Аллаһтың жақсы климат, мол су, бағалы жер асты қазыналарына, әр түрлі дүние ниғметтеріне бай қылған және теңдесі болмаған отанымыз шынайы мұсылмандарға мұқтаж. Тек шынайы мұсылмандар ғана бірігіп, бірін-бірі іздеп, жақсы көріп және тоқтамай еңбек етіп батыстың ғылымы мен білім дәрежесіне жетіп, тіпті оны да асып, киелі отанымызды лайықты дәрежеге дейін көтеруі мүмкін. Ислам дінінде жамандықтар және зиянды әрекеттер жоқ. Бірақ Ислам дінін жеке пайдасын, саясатын, жаман идеологияларын іске асыруда құрал қылғысы келетін мұнафықтар (екі жүзділер) және адасқан ағымдардың пропогандасын жасап жүргендер бар. Аллаһу та'ала ондай мұнафықтар мен адасқандарды ауыр азаппен жазаландырады.
Шынайы мұсылман — тек дінінің, отанының өрлеуін және халқының пайдасын ойлайтын адам.
Нағыз мұсылман — ешбір жаман пропоганданың тұтқыны болмай, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, дініне және халқына қызмет етеді. Осылайша әрі дүниеде, әрі ахиретте Аллаһу та'аланың құт-берекесіне қауышады. Мұсылмандар ел ішіндегі бірлікке, татулыққа, ұйымшылдыққа көп мән беруі керек. Мемлекетінің дамуы үшін материалдық және рухани тұрғыдан күш-қуат көзіне айналуы қажет. Дін ілімдерін жақсылап үйренуі керек, Аллаһтың және құлдарының алдындағы міндеттерін, борыштарын орындау керек. Исламның көркем мінезімен безеніп, ешкімге зиян тигізбеу керек. Фитна (бүлік) шығармау керек. Дініміз осындай болуды әмір етеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі