«Түлкі өзінің кимейтін киімдерін арзан бағаға сатып жатыр!»-деген хабарды естіп, Қарсақ базарға қарай құстай ұшты. Кедей тұратын Қарсақтың бес баласы бар. Ол тұңғышына 1500тг көйлек, екіншісіне 2000тг шапан, ортаншы ұлға 550тг жейде, төртіншісіне 850тг шалбар, кенжесіне 1150 теңгеге туфли сатып алды. Түлкіге 5000 теңге беріп, қалғанын қарызға жаздырып алды. Қарсақ түлкіге қанша қарыз?
(Жауап: 1050 теңге)
Бүгін құмырсқалар үшін қан майдан – жер үшін соғыс! Жұмысшы қызыл құмырсқалар лек-легімен келіп сапқа тұрып жатыр. Жалпы саны он мың! Қатыгез қара құмырсқалар жиырма мың! Көптен күткен соғыс та басталды. Қиян кескі ұрыста бес мың қара құмырсқа және үш мың қызыл құмырсқа қаза болды. Жеті мың қара, үш мың қызыл құмырсқа ауыр жарақаттанды. Ешкім жеңбеді. Қанша қара құмырсқа, қанша қызыл құмырсқа майданнан сау қайтты?
(Жауап: 4000 қызыл, 8000 қара құмырсқа)
Біздің үйде тышқанның іні бар. Ол жерде ата – анасымен, сегіз тышқан баласы тұрады. Ал қоймада ата – анасымен он бір тышқан баласы тұрады. Бірде оларға қалалық тышқан қонаққа келді. Оның қоржынында он кәмпит, төрт бауырсақ, төрт ірімшік және төрт печенье бар болатын. Қане балалар, тышқандарға базарлықты теңдей етіп бөліп көріңдерші?
Томпи сүйкімді ғана маймылдың баласы. Ол күні бойына манго ағашынан түспей, жеміс тергенді ұнатады. Еңбекқор Томпи міне тағы да үш себет манго жемісін жинады. Әр себетте он манго! Не деген көп! Қуанышы қойнына сыймаған Томпи досы Монтиға жемістерін көрсетіп мақтана бастады. Монти болса өз-өзін ұстай алмай мангоға тап берді. Ол бір себеттен үш манго, екіншісінен екеуін, ал тағы біреуінен төртеуін жеп қойды.
Досының қомағай әрі тәртіпсіз қылығына Томпи қатты ашуланып, жемістерін өзіне тартып алды. Қане, балалар! Сүйкімді Томпида қанша Манго қалғанын бірге есептеп көрейік?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі