл қатшы, жақындашы,
Сүйеді-ау деп бұл жүрек тағы илансын.
Қ а й ы р м а с ы:
Сүйемін сені мәңгілік
Сүйемін сәулем, шын сырым.
Естіртіп тұрмын ән қылып
Жүректің сәтті дүрсілін.
Қайғырамын көрмесем кәдімгідей,
Сарғаяды солады жаным гүлдей.
Қайда жүрсің, қайдасың, Кәмилаш-ау,
Бір көрінші көзіме зар идірмей.
Кәмила (сырттан).
Әуенімен шақырып ән шырқады,
Арманымның аяулы ақ сұңқары.
Бірге қонып бақшаңа сайрайыншы
Махаббаттың манаурап атсын таңы.
Сұлтан ымдайды. Есдәулет теректің тасасына жасырынады. Ән салған күйі сахнаға Кәмила шығады. Әннің қайырмасына қосылын.
Сұлтан оны құшақ жая қарсы алады.
Кәмила (оқыс тоқтап). Ой, Есдәулет қайда? Жаңағы соның дауысы емес пе еді?
Сұлтан. Ғафу ет, бикеш. Алдыңызда адам тұр, мүмкін амандасатын боларсыз.
Кәмила. Ой, ғафу ет, Сұлтан. Амансың ба?
Сұлтан (қолын алып). Енді мінекей, келген шаруаңызды сұрауыңызға болады.
Кәмила. Есдәулет...
Сұлтан (асықпай). А, Есдәулет пе?.. Бері кел. (Кәмиланы қолтығынан алып.) Әне бір төбені кердің бе?
Кәмила. Иә...
Сұлтан.
Осынау қырдың астында,
Жиырма тоғыз жасында.
Бір сұлу қыз қасында
Есдәулет кетіп барады.
Кәмила. Қой, рас па? Не деп тұрсың?
Сұлтан. Төбемді көрмейін.
Есдәулет (тасадан шыға келіп). Жалған. Мен мұндамын.
Кәмила. Есдәулет!..
Есдәулет. Кәмилаш!..
Кәмила (салқын тартып). Сені де көретін күн болады екен.
Есдәулет. Кәмилаш... Менің қолым тимей... Жоқ, басқа бір себеп болып...
Кәмила. Сылтауыңды күні бұрын неге тауып қоймадың. Командировкадан келгеніңе неше күн болды?
Сұлтан. Табаны күректей жеті күн. Ал, сендердің көріспегендеріңе аттай үш ай. (Әндетіп.)
«Қайда да жүрсең, ғашық жар,
Болдым саған ынтызар»,—
деген осы екен-ау шіркін.
Есдәулет. Қоя тұршы, Сұлтан. Сен де бір «Жығылғанға жұдырық» деп... Менің келмеген себебім. Өзіңе айтайын деген бір сөзім бар еді. (Сұлтанға қарап, қысылып.) Сен кішкене бара тұршы.
Сұлтaн. Ол ненің ақысына?
Есдәулет. Енді бара тұршы, былай. Нең кетеді. Кәмилашқа айтатын бір сөзім бар еді.
Сұлтан. Бүгінгі жастар өмірге жеңіл қарайтып болып барады. Сондықтан екі ғашық бір-біріне серт бергенде қасында куәсі болуы шарт.
Есдәулет. Апырмай, сен де... қадалған жерден қан алады екенсің... Бара тұршы енді. Тіпті өзің... (Сұлтанды шығарып жібереді. Пауза.) Кәмилаш...
Кәмила ш. Мен саған кейігелі тұр едім.
Есдәулет. Кейімесең қайтеді, Кәмилаш, Дәл бүгін кейімеші.
Кәмила. Менің сенгіштігімді біліп, ақталайын деп тұрсың ғой, тағы да. «Жұмыс көп, қол тимейді!..» Тоқсан тоғыз сылтауың бар.
Есдәулет. Бір де сылтауым жоқ. Иә... Айтпақшы бір ғана сылтауым бар.
Кәмила. Әне айттым ғой.
Есдәулет. Тек сөзімді тыңдашы. Сабыр етші... Мен алыста жүріп тек қана сені ойладым. Мен...
Кәмила. Ойлағаның сол ма?
Есдәулет (толқып). Рас айтам. Кейде кісі қасында тұрған бақытты көрмейді екен. Mен сені осында жүргенде де жақсы көруші ем... Ал енді ана алыста жүргенде көңілім ойсырап, құлазып қалды. Сонда бәрін түсіндім.
Кәмила. Нені түсіндің?
Есдәулет. Бәрін түсіндім. Сенің қандай екеніңді түсіндім. Үш ай бойы сені сағындым.
Кәмила. Мен де сағындым... Сен қайтып келгелі есік қағылса, жүрегім дүрсілдеп қоя беретін болды. Бірақ сен келмедің.
Есдәулет. Келмейін дегенім жоқ, Кәмилаш. Mен көп ойладым. Сенсіз өмір сүре алмайтынымды білдім. Саған келгенде осы шынымды айтпай кете алмайтын едім... Сен оны қабылдайсың ба, жоқ па... Содан қорықтым...
Кәмила (ақырын). Менен қорықтың ба?
Есдәулет. Иә... Кәмилаш, мен сенің рұқсатыңды сұрауға келдім. Сен... сеп не дейсің?
Кәмила. Есдәулет... Мен де... бірақ, аға мен жеңешемнің алдынан өтейік.
Есдәулет. Кәмилаш!.. Өзің риза болсаң...
Кәмила. Мен тіпті білмеймін... Өзі... аяқ астынан... Ойлаған да жоқ едім. Бір түрлі... түсінбей де тұрмын.
Есдәулет. Енді түсінісетін болдық қой, Кәмаш. Ә, әне жеңешең де келе жатыр. Mен одан дәл.қазір рұқсат сұраймын.
Кәмила. А? Жоқ, жоқ, тұра тұр. Кейін...
Есдәулет. Кейінге қалдыратын несі бар. Кәмила (қысылып). Тұра тұршы, Есдәулет. Асықпашы, жүрші, тым болмаса бір айналып келейік.
Есдәулет. Жарайды, ендеше. (Екеуі жүгіріп шығып кетеді. Ақмарал мен Момын келе жатыр. Ақмаралдың қолында іші бутылкаларға сықалған корзинка, өрге қарай шаршаған түрі бар. Момынның екі қолында екі үлкен сумка. Екеуі шыға бере тоқтайды).
Ақмарал (корзинкасын жерге қойып, желпініп). Уһ... Мына құрғыры зілдей екен. Кішкене ентігімді басып алайыншы. (Ағаштың түбіріне отырады.)
Момын (оң, жаққа көз жіберіп). Әне бір жыра дұрыс болар. Өзі көлеңке. Сылдырап бұлақ ағып жатыр.
Ақмарал. Мейлі ендеше... Енді ұзамай-ақ қоялық.
Момын (артына қайырылып). Мыналар да келе жатыр екен. (Дауыстап.) Әй, ана жыраға апарыңдар. Бәрін сонда апарыңдар.
Ақмарал. Шабылып та, сабылып та жатырмыз. Осының бір пайдасы бола ма, Момын?
Момын. А-ай, алтын жеңгесі-ай, әйтеуір бір септігі бола ма деген далбаса ғой. Қазір алып-қашты сөз көбейіп барады. Ұсақ-түйекке бой бермей, талай сыбысты басып-ақ келіп едім. Зоопарктың жұмысшысы мен қызметкерлерінің аузындағы сөз, Білекең екеуміз. Қайдам, аз да болса солардың көмейіне тығын тығып болса...
Ақмарал (күрсініп). Білеубай Білеубай атанғалы мұндай төмендеп көрген жоқ еді. Енді зоопарктың директорлығын да көпсіне ме, бұл жұрт?!
Момын. Ойбай, Ақмарал жеңгесі-ай, жұрт деген күншіл емес пе. Апырай, осы жолы бір коллективтің аузын біріктіріп, бетін оңға бұрып алсақ...
Ақмарал. Иә-ә десейші, өзі кісі көбейіп кетіпті ғой. Бәрін бірдей топырлатпай, нағыз керектілерін неге шақырудың орайын таппадыңдар?
Момын. Соның орайы болып тұр ма, жеңгесі-ау. Біз мұны — бас қосып, мәдениетті түрде дем алу есебінде өткізбекпіз ғой. Көз қылу үшін кісі басы екі сомнан ақша да жинадық.
Ақмарал. Жә-жә, солай де. Бірақ ана дәукестер бар ғой. Солардың өңешіне бір литрден кем құюшы болма. Содан кейін қалай қарап маңырар екен бәлемдер.
Момын. Мен байғұс құйып бағармын-ау. Сіз де былай жадырап жақсы пейіл көрсетіңіз. Ішке тартыңыз жұртты. Жас та болса бүкіл зоопарктің ағасы болған кісі деп, сіздің аруағыңызға жуан бір тосты мен де қақтырын жіберейін.
Ақмарал. Бұ да табылған ақыл.
Момын. Бір қиын адам әлгі ғалымпаз Есдәулет болып тұр-ау. Сол командировкадан қайтып келгелі жұрт тіпті дүрілдесіп барады. Беті қатты көрінеді... Бірақ сол сіздің қайын сіңліңізге көз салып жүр ме, қалай?
Ақмарал. Тә-тә! Солай ма? Емешесі құрып Кәмиланың соңынан жүгіріп жүр еді, қырсығып қарай гөр өзінің. Жо-жоқ, өзге жұртты ығыммен алсам, дәл оны қырыммен алатын шығармын.
Момын. Әп-бәрекелде, алтын жеңгесі, сол қырыңызды көбірек тосыңыз. Ар жағын өзім реттеп көрейін. Әзірге айбат шегіп, рай бермей тұра тұрыңыз. Кәмиланың сіздің сөзіңізді аттап кетпейтінін біледі ғой өзі?
Ақмарал. Е, неге білмесін. Егер білмесе білгізіп қояйын мен оған.
Жүгіріп Сұлтан кіреді.
Сұлтан. Ау, ұғысып болдыңдар ма?... (Момын мен Ақмаралды керіп.) Ғафу етіңіздер. Менің іздегенім қыз бен жігіт еді.
Ақмарал. Һм, қарашы өзін. Отызға келгенше оқу бітіре алмай жүріп қыз деуін.
Сұлтан. Қырықтың қырқасына шығып толықсыған сіз сияқты жеңгем тұрғанда қызы құрсын.
Ақмарал. Жаман адам тілі ащы деп, кесірін қарашы өзінің. Тіпті, шағып сөйлейді.
Момын. Сен жігіт, бері келші.
Сұлтан. Иә, Момын аға...
Момын. Сен өзің бір жағынан жұмыс істеп, бір жағынан сырттан оқып қиналып жүрсің-ау.
Сұлтан. Оқасы жоқ, Момын аға. Төземін ғой.
Момын (астарлы). Екеуміз ескі доспыз ғой. Ақмарал жеңгең де сырттай тепсінгенмен саған бүйрегі бұрып тұрады.
Ақмарал. Мінезі қисық болса да осы қайным өзіме ұнайды,
Момын. Есейіп барып оқу оңай емес. Жақсылап білім алу үшін саған біраз көмек керек сияқты. Мені қойшы, мен қашан да дайынмын ғой. Ал, Ақмарал жеңешеңнің де саған жаны ашиды.
Сұлтан. Маған тым бүйректеріңіз бұрып кеткен екен. Бірақ осының анау — ар жағына кезім жетпей тұр-ау...
Ақмарал. Та-ак, сен немене, шырағым. Ақмарал жеңгең мен Білеубай ағаңның ықыласын таптап кетпексің бе, сонда?!
Сұлтан. Ойбай, құдай сақтасын жеңгесі, менікі тек ойлаған жерлеріңізден шыға алмай қалам ба деген қорқыныш еді.
Ақмарал. Неге шықпайсың. Шығасың.
Момын. «Адам күні адаммен» деген. Дос-жаран адамдар бір-біріне көлеңкесін түсіріп, қол ұшын беріп жүру керек.
Сұлтан (екі ұшты). Бір кезде сол көлеңкеңізді көрген сияқты едім.
Ақмарал. Е, көрсең несіне көткеншектейсің.
Момын. Ол жағын екеуміз кейін ұғынысармыз. Бірақ Ақмарал жеңгең мен Білекеңнің ықыласын сыртқа теппегенің дұрысырақ болар, бала.
Кәмила мен Есдәулет келеді.
Кәмила (Есдәулетке). Сен осылай тұра тұр. Алдымен өзім сөйлесейін.
Есдәулет. Жарайды. Тек батыл сөйле.
Кәмила (жүгіріп келіп, Ақмаралды құшақтап). Жеңеше... Жеңеше... Жеңеше, мен саған бір сөз айтайын ба?
Ақмарал. Ал, айта ғой.
Кәмила. Жеңеше... сен жақсысың...
Ақмарал. Мәссаған, сен оны бүгін ғана білдің бе?!
Момын. Е, Кәмилажан жеңешесін қашан да сыйлайды ғой. Сөзіңізді аттап кеткен жері бар ма еді, осы баланың.
Сұлтан. Ендеше жеңешесі де Кәмиланың сөзін жықпайтын шығар.
Ақмарал. Әй, сендер өздерің бір нәрсені қоқырсытып. келе жатырсыңдар ғой. (Кәмилашқа). Та-ак, не айтайын деп едің маған?
Кәмила. Мен саған... Жоқ, ештеңе емес. Тек сені жақсы көріп кеттім.
Ақмарал. Сол ғана ма?
Есдәулет (тасадан шығып). Сол ғапа емес, басқа да айтатын сөзіміз бар еді, жеңгесі.
Ақмарал. Сен қайдан шыға келдің, әй?
Момын. Ә-ә, Есдәулет... Кәмиланың қуанышының түпкі себебін енді аңғарып қалдым-ау, деймін.
Ақмарал. Сонда қалай?.. Жас жігіт сіз...
Сұлтан. Мен бір нәрсе білсем осы жігіттің үйленгісі келетін сияқты.
Ақмарал. Сонда сіз Кәмилаға сөз салуға келдіңіз бе?
Момын (өзіне). Әп-бәрекелде, қанды басың бері тарт.
Есдәулет. Жеңгесі, біз Кәмила екеуміз бір-бірімізді көптен сүйеміз. Mен алыста жүргенде білдім, Кәмилашсыз маған өмір сүру қиын екен.
Ақмaрал. Е, қиын болса қайтейін.
Кәмила. Жеңеше, Есдәулетті мен де сүйемі. Сеп жақсысың, түсінесің ғой.
Ақмарал. Сен тұра тұр шошаңдамай. Та-ак, мұндай істі ақылмен істеу керек.
Есдәулет. Жеңгесі, мен сізге бар шынымды айтып турмын. Ақылыңыз болса айтыңыз. Бірақ біздің бақытымызға бөгет болмаңыз. Сізді сыйлап, алдыңыздан өтейік деп...
Момын. Қайран, қалада өскен жастар-ай. Араға кісі салып, алыстан орағытуды білмейді, төтесінен қойып қалады-ау, бұлар.
Сұлтан. Түбі үйленетін болғасын төтесі дұрыс.
Ақмарал. Та-ак. Кәмиланың ата-анасының орнын басып отырған біз боламыз. Ендеше қыздың ағасынан неге рұқсат сұрамадың?
Есдәулет. А? һм... Ол кісі былай қиындау ғой... тым серьезный адам. Алдымен сіз бір орайын таба ма деп...
Ақмарал. Өзіңді әшейін бір маубас оқымысты ғой десем, құлығың да бар екен ғой.
Момын. Атамыз қазақ, осындайдың жол-жоралғысы деген бар деуші еді.
Ақмарал. Иә-иә... «Құрғақ қасық ауыз жыртар» деген. Алдымен жеңгеңе көрсеткен сый-сыяпатың қайда?
Кәмила. Сен оқыған адамсың, жеңеше. Сол ескілікті қайтесің.
Ақмарал. Оқысам, пайдамнан қағатын оқуын оқығам жоқ. Ескіліктің де пайдалы жағын алу керек демей ме.
Есдәулет. Сондайы бар ма еді. Қап... Бірақ енді барым сіздікі.
Ақмарал. Жарайды. Тіліңмен жарылқап жатырсың. Бірақ осы сені суқаным сүймеуші еді.
Есдәулет. Оның есесіне мен сізді жақсы көрем жеңгесі.
Ақмарал. Бірақ ана ағаңды онша тәуір көрмейтін сияқтысың ғой.
Кәмила. Қой, ол бекер, жеңеше.
Есдәулет. Жоқ. Ол кісіге менің түк жамандығым жоқ. Тек кейде қызмет жөнінде қақтығысын қалатынымыз болады. Мен Білекеңе істің ретін айтсам... Ол кісі былай қиғаш тартып кетеді. Тіпті кейде бар ғой ұқтыра алмай ыза боламын.
Ақмарал. Жақсы көргенің сол ма?
Есдәулет. Жоқ, мен оны жамандықпен айтпаймын ғой. Жаным ашығандықтан айтам.
Момын. Жігіттің ниеті түзу көрінеді. Қинай беріп қайтесің, алтын жеңгесі.
Сұлтан. Иә, абзалы сіздің құрығыңыздан шықпайтын сияқты.
Ақмарал. Жерде жатқан қыз жоқ, шырағым. Мен әбден көзім жетпей тұрып...
Есдәулет. Мен шын айтам, жеңгей. Тіпті осы тұрғанда бар ғой жұрттың бәрін жақсы көріп турмын.
Ақмарал. Та-ак бұл оңай шаруа емес, шырағым, біз ойланып көреміз. Асықпа, алдыңда талай сын тұр. Кәне, мына заттарды алып жүріңдер. (Есдәулетке.) Мына ауырын сен көтер.
Сұлтан (Есдәулетке). Көтер, көтер. Енді арқаңа не артса да көзіңді жұм да көтере бер.
Бәрі заттарды көтеріп шығып кете береді.
Момын (Сұлтанға). Тоқтай тұр, бала.
Сұлтан (қайырылып). Құлағым сізде, Момын аға.
Момын. Тілің шыға бастапты ғой, жігітім, а?
Сұлтан. О бастан да мылқау емес едім ғой, ағасы.
Момын. Жә, қалжақты қой. Жаңағы бір айтылған сөзді қаперіңде мықтап ұста, білдің бе?
Сұлтан. Сонда менің қолымнан не келетінін білмедім-ау, ағасы.
Момын. Қазір сенің қолыңнан біраз нәрсе келеді. Тек ықыласың болсын. Білекке айтып, сені тексеру комиссиясына әдейі кіргіздім. Ұқтың ба? Мықты бір түйін Есдәулетте тұр. Келгеннен бері назары қатты еді, бірақ бүгін беті бері қарағандай болды ма, қалай. Әйтсе де сену қиын. Соны мықтап қолыңа ал.
Сұлтан. Ол менің айтқаныма көне ме?
Момын. Екеуің мектепте бірге оқыдыңдар. Балалық шақтың өзі адамға әрқашан да ыстық болады. Және Есдәулет бірбеткей өжет болғанмен, аңқау жігіт, бір сенген адамына құлай беріледі. Оның осал жағы осы. Тап сол жерінен ұста.
Сұлтан. Хайуанаттардың сыбағасын сіздер асап қоясыздар да, пәлесіне мен арашашы болуым керек. Осының жай-жапсарына түсіне алмай тұрмын-ау мен.
Момын. Өзің ұмытшақ болып кетіпсің-ау, жігітім. Өткен жылы жүдеп келгеніңде екі жүз сом алған жоқ па едің менен?
Сұлтан. Жазғы каникулда күндіз-түні жұмыс істеп өтейін соныңызды.
Момын. Ақымақ болма, бала. Мен бергенімді қайтып алмаймын. Тек айтпақшы ертең бір-екі қағазға қол қоя салшы. (Қарсыласпа}} болған Сұлтанға). Тссс... Саған зәредей жаманат жолатпаймын. Өзіңді әбден қорқытып жіберген-ау деймін.
Сұлтан. Осыған мені араластырмай-ақ қойсаңыз қайтеді?
Момын. Сен немене, екеуміздің ескі достығымызды ұмыттың ба? Қайтын келіп маған жолыққаның — бақытың бар екен. Егер басқа біреу болса...
Сұлтан. Сізді көрмегелі көп жыл болып еді. Әлі де көрмесем деп едім. Өткен іс өтті ғой. Енді арамызды үзейік, отағасы. Сіз маған еш нәрсе айтқан жоқсыз. Мен еш нәрсе естіген жоқпын.
Момын. Жә, тәлкекті қой. Еркектің сөзін сөйлейтін жасқа келдің. Алдыңда екі жол тұр — содан қалағаныңды ұста, еркің.
Сұлтан. Қандай жол?
Момын. Білмейтін шығарсың. Айтпақшы сенің анкетаңмен танысып едім. Тамаша анкет. Дақ түспеген, тап-таза. Шынымды айтсам сен үшін қуанып қалдым. Бірақ... жазатайым, бір-екі пунктін толтыруды ұмытып кеткен жоқпысың?
Сұлтан; Басқа біреу болса бір сәрі, бірақ дәл осыны маған сіздің айтпауыңыз керек еді ғой.
Момын. Мұны тірі жанға айтпауыма әбден болады. Тек өзің қиқаңды қойып, ойланып көр. Ойлан, бала...
Сұлтан. Жарайды... Бір жолға дегеніңді істейін, бірақ алды-арты осы болсын.
Сұлтан ауыр ойда шығып кетеді.
Момын. Ал, Есдәулет, жан-жағыңды түгел орап көрейін. Қалай бұлқынып шығып кетер екенсің. Ым... Асқақсың ғой. Шляпіңді теріс кигізбесем... Момын атым құрысын... Иә, иә... Істің әзіргі бет алысы бөтен емес...
Білеубай кіреді.
А-а, Білеке, келіп қалдыңыз ба?
Білеубай. Ал, қалай жұрт жиналып жатыр ма?
Момын. Келетін жұрт түгелденді-ау деймін. Енді бастай береміз бе, қайтеміз?
Білеубай. Ұйымдастыру мәселесі қалай? Алдымен басшы қызметкерлерді жинап мәжіліс өткізу керек еді.
Момын. Не жөнінде, Білеке?
Білеубай. Демалысты және көңілді түрде өткізу жөнінде. Осы мероприятиені өткізу жайлы жасаған планың бар ма? Әкелші.
Момын. Жоқ еді, Білеке. Жоқ-емес-ау, былай қағазға түсірген жоқ едік.
Білеубай. Мұндай үлкен мәселеге жауапсыз қарағаныңыз қалай, Момын жолдас? Мен сізге сеніп жүрсем... Ендеше жазып алыңыз. (Момын блокнотын суырады.) Бірінші мәселе, демалыс мәдениетті түрде өтуге тиіс. Бейбастақтық болмасын.
Момын. Жаздым.
Білеубай. Екінші, демалыс ұйымдасқан және көңілді түрде өтуге тиіс. Айтпақшы, халықаралық жағдайдан лектор шақырттың ба?
Момын. Мен гармонь алдырып едім. Бірақ лектор шақырту есіме келмепті, Білеке.
Білеубай. Гармонь алдыруды ұмытпайсыз да, лектор шақыруды ұмытып кетесіз. Бұл қалай? Демалысты кісі осылай ұйымдастыра ма екен? Осындай үлкен нәрсені самолетке салып жібергенсіз. Жарамайды, Момын жолдас, жарамайды.
Момын. Ғафу етіңіз, Білеке. Менен бір білместік болған екен, басында сізбен ақылдасып алмай... Осының бәрі басшылық қызметте болып көрмегеннің кесірі.
Білеубай. Содан соң төртінші пунктке жаз. Жұрт сырт киімін тастап, алқам-салқам, жеңіл-желпі жүрмесін.
Момын. Жаздым, Білеке. Айтпақшы бірінші тост сізге беріледі ғой. Мәжілісті өзіңіз ашып жібересіз бе?
Білеубай. Менің сөйлейтін сөзім қайда? Жазып әкелдің бе?
Момын. Әкелдім, мінеки. (Қойынынан қағаз әпереді. Білеубай көзілдірігін киіп, іштей оқып тұр.) Өзі сәл ұзақтау болып кетті ме, білмеймін. Бірақ сіз коллективке біраз ой-пікір айтады ғой деп...
Білеубай. Шырағым-ау, мынаның ішінде бір цифр жоқ қой. Кварталдық жоспардың орындалуы қайда?
Момын. Былай енді жиналыс емес, демалыс күнгі серуен болғандықтан, сіз коллективпен жақынырақ сырласады ғой деп... сіздің көңіл-күйіңізді жазып едім. Жұрттың өзін ішке тартпаса қиын боп тұр ғой.
Білеубай. Бір есептен бұ да дұрыс екен. Қазіргі ұран басшылықты бұқараға жақындату, көппен ақылдасып істеу боп тұр ғой. Абзалы, халыққа жақын болу керек.
Қалған бір сумканы алуға Есдәулет келеді. Еңкейе бергенде,
Білеубайды көріп, қасына келіп амандасады.
Есдәулет. Сәлематсыз ба, Білеке...
Білеубай. Сізбен бір сөйлесетін сөзім бар еді, Есдәулет.
Есдәулет. Қулағым сізде, Білеке. Мен де сізбен бір сөйлессем деп жүр едім.
Момын. Менің бөгетім жоқ па?
Білеубай. Бөгетіңіз жоқ.
Момын. Бөгет болатын адам енді келді білем.
Қолында бір четвертушка арағы, бір тұтам колбасасы бар Василий Лукич кіреді.
Василий Лукич. Бастықтарға сәлем.
Момын. О, Василий Лукич, сіз тіпті әбден ерте кірісіп кетіпсіз ғой. Осы еркін мінезіңіз ұнайды маған.
Василий Лукич. Жоқ мен өзіме тиісті сыбағамды алып, аулақ кетіп барамын.
Есдәулет. Оныңыз не, Василий Лукич. Бізді тастап қайда барасыз?
Білеубай. Сіздің коллективтен бөлініп кетуіңіз қалай, жолдас Синицын?
Василий Лукич. Мен өзім көппен бірге екі сом ақша Төледім. Оған келетіні — осы ғана. Ал, әкелген дүниелерің ағыл-тегіл көрінеді. Ондай пәледен мон аулақпын.
Момын. Артық еш нәрсе жоқ қой, Василий Лукич. Ay, мекеме емеспіз бе, местком бар. Өйтіп-бүйтіп...
Василий Лукич. Мен месткомның мүшесімін. Местком араққа ақша бөлген жоқ.
Момын. Осы өз сыбағаңызды-ақ ішерсіз. Бірақ көппен бірге болсаңызшы.
Василий Лукич. Кісі бір қызып алғансын бұл құрғырды өлшеп отырушы ма еді. Кәрі адамды күнәға батырма, шырағым.
Момын. Осының бәрі маған деген қырсығыңыз ғой, Василий Лукич. Болмаса өлшеп-пішетін не бар.
Василий Лукич. Мен сені тексеретін комиссияның мүшесімін. Ал, біреуді тексеру үшін, ед алдымен өзіңнің артың таза болу керек. Мұнда бір гәп бар, шырақ. Сау бол. (Шығады.)
Есдәулет (пayзадан кейін). Василий Лукич не деп кетті?
Момын. Не деуші еді. Қырсығы ғой істегі жүрген. Әдейі жұрттың ортасына іріткі салып, коллективті басшылыққа қарсы қоймақ боп жүр.
Есдәулет. Дәл осыныңыз бекер болар.
Білеубай. Жоқ бекер емес, Қамбаров жолдас. Ол қашан да кісінің беделін түсіріп, кекетіп жүретін әдеті. Ал, сізге айтайын дегенім, сіз де сол сияқтылардың ықпалына түсіп барасыз.
Есдәулет. Бұл сөзіңізге түсінбедім, Білеке.
Білеубай. Түсінбесеңіз, қай-қайдағы өсекке еріп, мекемеге сөз келтіріп, иеге жұртты босқа дүрліктіресіз?
Есдәулет. Ол өсек емес сияқты.
Момын. Есдәулет-ау, асықпай, әр нәрсенің байыбына барып көрсеңізші. Сіз жас адамсыз, кейде ыстықтай қауып қаласыз.
Білеубай. Сіз жас та болсаңыз, мекемедегі басшы қызметкердің бірісіз, Қамбаров жолдас. Бірақ, сіздің үстіңізден қарайтын директор бар. Ал, соның басынан асып іс істеу — қызмет бабына қиғаш келеді. Бастықтың жетекшілік рөлін жоққа шығару болып есептеледі. Ұқтыңыз ба?
Есдәулет. Ғафу етіңіз, Білеке. Сіз мені түсінбей жүрсіз. Біздің ойымыз, қайта сіздің жұмысыңызға көмектесу. Өзіңіз-ақ ойлаңызшы — соңғы кезде хайуанаттар жүдеп кеткен. Рацион дұрыс берілмеген. Мұны - қалай тексерусіз қалдырамыз?
Білеубай. Алып-қашты лақапқа бола бүкіл қаланы шулатып, мекеменің берекесін кетірмексіңдер ғой, шамасы. Осыдан сөз қозғап кететінін ойладыңдар ма? Ондай көмектерің өздеріңе!..
Ақмарал мен Кәмила кіреді.
Кәмила (жүгіріп келіп Білеубайды құшақтап). Көке, өзің ренжіп тұрсың ғой?
Білеубай (Кәмиланың маңдайынан сүйіп). Ештеңе емес, Кәмилаш.
Кәмила. Ренжімеші, көке. Селі ренжіткен адамның сазайын өзім берем.
Білеубай. Өзің тіпті маған қорған болуға жарапсың ғой, Кәмилашым.
Ақмарал. Ал, кәне, асқа жүрсеңіздерші.
Білеубай (Есдәулетке). Егер осы бетіңізбен кете беретін болсаңыз, онда мәселені басқаша қоюға тура келер. Жұрттың арасына іріткі салуды доғарыңыз.
Кәмила. Есдәулет, көкемді сен ренжіттің бе?
Ақмарал. Тоқта... тоқта... (Есдәулеттің бетіне қарап.) Әрине, осы болмай кім болушы еді.
Есдәулет. Жоғау, мен... мен жәй...
Ақмарал. Неге жәй болсын. Артында бір қоңырсыған пәлесі болмаса осындай болушы ма еді.
Ентіге басып қартаң әйел кіреді.
Қартаң әйел Ойбай-ау, қайда жүрсіңдер? Қан сорпам шықты ғой сендерді ізден. Ана жақта пәле боп қалды ғой.
Момын. Не боп қалды?
Қартаң әйел Бәдік-ау, не боп қалдысы несі. Бәрің мұнда асыр салып жатқанда — ана жақта арыстан өліп қалды.
Білеубай. He дейді?
Есдәулет. Не деп тұрсыз?
Қартаң әйел Бәдік-ау, мені ойнап айтып тұр дейсіңдер ме?
Есдәулет. Түсіндіріп айтыңызшы, қалай болды?
Қартаң әйел Қалай болғанын қайдан білейін, қайным-ау. Мана таңертең мына Момын қайным жіберген бір тоқтының етін апарып бере салдым. Өзі аппақ май екен. Тым болмаса бір сорпалық та алып қалғаным жоқ. Mен байғұс қазынаның дүниесіне өлсем жоламаймын ғой. Соны жеп алып еді. Енді жаңағы бір әзірде астын құрғатайын деп келсем сұлап жатыр. Шарбағының ішін тазартып болып, енді астын сыпырайын деп түрткілесем — тұрмайды. Бәдік-ау, бұғап не болған деп, айналып келіп, тұмсығынан түрттім, тырп етпейді. Тіптен бар ғой, қыбыр етсе бұйырмасын. Сөйтсем өліп қапты. Жаным удай ашып кетті. Шарықтық хайуан да болса зауапарктың патшасындай — бөлек еді ғой.
Ақмарал. Қой, сенің өзің оята алмаған шығарсың.
Қартаң әйел. Келін-ау, арыстанды бүгін көрді деп тұрсың ба, мені. Тіптен түгін сипап көрдім ғой. Мұп-мұздай.
Ақмарал. Жә, болар. Немене сонша дабыра қылып, жиналған жұрттың шырқын бұзба.
Қартаң әйел Бәдік-ау, тышқан емес, мысық емес, таудай арыстан өліп жатқанда, оны қай жеріме тығып қоям. Жұрттың шырқын бұзба дегені несі маған.
Есдәулет. Арыстан аштан өлген.
Ақмарал. Әй, есің дұрыс па, сенің?! Бір тоқтыны соғып алған арыстан аштан өлуші ме еді.
Момын. Мүмкін ол күпті болып өлген шығар.
Василий Лукич кіреді.
Василий Лукич. Жұрт қайтамыз деп жатыр. Машинаға руқсат етсеңіздер.
Есдәулет. Айтпақшы біз нағып тұрмыз осы. Тезірек жетейік те. Мұны тексерусіз қалдыруға болмайды. Жүріңіздер.
Білеубай. Ay, мына пландалған мероприятием қайтеміз? Сорвать етеміз бе?
Василий Лукич. Қалған тойды арыстанның басында көрерміз. Жүріңіз, Білеубай Маусымбайч.
Бәрі кете береді.
Ақмарал. Ойбай, Момын-ау, пе боп кетті? Есіл дүниені далаға төгеміз бе?! Тоқтатсайшы, аналарды.
Момын. Менің қолымда не тұр, жеңеше-ау. Қарғыс атқан арыстан өлетін күн таппағандай ...дәл бүгін... Қап!.. Қап!..
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Зоопарктың бір түкпірі. Шамасы кеңседен қашық болмас. Сахнаның оң жағына таман қиғаштау скамейка тұр. Бұл ара, әдетте жұрт салқындап, дем алатын саялы бұрыш сияқты,— қарағаш, терек аралас өскен. Шымылдық ашылғанда Есдәулет пен
Сұлтан ақ дастарқан жабылған столды көтеріп келе жатыр.
Сұлтан. Осы бір жерге қойсаң қайтеді. Нағыз саялы жер екен.
Есдәулет. Өзімнің де көздегенім осы жер еді. (Екеуі столды дұрыстап қойып жатыр.)
Сұлтан. Кабинетіңді тастап далаға шықтың, мұның атын ие дейміз? Ғылымды өмірге жақындатудың жада жолы ма?
Есдәулет. Осы ыстықта тымырсық кабинетте кісі жұмыс істей ала ма? Тіпті басың қаңғырып кетеді.
Сұлтан. Ай, бұл жер де саған жайлы болса .жарар еді. Мінекей, тірі қалған жалғыз арыстаныңның да клеткасын жақындатып қойыпсың. Ақырып пәле қылмаса...
Есдәулет (столдың үстіндегі қағаздарын жайғастырып жатып). Арыстанның маған бөгеті жоқ.
Сұлтан. Сен өзің жас та болсаң әпенделеусің. Соған қарағанда түбі мықты ғалым болатын түрің бар-ау деймін. Енді барлық лабораторияңды осы араға тасытасың ба?
Есдәулет. Неге? Тек кешегі анализдерді ғана қарап шығам.
Сұлтан. Әлгі ангор ешкісі мен еліктен туған будан лағыңды көрдім. Ал, сол әредіктің неге керек болғанына түсінсем бұйырмасын.
Есдәулет. Сен не деп тұрсың?! Ангор ешкісінің қасиеті — бауырындағы түбіті емес пе. Ал оның жартысын жайылымдағы шөңге, тікенек, шоқайна алып қалып жүр. Әттең, осы тұқымға еліктің ұзын сирағын, ангор ешкісінің жібектей түбітін берсек... Ешкінің сирағын ұзарту керек, бауырым.
Сұлтан. Сирағын ұзартарсың, бірақ түбітінен айрылып қаласың ба деп қорқам.
Есдәулет, А? Жоқ, айрылмаймыз. Әрине бұл ұзақ тәжірибе. Он шақты ұрпақтан барып шығады. (Қиялданып.) Табиғаттың зор байлығының бірі хайуандар дүниесі. Бұл ғажайып дүние. Адам баласы ғасырлар бойы соның азғантай ғана түрін қолға үйретіп игілігіне жарата қалған. Ал, қалғандары ше?.. Түзде жортып, босқа жүр! Жұрт біздің зоопаркке тек қызық көруге келеді. Бұл қызың емес байлық. Біз сол байлықты игеруіміз керек. Екеуміздің өміріміз ғана емес, үрім бұтағымызға жетерлік жұмыс бар, Сұлтан, сен тек оқуыңды бітірші. Ал, біздің тәжірибе жасап жүрген зубр — сиырлар ше? Ол ертеңгі күні тонналаған ет емес пе! (Оңыс ойланып.) Бірақ сопың кейінгі көрсеткіштері теріс болып жүр.
Сұлтан (сыр тартып). Оның себебін неден деп ойлайсың?
Есдәулет. Рацион... Қалай тексерсең де сол рационғa келіп тіреледі. Ақыры келіп арыстанды да аштан өлтірді.
Сұлтан. Қой, арыстан аштан өлмеген шығар!
Есдәулет. Сойын тексеріп көрген жоқпыз ба? Сеп пе айтып тұрсың осы?
Сұлтан. Менің айтып тұрғаным: егер арыстан аштан өлсе сен қатынсыз қаласың. Сондықтан оның ауырын өлгені дұрыс.
Есдәулет. Сап-сау арыстан сонда қалай ауырады?
Сұлтан. Ең аяғы тымау тисе де...
Есдәулет. Сен не көкітіп тұрсың осы? Арыстанның ешқандай дерті болған емес. Мен бұл дүниеден бойдақ өтсем де оның аштан өлгені рас... Айтпақшы сен осы сөзді қайдан шығардың?
Сұлтан. Кеше түнде түс көріп едім. Қой, мен орындықтарды әкелейін. (Шығады.)
Есдәулет ұмтыла түсіп). Тоқта... Өзі ылғи шалыс сөйлейтінді шығарыпты. Былай ауысын... әлде өзін психиатрға көрсету керек пе екен?..
Білеубай мен Момын сөйлесіп келеді.
Білеубай. Алдымен жоғарғы жақтың пікірін білейік. Мен Сайекеңмен сөйлесіп келейін. (Есдәулетті көріп.) Сіз мұнда не істеп жүрсіз?
Есдәулет. Жұмыс істейін деп...
Білеубай. Кабинетіңіз қалай? Қайда?
Есдәулет, Тіпті ысып кетті. Тымырсық...
Момын. Саялы бақтың іші... Шынында да ғылыми қызмет үшін таптырмайтын жер екен.
Есдәулет. Мен әлгі арыстанның қазасы туралы актының бір данасын сізге жіберіп едім.
Білеубай. Жоқ, сен өзіңіздің ұшқалақтығыңызды дәлелдедіңіз.
Есдәулет. Арыстанның аштан өлгенін дәлелдедім.
Білеубай. Жоқ, сіз өзіңіздің ұшқалақтығыңызды дәлелдедіңіз.
Есдәулет. Жоқ, Білеке, біз асықпай мықтап тексердік.
Білеубай. Бірақ қорытындыны асығыс жасағансыз. Сіз осыған саяси-әлеуметтік тұрғыдан кез жіберіп, ар жағын ойлап көрдіңіз бе?
Есдәулет. Ойлағанда... енді осының себебін ашын, айыпты адамды жазалау керек емес пе?
Білеубай. Мінекей, сіздің саяси шалалығыңыз. Жұмысты өрге бастыру үшін не керек алдымен? Мекемеге абырой, басшыларға бедел керек. Ал, мекеменің абыройын өзіміз төгіп, басшылықтың беделін өзіміз таптасақ — сонда бұл зоопарктың жұмысы қалай өркендейді? Болашағы не болмақ?
Есдәулет. Ay, енді сонда арыстанның өлгені...
Момын. Арыстан деп дардай қылғанмен өзінің арғы атасы мысық екен ғой, тәйірі.
Есдәулет. Тіпті сол мысық өлсе де далада қалдыруға болмайды. Білеке-ау, осының себебін ашудан біз неге қашамыз?
Білеубай. Сіздіңше, арыстан не үшін керек? Зоопарк үшін. Ал, үкіметке арыстан қымбат па, зоопарк қымбат па? Зоопарк қымбат. Сонда бір арыстан үшін зоопарктың ойран-ботқасын шығарамыз ба? Жоқ, басшы қызметкерлер ондай жауапсыздыққа бара алмайды. Біліп қойыңыз, бір арыстан үшін зоопарк басшыларын компрементация жасатып қоя алмайды олар. Арыстан, арыстан дейсің, тіпті қырық мың қойды қырып алғанда да ауданның абыройын сақтап қала білгенбіз. Сондықтан есіңізде болсын, арыстан аштан өлген жоқ, ауырып елді.
Есдәулет. Жоқ, Білеке, аштан өлді.
Білеубай. Жоқ, ауырып өлді.
Есдәулет. Аштан өлді деймін, Білеке.
Білеубай. Жоқ, ауырып елді. Mен қазір Сайекеңе барам. Алдымен сол кісінің пікірін білу керек. Егер Сайекең ауырып өлді десе, арыстан ауырып өлуге тиіс.
Есдәулет. Ау,- ол кісі арыстанның өлігі тұрсын, тірі кезінде де көрген жоқ қой.
Білеубай. Басшы адам сіз бен бізден әрегірек көреді, Қамбаров'жолдас. (Шығады.)
Есдәулет (ере шығып). Сіздің мына пікіріңіз тіпті теріс. Әділет пен шындықтың жолы басқа...
Момын (жалғыз). Бар, бар. Ескіден қалған қара тоқпақ мүжіліп бітіпсің-ау сен де. Үлкен кәдеге жарамасаң да сабың сынғанша төмпештей берші. Мүмкін бір септігі болар.
Екі орындық көтеріп Сұлтан кіреді.
Сұлтан. Ә, сәлематсыз ба, Момын аға.
Момын. Бала, сенің бет алысыңды әлі байқай алмай жүрмін-ау. Әлде үндемей жүріп тындырып жатқан бір нәрсең бар ма? Шыныңды көрсететін кезің болып еді ғой.
Сұлтан. Өз бет алысымды өзім де байқай алмай жүрмін.
Момын. Есіңде болсын, екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді.
Арыстан ақырады. Бажылдап, шырылдаған дауыс естіледі.
Ойбайлаған Ақмарал сахнаға жүгіре шығып,
Момынның құшағына құлайды.
Ақмарал. Ойбай, өлдім. Құтқар!..
Момын. Жүрегіңізді басыңызшы, жеңгесі...
Ақмарал. Ойбай... аһ... уһ...(Көзін ашып.) Момынбысың? Уһ... Mен тірімін бе?
Момын. Тірісіз, тірісіз жеңгесі.
Сұлтан. Әзір елетін түріңіз жоқ. Қорықпаңыз.
Ақмарал. Уһ, жан-ай. Зәре-құтым қалмады ғой. Әлгі арыстан өліп қалды ден шулап жүргені қайда?
Сұлтан. Бұл басқасы.
Ақмарал. Біреуінің өзі зәремді зәр түбіне жіберді, екеу болса не жанымыз қалады. Тура тордан атылып шыққандай боп көрінгені.
Момын. Көңіліңізді басыңыз, жеңгесі. Апырай, жүрегіңіз нашарлау еді.
Сұлтан. Сіз бекер шошығансыз, жеңгесі. Қайта арыстан сізден қорықты.
Ақмарал. Не дейсің?
Сұлтан. Бүгінде арыстанның аузыңдағысын Ақмарал тартып жейтін болған.
Ақмарал. А-а?..
Момын (Сұлтанға). Жә, доғар. (Ақмаралға.) Бұл оттай береді. Жеңгесі, үйден жайша шығып па едіңіз?
Ақмарал. Ойбай-ау, қазір үйде отыратын кез бе! Сенде де шаруам бар. Бірақ әлгі Білеубайды іздеп жүр едім. Кеңсесіне барсам кетіп қалыпты.
Момын. Білекең былай қарай кетті. О кісі нығыз басатын адам ғой. Шарбақтан шыққанша қуып жетесіз.
Ақмарал. Ендеше қуып жетейін. (Момынға.) Саған қайтып айналып соғамын. (Асығыс шығып кетеді.)
Момын (Сұлтанды бөгеп). Бері кел, бала. Сенің түтініңді енді танығандай болдым.
Сұлтaн. Танысаңыз несін сұрайсыз.
Момын. Оның себебі — әлі де анықтайтын нәрсе көп. Жә, ежірейме. Құр әшейін түгіңді тікірейтіп, маған сыртыңды ғана тосасың. Өйтіп әуре болма, сенің ішіңдегіні көріп тұрмын мен.
Сұлтан. Қоқан-лоқымен алмақсың ғой, солай ма?
Момын. Қоқан-лоқы деген ақымақтардың айласы. Mен шолақ қулықтың адамы емеспін, достым. Сен қазір қайда барарыңды білмей жол айрықта тұрған жігітсің. Өткен өмірің олай тартса, қазіргің былай тартады.
Сұлтан. Енді мені әурелемесеңіз қайтеді?
Момын. Жә, тәлкекті қой, әр нәрсенің төлеуі болады. Өткеніңнен төлеусіз құтыла алмайсың. Менің істеген жақсылығымды ұмытып кетіпсің ғой өзің?
Сұлтан. Жоқ, ұмытқаным жоқ. Оны ұмытпаймын.
Момын. Сен немене, сол ісің үшін мені кінәлағың келіп тұр ма? Соңғы рет передача апарғанымда риза болып, алғыс айтқаның есіңде ме? Мен сонда аянып қалғам жоқ едім. Сенің адвокатыңа қанша ақша Төлегенімді білесің бе? Он жыл кесетін жерден бес жылға түсірткен сол емес пе еді?
Сұлтан. Оныңыз рас. Ал, бірақ түптей келгенде...
Момын. Түптей келгенде мен сені зорлаған жоқпын. Білімің шамалы, қызметің шағын, айлығың азғантай болды. Ал, бірақ анау-мынау дөкейден кем жұмсағың келген жоқ. Саған аңша керек болды, мен ақша тауып бердім, саған қызық керек болды, мен қызық тауып бердім. Енді қандай қолқаң бар?
Сұлтан. Өзіңіз мені басынан складқа қойып алып...
Момын. Қойсам ше?.. Тиімсіз жер ме еді?! Саған басынан жақсылық ойлап, егер жейтін болсаң — резинкеге ине сұғып алғандай ізін білдірмей же, деп ескерткенім есіңде ме?
Сұлтан. Иә, есімде. Сіз маған көп нәрсені ескерттіңіз. Ол кезде мен мектеп босағасынан жаңа шыққан бала едім. Бірден сіздің қолыңызға түстім де...
Момын. Ендеше қазір ер жеттің. Енді қиқаңдама. Ерекше сөйлесеміз. Біріншіден, анау Синицин шалдың ашқанын сен жоққа шығарып отырсың. Ақылың жетпесе менен сұра. Екіншіден, Есдәулет... Есдәулетті мықтап қолыңа ал. Ол сенгіш. Әсіресе саған сенеді. Айтып ем ғой.
Сұлтан. Ал егер оның сенімін ақтай алмасам қайтем?
Момын. Сен немене? Мені тәлкек қылмақсың ба? Әлде менің жалғыз сенгенім сен ғана деп бұлданғың келіп тұр ма? Алдыңда екі жол бар деп ескертіп едім. Түсінбеген екенсің. Ендеше түсіндірейін. Бірінші жол — жұрт көзіне осы жақсы қалпыңмен жүре бересің. Бұл жерде ешкім сенің бұрынғы өміріңді білмейді. Сыйлы боласың. Оқуыңды бітіресің. Ал қаражат жағынан сені тарықтырмаймын.
Сұлтан. Бұл жолыңыз маған қиындау болмаса...
Момын. Ендеше оңай жолын қала. Мен сенің бұрынғыңды паш етемін жұртқа. Әрине ол үшін сені жұмыстан қуып та жібермес. Бірақ саған ешкім сенбейтін болады. Көзіңе айтпаса да «ойбай, ол сондай адам», деп желкеңнен көрсетеді. Есіңде болсын, кірерге тесік таппайтын кезің болады. Қимағаның Есдәулеттің сенімі болса, одан да жұрдай қылам. Ит тиген сүттей жиренетін болады сенен. (Сұлтан үнсіз.) Одан да басыңды сергелдеңге салмай, іске кіріс. Менде сенің есең кетпейді.
Сұлтан ауыр оймен үнсіз шығып кетеді.
Момын (жалғыз). Я, қалт-құлт етіп аралыққа тұрған жайың бар, жігітім. Қай жағымыз қаттырақ тартсақ, солай қарай құлайсың ғой түбі.
Ақмарал кіреді.
Ақмарал. Уһ, ағаңды ұстай алмай қалдым. Енді саған деген шаруамды айтып кетейін. Бері келші, Момын. Осы жақын арада бұрын ағаңмен істес болған мықтылардың басын қосайын деп едім. Ойбай-ау, әлгі арыстанның әлегін басуға менің өзім кірісіп кеттім ғой, қазір. Білеубайды қойшы, тымырық қой ол, ебі жоқ.
Момын. Мұныңыз табылған ақыл екен, жеңгесі.
Ақмарал. Бас қылын Сайекең мен Байекеңді шақырамыз. Ал, Сайекеңе бас тартып, Байекең құр қалса — қып-қызыл шатақ болады. Сондықтан осы сенбіге үйге екі тоқты жібере салшы. Соны айтайын деп келіп едім.
Момын. Апырай, бірден екі қой сойсаңыз, былай көзге түсіп жүрмесе...
Ақмарал. Ойбай-ау, олар әйелдерімен келеді. Әйел заты сыншыл да, күншіл де болады ғой. Онсыз да Ақсиса мен Батсайы маған мұрнын шүйіріп шекесінен қарайтын болып жүр.
Момын. Рас айтасыз, әйел заты күншіл болады.
Ақмарал. Ойбай-ау, бәрі арығын білдірмес деп, солардан қонақасымды асырып, кеуделеріне бір шықсам деген арман ғой менікі.
Момын. Мұныңыз дұрыс-ау, жеңгесі. Бірақ, қазір тұс-тұстан сөз тұтанып тұрған кезде...
Ақмарал. Иә, сонысы бар екен-ау. Бірақ епті едің ғой, бір амалын тапсайшы. Апырай, жайларына қарап жүрсе қайтеді екен, осы жұрт.
Момын. Мен де соны айтам-ау. Білекең сияқты беделді адамнан ит-құстың жемін қызғанған соң не сұрайсың бұлардан.
Ақмарал. Әлгі Есдәулет дегені сенің соңыңа түсуін қойған жоқ па, әлі?
Момын. Иә, түп қазық сонда тұр.
Ақмарал. Тә-ак. Ендеше тағы да бір қырыма алып көрейін, бәлемді!
Момын. Жеңгесі, енді тактиканы өзгерту керек.
Ақмарал. А?.. Тактиканы деймісің?
Момын. Иә, енді қырыңызды емес, сыйыңызды көрсетіңіз. Рұқсатыңызды берін, жылы шыраймен ішке тартып көріңіз.
Ақмарал. Апырай, соны суқаным сүймеуші еді. Бірақ қызы құрғырдың өзі де ындыны құрып бара жатқандай, көйлек-көншегін тіккізіп асығып жүргені.
Момын. Бірден құлай да кетпеңіз. Ықылас білдіріңіз де, былай ұзын арқан, кең тұсауға салып соза тұрыңыз. (Кәмила кіреді.) О, кімді айтса сол келеді деп... Кәмаш айналайын, өзің көңілдісің ғой.
Кәмила. Жаңа ғана партнойдан шықтым. (Дөңгелене билеп көйлегін көрсетіп.) Қалай, жараса ма?
Момын. О, құйып қойғандай.
Ақмарал (үңіле қарап). Қыз үлбіреген жас болса, оның үстіне сұлу болса неге жараспасын. Тә-ак, сәл белі төмендеу ме?
Кәмила. Осы күнгі мода солай, Есдәулетті көрмедіңдер ме?
Ақмарал (ұнатпай). Немене, шошаңдап оны өзің іздеп жүргенің! Жігіт соңынан жүгірген қыздың қадірі болмайды.
Кәмила. Есдәулет мені бәрібір жақсы көреді.
Ақмарал. Сөз болғаныңа. Қыз деген шіркін жігіттің ындынын кептіріп, емешесін құртып тұрса ғой.
Момын. Кәмаш қарағым, жеңешең ақылды тентек емес ие, сендерге ризашылығын беріп тұр.
Кәмила. Рас па, жеңеше? (Ақмаралды құшақтап.) Айттым ғой, сен жақсысың деп...
Ақмарал. Сен қыз бір қисайсаң кісіге бой бересің бе? Ай, өжетсің-ау.
Момын. Тек жеңешеңнің бір тілегі бар, Кәмилаш. Баршылықта өскен баланы қаудырап тұрған қуыс бөлмеге қалай кіргізем. Есдәулет тезірек қимылдап, пәтерін, үй ішінің жабдығын жөндеп алсын дейді.
Ақмарал. Момын дұрыс айтады. Сөйтсін алдымен.
Кәмила. Қойшы, жеңеше, сол дүние-мүлікте тұрған не бар.
Ақмарал. Мынаң қара. Білеубайдың жалғыз қарындасын жайдақ бөлмеге түсіріп, мені жын қағып па.
Момын. Жеңешеңді ренжітпе, Кәмаш қарағым. Есдәулеттің қазір жағдайы көтермесе, біз көмектесерміз. Ондай жақсы жігіттен өз басым еш нәрсе аямаймын.
Кәмила. Бізге еш нәрсенің керегі жоқ. Қайта жоқ болғаны қызық.
Ақмарал. Мынау не дейді?! Сонда қу тақырға бармақсың ба, қуарған қыз?
Кәмила. Бізге еш нәрсенің керегі жоқ. Өзің көкеме тигенде екі жастық, бір көрпе, бір шайнек, үш кесем болды деуші едің ғой.
Ақмарал. Ойбай-ау, онда Білеубайдың Білеубай болмай тұрған кезі ғой. Сен өзің қазіргі шыққан жеріңнің кім екенін білесің бе?
Кәмила. Білем. Көкем де жақсы, сен де жақсысың. Ал маған тек Есдәулеттің ықыласы болса болды, басқа еш нәрсенің керегі жоқ. Жүгіріп шығып кетеді).
Ақмарал. Айттым ғой, ағасына тартқан қайсар деймін. Бір қыңырайса бұл қыздың бетін бұру қиын.
Момын. Бір есептен жаңағы шаруаны Есдәулетке Кәмиладан гөрі сіздің айтқаныңыз өтімдірек болар.
Ақмарал. Солай ма? Ай, өзі күтімсіздеу, әңгүдік нәрсе ғой. Сол қуарғаннан бір нәрсе шықса жарар еді-ау.
Момын. Жеңгесі, біздің халіміз қазір қиындап тұр. Бізге керегі сол жігіттің қалтасының құрғақ болғаны, түгін тікірейтін, маңайлатпай жүргені тазалығы ғой. Әттең, өңешінен бір-ақ рет өткізіп жіберетін күн болса... Илеген қайыстай болар еді. Сонда ол сіздің де тісіңізге жұмсақ болады. Ал, сіз Есдәулетке салмақты мықтап салыңыз да... маған қарай итеріңіз. Одан басқа жол жоқ. Ұқтыңыз ба, жеңгесі?
Ақмарал. Ұқтым. Апырай, мына бас тегін жаратылмаған екен. Онда пәле-жаладан ада болар едік-ау.
Пробиркалар салған коробка көтеріп Есдәулет кіреді.
Коробкасын столға қояды.
Есдәулет. Ә, Сәламатсыз ба, жеңгесі.
Момын (Есдәулеттің қолын қысып). Құттықтаймын, достым, құттықтаймын.
Есдәулет (аң-таң). Бұл ненің құрметі?
Момын. Қуаныштарың ұзағынан болсын, достым. Мына Ақмарал жеңешең сендерге ризалығын беріп тұр. Бұ кісі айтқасын Білекең де қарсы болмайды ғой.
Есдәулет. Рас па, жеңеше? Рақмет сізге. Кәмиланы әке-шешесінен артық баққан адамсыздар. Сіздерді ренжіту маған да қиын болып жүр еді.
Ақмарал. Жарайды, енді. Бірақ өзің кісіге жуыспайтын әңгүдік жігітсің.
Есдәулет. Жеңеше, мен тіпті сіздің үйден шықпас ем. Тек кейде өзіңіз...
Ақмарал. Бақытың бар екен жігіт. Мына Момынға рақмет айт.
Есдәулет. Апырай, сіздің маған жаныңыздың ашығаны...
Момын. Сіз мені түсінбей жүрсіз ғой, Есдәулет.
Ақмарал. Туыс болмағанмен Момынның бізге бөтендігі жоқ. Бұ да бір қайнағаң, біліп қой.
Есдәулет. Сондайы бар ма еді. Мұның өзі бір түрлі...
Ақмарал. Селің өзің не деп күмілжітіп келе жатырсың?! Әлде бізді олқы көріп тұрсың ба? Олай болса...
Есдәулет. Қойдым, қойдым!.. Тек былай... Жоқ-жоқ, мен сіздің өміріңізге бағынам, жеңеше...
Ақмарал. Тә-ак, ертең маған соғып кет. Сөйлесетін сөзім бар.
Есдәулет. Келейін, жеңеше.
Ақмарал. Ал, сау бол.
Момын. Сау болыңыз, Есдәулет.
Ақмарал мен Момын шығады.
Есдәулет. Кәмилаш!.. Кәмилашым!..
Ыңылдап әндетіп, ақырын билеп кетеді. Этажерка көтеріп Сұлтан кіреді. Есдәулет Сұлтанның қолындағы этажерканы алып, дөңгелене билеп барып, орнына қояды.
Есдәулет. Ал, құттықта, достым, мемі!
Сұлтан. Қазақ көп оқыған адамды оқу ұрып кетеді деуші еді. (Өз шекесін түртіп.) Өзің аздап... былай...
Есдәулет. Жоқ, Сұлтан. Той болады жақында.
Сұлтан. Ә-ә... Құтты болсын, досым. Қос қамытты қабаттап киген екенсің.
Есдәулет. Қос қамытың не?
Сұлтан. Бір қамытың болашақ әйелің болса, екінші да мыт — қайын жеңгең. Әсіресе, Ақмаралдай қамыт мойныда ауыр тимесе неғылсын.
Есдәулет. А?.. Қойшы, тіпті бес қамыт болса да мейлі. Мұның атын... бақыт дейді.
Сұлтан. Мен бақыттымын..
Сұлтан. Бақыт деген көрмеген нәрсем еді. Сөйтсем ол көбелектей ұшып-қонып жүрген қыз екен ғой тәйірі.
Есдәулет. Сен Кәмилашты білмейсің. Жоқ. Ол тамаша қыз. Сеп оның мінезін жеңілтек дейсің. Жоқ. Ол бала мінезді. Қалтқысыз ақ көңіл, сәбидей кіршіксіз таза.
Сұлтан. Сен немене, лабораторный анализден өткізіп пе ед оны?
Есдәулет. Мен жүрегімнің анализінен өткіздім. Сен білесің бе, Сұлтан, тек шынайы адал адамдар ғана кісіге ақтарыла сенеді. Ал, Кәмилашқа сенбеуге болмайды.
Сұлтан. Сенім... Егер... сенімің алданса ше?
Есдәулет. Жоқ, алданбайды. Мен сенбеймін, егер шып сенсем алданбаймын.
Сұлтан. Иә, жігітім, өзіде деген сенімің мол екен.
Есдәулет. Өзгеге де солаймын. Екі ұшты дүдамал өмір — өмір емес, қорлық.
Кәмиланың он салған даусы естіледі.
Есдәулет. Тоқта. Кәмилаш қой.
Сұлтан. Ал, енді лирика басталды. Қой, сендердің араларыңа шыққан тікенекке ұқсамай кетейін.
Кәмила (сырттан әндетіп).
Әуенімен шақырып ән шырқады,
Арманымның аяулы ақ сұңқары
Бірге қонып бақшаңа сайрайыншы,
Махаббаттың манаурап атсын таңы.
Сүйемін сені мәңгілік,
Сүйемін, сәулем, шын сырым,
Естіртіп тұрмын ән қылып,
Жүректің тәтті дүрсілін.
Есдәулет (әндетіп).
Қайда жүрсің, қайдасың, Кәмилашым,
Жалғыз өзің мен үшін ар имансың.
Тартынбашы, тіл қатшы, жақындашы,
Сүйеді-ау деп бұл жүрек тағы илансын.
Кәмила кіреді. Екеуі әннің қайырмасын қол ұстасып қосылып айтады.
Кәмила. Есдәулет, мен саған...
Есдәулет. Естідім, Кәмилаш. Бәрін білем. (Аймалап.) Бүгін бұл жалғанда бізден бақытты адам жоқ.
Кәмила (Есдәулеттің құшағынан босанып). Сабыр етші, Есдәулет.
Есдәулет. Кәмилаш...
Кәмила, Есдәулет, мен саған бір ойымды айтайын. Ренжімейсің бе?
Есдәулет. Жоқ... Өзің бір түрлі боп тұрсың ғой. Сен мені сүйесің бе, Кәмилаш?
Кәмилаш. Сүйемін, Есдәулет. Бірақ... сен сабыр етші. Мен айтатын сөзімнің басын қурай алмай тұрмын. Есдәулет. Иә?
Кәмила. Мен сені сүйемін, Есдәулет. Бірақ... қорқамын.
Есдәулет. Неден қорқасың, Кәмилаш?
Кәмилаш. Бүгін үй ішінің рұқсатын алғанда қуанып кетіп ем. Бірақ артынан ойлан қарасам. Сені жақсы көргеніме мәз болып, осы күнге дейін еш нәрсені ойламаған екем.
Есдәулет. Нені ойламапсың?
Кәмила. Өмір туралы ойламаппын. Білем, білем, Есдәулет. Сен мені жақсы көресің, мен де сені жақсы көрем. Бірақ осы бүкіл өмірімізге азық бола ма? Мен саған әйел ғана емес, серік болуға, өмірлік жолдас болуға жараймын ба? Осыдан қорықтым. Бұрын тіпті ұшып-қонып жүріп ойламаппын.
Есдәулет. Жарайсың, Кәмилаш. Ертең оқуыңды бітіресің. Екеуміз бірге жұмыс істейміз, бірге жүреміз. Жоқ, өмірден сенен артық серік іздемеймін, Кәмилаш.
Кәмила. Рас айтасың ба, Есдәулет? Менің мінезім жаман. Көкемнің баласы болмады да мені қатты еркелетті. Уайым-қайғысыз, .алаңсыз өстім. Осы күнге дейін ерке бала сияқтымын. Сен маған ұрсып қой, жарай ма?
Есдәулет. Жарайды. Ал, ендеше қазірден бастап, маған жәрдемші болуға кіріс.
Кәмила. Әміріңдемін, ғалым жолдас. Не бұйырасыз?
Есдәулет. Кәне, ер соңымнан. (Қолынан тартып, құшақтап сүйеді.) Сәулем...
Кәмила. Қой, біреу көріп қалар.
Есдәулет. Мейлі керсе көре берсін, кімнен жасырынамыз.
Екеуі қол ұстасып шығып кетеді. Екінші жақтан қартаң әйел мен Момын келе жатады.
Қартаң әйел Момын қайным-ау, мен бейбақ пәтер сұрап қақсағалы қанша уақыт болды. Күштілер мен ептілер алып жатыр. Шіретіп келіп, тақала бергенде кейін қарай сырғытын жібереді. Арқа сүйейтін азаматың болмағансын... Мен қайбір қарық болғанымнан ит пен құстың боғын сыпырып жүр дейсің. Тым болмаса үстіңде күркең болмағансын...
Момын. Жеңгей, мен сіздің жайыңызды ойламай жүргенім жоқ. Қолдан келер іс болса аянып қалмаспын-ау.
Сұлтан кіреді. Сөзге араласпай тасалау тұрып қалады.
Қартаң әйел Білемін ғой, білемін ғой, қайным. Сенің жақсылығыңды ұмытсам құдайымды да ұмытармын. Соңғы кезде біз сияқты кем-кетікті мүсіркеп жүрсің. Оныңды ұмытып маған не бопты. Тек күле қараса, көйлегіне жамау сұрайтын біреу екен деп ойлама.
Момын. Адырай, қолқаңыз тым қиындау болып тұр-ау, жеңгесі. Пәтер дегенді азаматтың азаматы ала алмай жүр. Бірақ әнді жақсылық қылсаң бүтін қыл деген. Сізге бір орайын табайын.
Қартаң әйел Қолыңнан келегін жігітсің ғой, сөйтіп бір күш салшы, садағаң кетейін.
Момын. Өзіңіз білесіз, жұрт деген күншіл болады ғой. Осы күні мені ептеп сөз қылып жүр. Ал, сізді шақырып сұрай қалса хайуанаттарға жем уақытында толық беріледі деп айта саларсыз.
Қартаң әйел Е, айтайын, қайным. Сол құрғырлардың не ішіп, не жегенін кім біледі дейсің. Ит-құсты тіпті адамнан артық мәпелейтін болдық қой.
Момын. Жеңгесі, өзі аса қиындау нәрсе, бірақ сізге екі айдан қалдырмай пәтер алып берем.
Қартаң әйел Тәңір жарылқасын, қайным, осы жақсылығыңды өлсем ұмытпаспын.
Момын (папкасын ашып). Айтпақшы, жеңгей, сіз мына бір қағаздарға қол қоя салыңызшы.
Қартаң әйел Бәдік-ау, ол ие нәрсе.
Момын. Әлгі сіздің хайуанаттарға берілген азық қой.
Қартаң әйел Алған сайын қол қоюшы едім ғой.
Момын. Кейбір ұмыт қалғандары бар екен. Еш нәрсе етпейді. Қол қоя салыңыз. Одан сізге келіп-кетер еш нәрсе жоқ.
Қартаң әйел Мейлі ендеше.
Момын (қағаздарын тосып). Мына жерге. (Қартаң әйел қол қояды.) Енді мына жерге. Мына жерге де қойып жіберіңіз. Енді мынаған.
Қартаң әйел. Бәдік-ау, мынауың тіпті көбейіп кетті, түбінде бір кінәраты жоқ на өзінің?
Момын. Жоқ, еш нәрсесі жоқ. Тек керекті қағаз болғансын. Енді мына араға... Мына жерді тастап кетпеңіз. Енді осы бір жерге қойып жіберіңіз.
Қартаң әйел (қол қойып жатып). Қайдам, әйтеуір пәлеге қалып жүрмейін тек. Мұның өзін дукамент дейтін көрінеді ғой.
Момын. Жоқ, жеңгей, мен тұрғанда сіздің бетіңізге ешбір шіркеу тимейді. (Папкасын жинап.) Тек керекті қағаздарды түгендеп қояйын дегенім ғой.
Тасадан Сұлтан шығады.
Сұлтан. Момын аға...
Момын. А-а... Сен осында ма едің?
Сұлтан. Иә, осындамын. Сізбен сөйлесуім керек.
Момын. Бір есептен болғаның да жақсы. Сөзің оңаша ма еді?
Сұлтан. Иә.
Лукич кіреді.
Василий Лукич. О, бастыққа сәлем. (Қартаң әйелге.) Амансың ба, құрбым.
Қартаң әйел. Амансың ба, Лукаш.
Момын. Сәлематсыз ба, Василий Лукич. Бірақ, қазір бастықтың үлкені сіз болып тұрсыз ғой. Тергеуге алып апшымды қуырып барасыз.
Қартаң әйел. Лукаш-ау, сен бе едің тексеріп жүрген. Е, мен жоғарыдан бір мықты келіп қалған шығар десем.
Василий Лукич. Мені қомсынып тұрсың ба, құрбым. Өзіңді де осы комиссияға қосып алсақ деп едім...
Қартаң әйел. Қой, ойбай менен аулақ. Mен қол қоюдан басқаға жарамаймын.
Василий Лукич (Сұлтанға). Жас жігіт, сенің өзің жұмысқа көп араласпай жүрсің ғой.
Сұлтан. Мен сірә ревизор болып жарытпаспын. Білімім жетпейді.
Василий Лукич. Мүмкін батылдығың жетпейтін шығар. Ақ пен қараны ажырату үшін институт бітірудің керегі жоқ.
Момын. Сіз, Василий Лукич, жұмысшылықты қойып тергеуші болатын-ақ орайыңыз бар.
Василий Лукич. Тергеушінің үлкені, халық, шырағым. Егер соның тезінен аман өтсең прокурор дегенге пысқырмауыңа болады.
Момын. Әйтеуір қалай да болса — біздің тағдыр сіздің уысыңызда тұр ғой. Құдай оңдап актыға қол қоятын күні төсектен оң аяғыңызбен тұрғайсыз.
Василий Лукич. Менің сол аяғым да мықты. Жас кезімде солдатта болғанмын. Абзалы артың таза болса еш нәрсе жұқпайды. (Қартаң әйелге.) Құрбым сенде бір азғана сөзім бар еді.
Қартаң әйел. Менде ме?
Василий Лукич. Иә.
Момын. Түсінемін, түсінемін, Василий Лукич. Тексерілмеген саңылау қалдырмайын деп жатырсыз-ау.
Қартаң әйел Бәдік-ау, сонда мені де тексересің бе, Лукаш?
Василий Лукич. Сені тексеріп қайтейін, құрбым. Екеуміз бір-бірімізді қажағаннан не шығар дейсің. Басқа бір шаруам бар. Бері жүрші. Абзалы кәрі адамдар тезірек тіл табысып кетеді. (Қартаң әйел екеуі шығады.)
Момын. Аһ, залым шал. Жан-жақтан түк қоймай тіміскілеп келе жатырсың. Тоқтай тұр, саған да бір зауал табылар. Сенің де өңешің біреу емес шығар.
Сұлтан. Момын аға, сізден бір өтінішім бар.
Момын. Иә.
Сұлтан. Осындай іске әлгі әйелді араластырмаңыз. Жетім-жесір адам, пәлеге қалдырып жүрерсіз.
Момын (астарлы). Оқасы жоқ, мұндай қағазға сен де қол қойғансың. Жедел өзіңе тапсырылған шаруаны орындауға кіріс. Сен толғанып болғанша жаңағы шал істі тындырып қоюы мүмкін.
Сұлтан. Момын аға, тағы да өтінемін, араластырмаңыз жаңағы кісіні. Бала-шағасы бар. Болмаса менен көмек күтпеңіз.
Момын. Ақымақ. Мен сені ана жақтан ысылып, жол біліп қайтқан шығар десем, бұрынғыдан бетер былжырап кеткенсің бе, немене. Көңілшек болсаң көгермейсің, шырағым. Кісі жаны қиналғанда қолға түскен қарудың бәрін жұмсайды.
Сұлтан. Дәл осы қаруды жұмсамай-ақ қойсаңыз қайтеді?
Момын. Мен саған жігіт деп сөз айтып тұрсам... бері қара, екеумізді тағдыр қосқан. Біле білсең мен сені жақын тартып, жақсылық ойлаймын. Ақылың болса үлесіңнен құр қалмайсың. Біз кіретін саңылау бітеліп болған жоқ әлі. Біреу олақ, біреу осал, біреу аңқау, біреу сұм, біреу мақтаншақ, біреу қорқақ, біреу сенгіш, біреу күдікшіл. Әркімнің бойынан бір саңылау табылады. Біріне еппен келсең, біріне өктем кел, біріне тікенектей қадаласың, біріне жібектей жұмсақ бол. Бірақ есіңде болсын, ешқайсысын аяма, ұқтың ба?
Сұлтaн. Ұқтым, отағасы.
Момын. Менің сенен қызғанатын еш нәрсем жоқ. Қайта серік бола ма деп, үміт артын жүрген жігітімнің бірісің. Абзалы менің жолдасым көп болмайды. Зердең болса, бір нәрсені түйерсің. (Шығады.)
Сұлтан (жалғыз). Нағыз бір түйіпсіз болмасам, өзім де бір нәрсені түйетін жерге жеткен сияқтымын.
Шымылдық алдына Момын мен Ақмарал шығады.
Ақмарал. Момын-ау, орныңнан алады деген хабар рас па?
Момын. Иә, Жеңгесі, істің бет алысы солай боп тұр.
Ақмарал (назданып). Бұл анау шал мен Есдәулеттің ісі ғой. Сол жексұрынды күйеулікке теліп... сен де...
Момын. Ойбай-ау, мен қайтейін. Қайын сіңліңіз емес пе, ындыны құрып, қулап түскен.
Ақмарал. Бүйткен қызы құрысын. Соларды жұмыстан қуып жіберіңдер деп Білеубайға да қақсадым. Басынан тақымды батырғанда...
Момын. Бүгінге тақым деген адыра қалды ғой. Оны айтасыз, торға да - ілігер емес. (Мұңайып.) Білекең Есдәулетке жұмысын тапсырып жатыр. Бірақ ренжімеңіз. Ол кісі белгілі кадр, бұдан алса басқа жұмысқа жібереді.
Ақмарал. Ай, қорқам. Бір орында аялдатпай, тым дедектетіп кетті. Барған сайын құлдилап барады. Бүйте берсе...
Момын. Рас айтасыз. Жақсылықтың нышаны емес. Менің жағдайым тіпті жаманға айналды. Сотқа береміз деп жатыр.
Ақмарал. Сотқа? Сені ме?'
Момын. Иә, алтын жеңгесі. Солай болды жағдай:
Ақмарал. Не үшін?
Момын. Титтей де жазығым жоқ. Аздап ит-құстың аузынан жырып сіздің үйге қарайласқаным болмаса... Менің жамандыққа қия баспайтынымды езіңіз де білесіз.
Ақмарал. Әр қызметкер сендей болса, зоопарк жер жұмағы болар еді ғой.
Момын. Есдәулетке зәредей жазығым жоқ. Мені сотқа беріп отырғаны — Білекеңді мұқатпақ болғаны. Қарауында қылмысты адам болды деген сөз ерсе... о кісіге де жақсы болмас. Сіз Есдәулетпен сөйлесіп көріңізші.
Ақмарал. Сол нахалмен сөйлеспеспін деп едім. Сен үшін амал жоқ. Барайын. Ал, кәне, енді тепкініме шыдап көр, бәлем. (Шығады.)
Момын. (Ойда). Бар... бар... ол саған алдыра да қоймас. Тек әйтеуір жібін босата берші. Қолыңда көзірің бар ғой. Ойната алмасаң да бір соғып қал. Сайтан алғыр, әсем көзір. ә! Бірақ ол көзір менің қолымда күштірек ойнайды. Менің осалдығым ақша еді, ендеше күшім де сол. Оған болмайсың, Есдәулет. Адалсың, асқақсың ғой сен. Сенің де бойыңнан бір саңылау көрдім-ау мен. Саған сыналап кірсем... Әттең, кіршіксізбін деп жүргенде былыққа бір батырып алсам... бар асқақтығыңнан жұрдай болар едің. Сонда маған келерсің, достым. Жиренбейтін боларсың. (Шығады.)
Шымылдық ашылғанда зоопарк директорының кабинеті.
Стол басында Есдәулет, креслода Білеубай отыр.
Білеубай (папкадағы қағаздарды шолып өтіп, Есдәулеттің алдына қояды). Ал, осымен біткен шығар. Енді актыға қол қоя берсек те болар.
Есдәулет. Кішкене күте тұрайық. Бухгалтерия жағындағы тексеру бітсін.
Білеубай. Оның несін созбаққа сала бересің. Менің бір ішіп-жеп қойғаным бар дейсің бе?! (Өзіне.) Түсіп қалған орнымда айналсоқтай беруді жек көруші ем.
Есдәулет. Жоқ. Тіпті ондай ойым жоқ, Білеке. (Стол басынан тұрып кетеді.) Әлгі бухгалтер осының заңы солай дейді. Және сізге де сөз ермесін. (Тыжырынып.) Бірақ... мына Момын жағдайы да...
Білеубай. Оны сотқа беремін деп отырған жоқсың ба?
Есдәулет. Сотқа береміз-ау... Бірақ, осыны сіз басынан қалай байқамадыңыз? Тәжірибеңіз мол, адам танитын кісісіз. Мен де сізге талай айтып ем...
Білеубай. Алаяқ қулар құйрығын ұстата ма! Енді, оның несін қазбалай бересің. Орнымнан түсіп отырғаның да соның қырсығы емес пе?!
Есдәулет. Әрине, сізге қиып. Түсінем... Оның үстіне маған да ыңғайсыз...
Білеубай (кексініп). Өйтіп есіркемей-ақ қой. Бұның әкесіндей қызметтен де түсіп көргенбіз. Құлатуын құлатып алғасын жаның ашымай-ақ қойсын.
Есдәулет. Мен тіпті сізге жамандық ойласам бұйырмасын. Бірақ өзіңіз.
Білеубай. Жә! Бір кезде ел басқарған Білеубайға енді ит-құсты көпсіндіңдер ғой.
Момын кіреді.
Момын. Есдәулет, сізге бір өтініш айтқалы... дұрысында сырласқалы келіп ем.
Есдәулет. Сырласқалы?.. Егер Білекеңнің бөгеті. жоқ болса айта беріңіз.
Момын. Титтей де бөгеті жоқ. Қайта Білекеңнің бірге болғаны дұрыс. Өзіңіз жақсы білесіз, біз үшеуміз бір-бірімізден сыр жасырмайтын жандармыз...
Есдәулет. А?.. Сіз сонда...
Момын. Есдәулет, жас адамдардың қызу болатыны рас. Бірақ сіз тым ыстықтай қауып жатырсыз.
Білеубай. Бұл жігіттің барлық ісі асығыс келеді.
Момын. Тауып айттыңыз, Білеке. (Есдәулетке.) Сіз өлі жассыз. Өмірдің ащысы мен тұщысын татып көрген жоқсыз.
Есдәулет. Тоқтатыңыз... Сонда сіз айтқан әлгі өмірдің ащысын көргенше қылмысыңызды бүркей тұрайын ба?
Момын. Қылмыс та шығар. Ал, түптей келсек қылмыс емес те шығар. Кейде кісінің басында қытыққа тиетін жағдай болады. Жазатайым опық жеп қалмау үшін, осының жан-жағын салмақтап, артына да көз жіберсеңіз қайтеді?.. Mен сізбен татуласқалы келіп едім.
Есдәулет. Татуласқалы?.. Сонда қалай татуласпақсыз?.. Aha... Жоқ, қылмысыңызды бүркейді екен деп ойламаңыз. Қолмен істегенді мойынмен көтересіз.
Момын. Аһ, солай ма? Дәл осы сөзді ашумен айтып қалдың-ау деймін, Есдәулет дарағым. Сырласқалы келдім деп ем ғой. Сабыр етсеңіз сол сырымды айтайын. Түптей келгенде менің өз басымның қылмысы жоқтың қасы. Өзіңізге белгілі Білекең екеуміз дос-жаран адам болдық. Және бір қитұрқысы ол кісі менің бастығым болды.
Білеубай (секем алып). Мынау не көкітіп тұр...
Момын. Сабыр етіңіз, Білеке. (Есдәулетке.) Менің мойныма жазған нәрселеріңіз... Осы кісінің үйіне кірген.
Білеубай. Не соғып тұрсың?!
Есдәулет (ақырып). Сонда қалай кіреді?..
Момын (мырс етіп). Бекер болғай деп құдайдан мен де тіледім-ау. Бірақ амал қанша. Өтіп кеткен іске шаpa жоқ.
Білеубай (шошынып). Өтірік! Жалған!
Есдәулет. Мұның жала! Немен дәлелдейсің?
Момын (Есдәулетке). Білекеңнің қылмысқа араласқаны сізге ыңғайсыз тиді білем. Амал қанша, біздің ойлағанымыз бола бере ме? Мен де қарық болып тұрғаным жоқ.
Білеубай. Өтірік айтып тұрсың.
Момын. Сіздің басыңыз аман қалатын күн болса, мен-ақ өтірікші бола қояр едім-ау. Өзіңізге аян — бұл шындық қой. Үйіңізге ай сайын барып тұрған екі қойды сатып алуға сіз маған ақша берген жоқ едіңіз ғой. Ол анау марқұм арыстанның сыбағасы болатын. Әлде есіңізде жоқ па? Егер ұмытып қалған болсаңыз — үйіңізге қой апарып жүрген адам есіңізге салады. Оған да бас керек. Ал, тиын-тебен жөніне келсеңіз салмақты дәлелдер табылып қалады.
Есдәулет. (таңырқап). Білеубайға. Бұл қалай? Сіз... қалайша? Мынаусы сұмдық қой...
Білеубай (қалшылдап). Сен... сен сұмырайсың... дос болғансып... екі жүзді...
Момын. Ә... «Есепті дос айрылмас» деген. Есебін беріп тұрмын. «Қашарында қашарсың, туарыңда сасарсың» деген осы.
Есдәулет (ауыр ойда). Дүние не боп барады?.. (Білеубайға.) Сіз не айтасыз бұған?..
Білеубай құр сүлдері, сілейіп үпсіз шығып кетеді. Есдәулет әрі таңданып,
әрі қиналғандай ауыр ойда отырып қалады. Есіктен ақырын
Сұлтан кіріп, аңырып тұрып қалады. Есдәулет қиналған сайын,
Момынның ажары кіре береді.
Есдәулет (өзіне-өзі күбірлеп). Кеше ғана тап-таза, инабатты кісі сияқты еді... Шынымен-ақ осындай нәрсеге барғаны ма?.. Мүмкін емес.... Басқасы болса да мынаусы... (Пауза.) Кәмилаш!..
Момын. Сіз біреуді шақырдыңыз ба?
Есдәулет (селк етіп.) А?.. Осында ма едіңіз..
Момын. Енді қайда болушы едім. Сіз қиналып отырсыз ғой. Оған менің сөзім себеп болса кешірім етіңіз. Сізге бір өтініш айтар едім. (Есдәулет еш нәрсе түсінбей, мең-зең қарайды). Өмірдің осындай бір өткелі тар кезеді әркімнің де басына түседі. Бірақ маған қарағанда сіздің халіңіз құдайға мың шүкірлік. Алдан ақылға салып көрелікші. Егер сіз маған қол ұшын берсеңіз, менің жәрдемім сізге өзінен өзі тиеді. Мен аман кетсем, Білеубайға сөз келмейді. Кәмила сіздің бұл жақсылығыңызды өмір бақи ұмытпайды. Оған да өте қиын. Әкесі мен шешесін жоқтатпаған жалғыз ағасы...
Есдәулет. Сіз не деп тұрсыз?
Момын. Ah, өз басыңызға титтей де қауіп келеді деп ойламаңыз. Әр адамның өзінің бір өрлейтін маусымы болады. Төмен қарай құлдырағанда сұқ көздер кеп болғанмен, аты жүріп тұрған адамға кедергі көп болмайды. Және маған ықтияр етсеңіз болды, жым-жылас етіп ізін білдірмей жіберем.
Есдәулет. Сонда қылмысымды бүрке дейсіз бе?
Момын. Жо-жоқ. Білеубайдың ісін бүркесеңіз болды, сонда менікі өзінен-өзі жабылады. Білекеңнің алған қалыңы,— менің киген киімім — осы болсын.
Есдәулет (Сұлтанды енді ғана көріп). Сұлтан сен естіп тұрмысың?..
Сұлтан. Естіп тұрмын.
Есдәулет. Сен пе дейсің буған?
Момын. Ол не деуші еді. Біз екеулеп барлығының орайын келтіріп қойдық. Мына папканың іші толғап документ. Өзі комиссия бастығының орынбасары бола тұра, бұл актыға қол қойған жоқ. Қайта олардың қортындысына жазған қарсылығы бар. (Есдәулетке.) Ендігі сөз тек өзіңізге қалды.
Сұлтан. Mен актыға қол қойып келдім.
Момын. Нe дейсің?..
Сұлтан. Мына папкадағы документтер сізді мүрдем кетіреді.
Момын. Сен қалжыңдап тұрсың ба?.. Бұл қалжыңдайтын жер емес, шырағым.
Сұлтан. Шыным сол. Есдәулет, мынау барып тұрған қылмыскер. Мұның комиссиядан жасырып қалған қылмыстары міне. мына папканың ішінде жатыр. Mен мұны актіге қосамын.
Момын. Сен... сен не сандалып тұрсың. Шын қылмыскердің кім екенін білесің бе, өзің.
Есдәулет, мына жігіт...
Сұлтан. Тоқта... Өзім айтам бәрін. Мен саған айтқандай жер шарлап шетте жүргенім жоқ. Сотталып. айдауда болдым, Есдәулет.
Есдәулет. Сен не деп тұрсың. Бүгін өзі... не боп барады?.:
Сұлтан. Mен бес жыл лагерьде отырдым. Иә, иә... ақша жеп, ұрлық үшін отырдым. Мен ақымақты баулыған мына сұм болатын. Шынымды айтуға сендерден ұялып келіп едім. Жұртқа жексұрын көрінермін деп қорықтым. Мынау да сонымды сезіп, әзірейілдей желкеме мініп алды. Жоқ, жетті енді. Қоянша қорқып, қыпылдап жүріп өмір сүре алмаймын. (Момынға.) Енді маған әмірің жүрмейді.
Момын. Тым батыр болып кеткен екенсің. Жә, өткеніңе салауат десін бұлар, бірақ кейінгіңді қайтесің?..
Сұлтан. Оны да мойныма аламын. (Есдәулетке.) Бұл маған түрмеден жүдеп келгенімде екі жүз сом ақша берін, оның есесіне кейін өтірік накладнойға қол қойдырған.
Момын. Аһ! Солай ма? Ендеше төтесінен келейік. Екеуіңді де түп етектен ұстағанмын. Ғалым жолдас, мен сенің жар сүйем деген тәтті үмітіңді, балдай ұйыған өміріңді ойран қыламын. Ал сен жігіт, келген жеріңе қайта кетесің. Ала кетемін. Менен арзан құтылмақ болған екенсіңдер. Жоқ, оларың балалық болар. Әлі де кеш емес, ойланыңдар.
Сұлтан. Есіңде болсын, мен де сені осал жау деп ойлағаным жоқ. Оңай құтылудың жолын іздесем, сенің торыңа тағы да шырмалып қалады екем. Тұп-тура аяғымды маған аласың сен. Осы арадан ат құйрығын кеспесем кеш болады. Арылуға келдім. Сеп әркімді осал жерінен ұстап, саңылау тауып кіріп аласың да буын құрттай іштей шірітесің. Маған дарыған уыңды өзгеге дарытпау үшін, дарығаны болса арылту үшін — аянып қалады екен деп ойлама, Қайда барсаң да алдыңнан шығамын.
Момын кетеді. Пауза.
Есдәулет. Ашық күпі жай түскендей... Тіпті басым шыр айналып кетті.
Сұлтан. Есіңді жи. Ойлан.
Есдәулет. Білмеймін. Күні кеше ғана бәрі айқын, әр нәрсе өз орнында тұрған сияқты еді. Қазір бәрі шым-шытырық боп кетті. Білеубай анау... Кәмиланың жағдайы мынау... Сен болсаң... күні кеше ойнап-күліп бірге өскен Сұлтан... Сенің тіпті бес жыл айдауда жүргеніңді де білмеппін.
Сұлтан. Білгенде не істер едің?
Есдәулет. Ay, тым болмаса ана сұмырайдан емес, менен неге көмек сұрамадың? Мен саған бар жәрдемімді...
Сұлтан. Мені жарылқамай-ақ қой. Өзім де өлмейтін жасқа жеткенмін. Онан да ана Кәмиланың жағдайын ойла...
Есдәулет. Иә, оның рас. Енді сенің көмегің керек болып тұр. Тіпті басым қатып кетті. Кәмила ағасының жаласын менен көреді.
Сұлтан. Әрине сенен көреді.
Есдәулет. Мен оған жамандық ойлаған жоқ едім.
Сұлтан. Мұныңа сенемін. Ниетің адал. Момын сияқты арам шөпті жұлып тастайын деп едің, оның тамыры жалғасып барып, Білеубайды да қопарып шықты. Енді екеуін бөліп ала алмайсың. Алып қалсаң бірге алып қаласың, жұлсаң бірге жұласың...
Есдәулет. Мен тіпті булай боларын білген жоқ едім.
Сұлтан. Әділет үшін алыспақ боласың... Сонда, тіпті, денеңе таяқ дарытқың келмейді ғой. Жо-оқ, кейде кісінің қансырап та қалатын кезі болады, достым. Білгің келсе адалдықтың да Төлеуі болады.
Есдәулет. Сен немене, менің жер-жебіріме жетіп, онсыз да бір жетісіп отырғандай. Одан да Кәмилаға не деймін, соны айтшы.
Сұлтан. Оны өзің білесің.
Есдәулет. Білсем сенен сұраймын ба? Mен Кәмиланы жақсы көремін. Сүйемін. Онсыз өмірдің сәні жоқ!.. Түсінесің бе, сен?
Сұлтан. Аздан түсінемін.
Есдәулет. Кәмилаға осыны, бәрінің қалай тиетінін білемісің? Жоқ, оған мұны айта алмаймын. Білмеймін... Оның жарасын жеңілдететін басқа бір амалын табуын керек.
Сұлтан. Абзалы сен, ауыр да болса, амалын қойып, адалынан кел. Жалғаннан басталған тұрмыстың қайыры болмайды.
Есдәулет. Сен философия соғасың. Кәмила деген өлі бала. Оны әділет айтып жұбата алмайсың. Ол көкесін ғана біледі. Қимайды. Көкесінің жауапқа тартылуына мен себепкер болдым деп қалай айтам? Қалай түсіндірем?
Сұлтан. Сен өзің Кәмиланы шын сүймеген екенсің ғой.
Есдәулет. Не дейсің?
Сұлтан. Бала, ақ көңіл... Бар аңғарғаның сол ғана бопты. Ақ көңіл адамның бәрі жайдақ, тайыз болады дегенді кім айтты саған.
Есдәулет. Өзің кеше ғапа ұшып-қонған көбелек деген жоқпысың?!
Сұлтан. Оның бәрі жастың шақтың жарасымды мінезі. Есіңде болсын, Кәмила сені мен менен тайыз емес. Әділеттік сезімі оған кітаптан жұққан жоқ, жанына біткен. Әһ, достым, сен әлі Кәмиланы танып болмаған екенсің. Ол кімге болса да әйел ғана емес, өмірлік серік болатын қыз. Бір жігіттің арманы сондай-ақ болар.
Есдәулет. Сен... сен өзің Кәмилаға ғашық болғаннан саумысың?
Сұлтан. Ғашық болып араларыңа түскен кезім болып па еді. Менікі не де болса іште болады. Я, құдай бергенге құлай береді. Абзалы бақытты жігітсің. Әне Кәмила келе жатыр.
Есдәулет. Иә, келе жатыр. Сен тұра тұршы.
Сұлтан (жылы шыраймен). Сені менімен құрдас деп кім айтар. Тұщы етіңе ащы таяқ тиіп көрмеген баласың-ау, әлі. Жә, жігіт бол. Ұмытпайсың, адал адам өзгенің алдағанын кешпейді.
Сұлтан шығып кетеді. Есдәулет жалғыз. Кәмила кіреді.
Есдәулет (ұмтыла түсіп тоқтап). Кәмилаш...
Кәмила. Мен институтқа бармақшы едім. Соға кетейін деп...
Есдәулет. Көптен көрісе алмадың та... Маған да ыңғайсыз.
Кәмила. Сынақ уақыты. Үй ішінің де зықысы кеткен. Көкем болса күндіз-түні, уайыммен меңдеп барады. Тіпті сөйлеуден қалды. Түрін кергенде, жылап жібере жаздаймын. Жеңешем күйіп-пісіп бәйек болып жүр. Бұл орыннан кетсе көкемде бедел қалмайды, енді қайты» көтерілмейді дейді. Сабаққа да көңілімнің қошы қалмады. Экзаменнен құлап қалмасам...
Есдәулет. Кәмилаш... Маған да оңай емес...
Кәмила: Түсінем ғой. Жеңешем бәрін сенен көреді. Біздің жеңешем көкем бастық болса, оның үстінен бастық болуға тырысады. Оның сені жамандауы да содан. Сен жамандық ойлаған жоқсың ғой?
Есдәулет. Ойлаған жоқ едім, бірақ...
Кәмила. Сенің жамандық ойламайтыныңды өзім де біліп едім, әрине осы бір жағдай бәрімізге де оңай тиген жоқ. Аға әкімдікке еті үйреніп кеткен адам еді, оған да қиын. Қайтеміз, әкім емес адам да еңбек ететін шығар.
Есдәулет. Кәмилаш, кешіремісің, білмеймін... мен сенің алдыңда айыптымын... Жоқ айыпты емес-ау... Әй, одан да айыпты болғанымның өзі жақсы еді...
Кәмила. Жоқ, жоқ, оның бәрі түсінбестік. Аға да, жеңеше де түсінеді ақыры сені. Түбі татуласасыңдар. Өзім татуластырам. Тек олар сені ұқпай жүр.
Есдәулет. Ол емес мені қинап жүрген. (Өзіне.) Қалай айтармын. (Пауза.) Кәмилаш... мен саған сұмдық хабар айтқалы тұрмын.
Кәмила (түршігіп). Не дедің, Есдәулет?
Есдәулет. Саған қалай айтарымды білмей көп қиналдым. Бірақ сені алдарқатып жалған айтуға да болмайды екен. Басқа амалым қалмады.
Кәмила. Тоқта... сен не айтқалы тұрсың?
Есдәулет. Кәмилаш... Көкеңнің ісі сотқа түсетін түрі бар.
Кәмила (ұқпағандай, таң қалып). Не дедің?.. Кім сотталады?..
Есдәулет. Кәмилаш... Ол солай болды.
Кәмила (шошынып). Неге сотталады? Кім сотқа берген?..
Есдәулет. Енді... Істің реті... солай... сотқа түсетін түрі бар.
Кәмила. Кім?.. Кім сотқа берген?.. Аһ, сенбісің? (Есдәулет үндемейді.) Жоқ жоқ, олай болмайды ғой. Бекер шығар. (Есдәулет үндемейді.) Неге үндемейсің, Есдәулет? Сен... сен шын айтып тұр екенсің ғой! (Ышқынып.) Аға! Көкем!.. Көкем менің... (Жылайды.) Көкешім... Тағы да жетім далдым ғой...
Есдәулет. Кәмилаш, көңіліңді басшы, қалқам. Сенің азабыңа шипам тисе отқа түсуден тайынбас едім. Бірақ енді...
Кәмила (өз қайғысымен әлек, оның сөзін тыңдамай). Кеше ғана сияқты... Мойныңа асылып, маңдайымнан сүйгізуші едім. Кәмаш жаным деп еркелетуші едің...
Есдәулет. Кәмилаш... Маған да оңай боп тұрған жоқ бұл. Мүмкін... Кім біледі әлі...
Кәмила. А? Үміт бар ма тым болмаса... Маған айтшы жолын. Өзім отқа түсейін құтқара алсам...
Есдәулет. Соның жолы ғой мені де қинап тұрған...
Түтігіп, шаптыға сөйлеп Ақмарал кіреді.
Ақмарал. Ә-ә, жаңа директор, жаңа қудай. Бұрынғың аз болып еді. Ішке кіргенсіп сумаңдап жүріп, Білеубайдың орнын алғаныңа, бір құлатқаныңа місе тұтпағаның ғой. Енді әбден түбіне жеткің келген екен. (Кәмиланы көріп.) Ә-ә, сен де мұнда екенсің ғой. Жақсы болды. Айт, ана ғашығыңа. Екі жүзді қарабет ғашығыңа айт...
Есдәулет. Тіліңізді тарта сөйлесеңіз қайтеді, сіз мәдениетті адам емес пе едіңіз?
Ақмарал. Мәдениетің әдіра қалсын. Басыма күн туғанда сызылып тұрар жайым жоқ. Өртеніп барамын мына сұмдықтан. Осынша жерге шапқаныңа шыдай алмай жүргенімде енді сотқа беремін дегенді қайдан шығардың?! Тоқтат бұл масқараңды.
Есдәулет. Тоқтату менің қолымнан келмейді. Оны өзіңіз ертерек ойлануыңыз керек еді.
Ақмарал. Мынаң қара. Сұмдықтың өзін бүгін шығарып отырсаң мен қалай ерте ойланам. Қолымнан келмейді дейді. Өйтіп жәдігөйсіме, директор болсаң неге қолыңнан келмейді?
Есдәулет. Ол енді... анау заң орнының жұмысы ғой.
Кәмила. Жеңеше! Қойсайшы осы сөзді.
Ақмарал. Міне қызың. Өзіңнің есің дұрыс па, ағаңды біреу сотқа беріп жатса, мен ара түспегенде кім ара түседі?!
Кәмила. Бұл сен араласатын жұмыс емес қой.
Ақмарал. Әй, сен не деп тантып тұрсың. Ода и да айт ана ғашығыңа, егер де сенен титтей үміті болатын болса, тоқтатсын дереу мына масқарасын. Қолымнан келмейді деп соқпасың, саған ғашық екені рас болса, бәрін істейді. Көндір!
Кәмила. Жоқ, мен айта алмаймын. Басымды саудаға салма.
Есдәулет. Ойбай-ау, мен оны қалай тоқтатам... Қылмысты істі заң орны қарайды.
Ақмарал. Қылмыс... Со да қылмыс болып па?! Бастық болған адам азын-аулақ алмай тұрмайды. Өзіңнің де алмай тұрғаныңды көрерміз әлі. Үйленбек көрінесің ғой. Жалғыз айлықпен әйеліңді үлде мен бүлдеге бөлерсің-ақ.
Есдәулет. Осы сөзді қойсаңыз қайтеді?
Ақмарал. Жоқ, қоймаймын. Ендеше бәрін тыңда. Анау қалыңдығыңның үстіндегі асыл көйлек пен мойнындағы алқа аспаннан түскен жоқ. Ол сондайдан келген. Сол үшін ғой сотқа берейін деп отырғаның.
Кәмила. Не дейсіз? Осындай сұмдығы бар ма еді? Неге ғана бұрын ойыма келмеді екен?
Ақмарал. Оның түк сұмдығы жоқ. Ертең анауың да сөйтеді. Одан да көндір ана ғашығыңды.
Кәмила. Арам екен ғой мұнысы. Жоқ, жеңеше, маған енді қолқа салма.
Ақмарал. Екеуің табысқан екенсіңдер ғой. Бұл біріңнің емес, екеуіңнің істерің болды ғой. Ішке кіріп алып құртқан екенсіңдер. Қыз дұшпан деген осы ғой. (Кәмилаға.) Осыған бола ағаңды сатқан екенсің ғой.
Есдәулет. Тоқтатыңыз!
Кәмила. Доғар енді, жетті, жеңеше.
Ақмарал. Жоқ, мен доғармаймын да, тоқтамаймын да. (Есдәулетке.) Жалғыз құлай өзім ғана деп таспа, шала піскен бастық. Білеубайдың қадірі өтетін мықтылар табылады. Көріп алайын сенің әуселеңді! (Шығады.)
Кәмила мен Есдәулет ауыр ойда, үндеспей отырады.
Кәмила (қиналып). Не деп кетті әлгі. Басқа күйігі аз болғандай...
Есдәулет. Кәмилаш, мен не істерімді біле алатын емеспін. Осындай қиын-қыстау кезеңде қасыңда болып... былай енді көмегім тисе — одан артық арманым болмас еді.
Кәмила (өз ойымен әлек). Әлгі жеңешем не деп кетті?
Есдәулет. Ол кісінің мінезі солай... Шайпау ғой. Айта береді.
Кәмила. Сен соқыр адамның қандай болатынын білесің бе?
Есдәулет (Кәмиланың түрінен шошып). Сен пе деп отырсың, Кәмилаш?
Кәмила. Жоқ, соқыр да емес... жоқ, жоқ... сеп сүйсініп ішкен адал асыңның... арам болып шыққанын білсең... сонда... (Басын ұстап, қинала ойланып қалады.) Есдәулет, сен осылай боларын біліп пе едің?
Есдәулет. Тіпті ойда жоқта, аяқ астынан әлгі Момын сұрқия бәрін ақтара салды.
Кәмила. Мен де білмей қаппын. Неткен содыр едім. Көкемнің аяғына оралып, жеңешемнің қолынан неге шап беріп ұстай алмадым. Неге ғана ойбай салмадым. (Мойнындағы алқасын жұлып лақтырып.) Неге керек еді мына жылтырақ... Көкемнің көз жасы.
Есдәулет. Кәмилаш, кішкене сабыр етші. Мен де дал болып отырмын. Не істен, не қоярымды білмеймін. Жазықсыз болсам да сенің қасіретіңе себепші болдым. Кеше ғана талабым тау жыққандай еді... енді бүгін міне жіпсіз маталып... дәрменсіз боп қалдым. (Пауза.) Білмеймін. Бізге ұғысу керек қой.
Кәмила. Ұғысарлық не қалды. Тынған жоқ па?
Есдәулет. Қалай... Апыр-ау, қиын ғой саған. Демеу болар жеңгеңнің түрі анау. Осынша қасірет шегіп, қиналып тұрған шағыңда қалай жалғыз қалдырам, сені?
Кәмила. Қасіретімді де, жалғыздығымды да өзіме берсейші. Өзім көтеремін ғой.
Есдәулет. Кәмилаш, сәулем, шынымен-ақ...
Кәмилаш. Жоқ, Есдәулет. Ағаның айыпты екенін де білем. Сенің жамандық ойламағаныңды да білем. Бірақ әділ жазаны тартып жатса да, кінәлі болса да көкемді қалай ұмытам. Сені көрген сайын оның бақытсыздығы елестемей ме көзіме. От пен судай екі сезімді бітістіру менің қолымнан келмейді.
Есдәулет. Апыр-ай, мені әбден қинадың-ау, Кәмилаш. Мен... мен сені жақсы көрем. Маған сенсіз өмірдің қызығы жоқ, білесің бе?
Кәмила. Білемін. Сен мені жақсы көрдің. Бірақ содан бір-бірімізге жақсылығымыз, шапағатымыз тиді ме? Қайсымыз жақсы бола алдық сонда? Көкемнің түрі анау. Мен болсам жиырмадан асып кетсем де, ақ пен қараны ажырата алмаған ойсыз көбелек екем.
Есдәулет. Білмеймін... Осының бәрі қапырық түс сияқты... Кәмилаш, соңғы сөзді айтпасаң қайтеді. Мүмкін ақталар. Үміт етейік...
Кәмила. Сенің де менен артық жерің жоқ екен ғой. Жалғыз аға қайғысы болып тұр ма мендегі. Неге ұқпайсың. Мен түс көріп оянған. адамдай болып тұрмын. Жасым жетсе де әлпештегенге мәз болып жүре беріппін. Ойламаппын еш нәрсені. Кеше ағаның арқасында болдым, енді одан ауысып сенің мойныңа мініп алсам... Сонда адамдығым қайсы менің. Жоқ, өмірде өр нәрсенің сұрауы болады екен. Соны өтеуім керек. Мен де өз жолымды іздейін.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі