Бағбандар
Дияр мен Зара көктем шыға салысымен бақшаға көкөніс егуге кіріседі. Өнім үлкен әрі дәмді болуы үшін көшеттің астыңғы жапырақтары мен артық бұталарын қиып, нәр беретін су сеуіп отырады.
Он литр суға 1л сүт, бор қышқылы, он тамшы иод қосып, бір күнге қалдырады. Сосын таңғы және кешкі салқында, сондай-ақ салқын күндері осы сумен бақшаны жаңбырлатып суарып отырады. Ал өсімдік тамырына қарашірік сеуіп, әрі тамырына бірнеше мәрте топырақ үйіп отырады. Мұны "түптеу" дейді. Түптелген өскін мол әрі құнарлы жеміс береді!
Биыл да балалар бір көшеттен 20 кг қияр, қызанақтан алды! Ал бақшада мың түп көшет бар. Қане балақайлар, егер мың түп көшеттің барлығы 20 кг өнім берсе, балалар неше кг өнім алады? Ал 1000 кг өнімді 150тг-ден сатса, қанша пайда көреді?
Кішкене кәсіпкерлер
Арайлым мен Кәусар өз кәсіптерін бастағылары келіп, бірақ қалай бастайтындарын білмей жүрген еді...! Анасы қыста жейтін салат жасаймын деп, үйге қорап-қорап көкеніс алып келді! Ғаламтордан әртүрлі салаттар мен тосаптардың бейнебаянын көрген қыздар, көмекке кірісіп те кетті! Арайлым ұзынша капустаны төртке бөліп, тұз сеуіп, ыстық суға өлтіріп алып, қызыл бұрыш жағып 20л "шимши" салатын жасады!
Кәусар қара өрікті блендрден өткізіп, оған 1 лимон мен 2 мандарин қосып, 30 л тосап қайнатты! Сосын қыздар 2 литрден 10 банка лечо мен 3 литрден 10 банка тұздалған қияр мен қызанақ жапты! Қыздар қысқа неше литр салат-тосап қайнатты? 300гр шимшиден ұзынша целофан қаптарға салып, әр данасын 200 теңгеден 37 данасын сатса, неше пайда табады?
Кәмила сіңлісі Карина екеуі он сиыр сауады! Әр сиырдан 8 литрден сүт алады. Биыл жазда олар 30кг құрт, 15 кг май, 150 литр сүт сатты...!
Құрттың 1 килосы 1300 тг.
Майдың 1 килосы 1500 тг.
Сүттің 1 литрі 180 тг.
Қыздар бір жазда қанша пайда тапты?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Айсултан
Кушти оте