Ләйлә-Мәжнүн өткен замаңдағы араб әдебиетінің дәуірлеп тұрған кезінде шыққан белгілі бір сұлу дастаны саналады. Бұл дастан дүние жүзіндегі мәдениетті елдердің көбінің тілдеріне аударылған белгілі жыр. Қазақ арасында да «Ләйлә-Мәжнүннің» аты кеп жайылған. Қазақ елінің әдебиетінде ауыз әңгімелерінде «Ләйлә-Мәжнүн», «Жан құрбан», «Кірсіз» ғашықтыққа үлгі, мысал болған нәрсе. Бір-екі адамның ғашықтығын әңгіме қылғанда «Ләйлә-Мәжнүн» сияқты деп аңыз қылысатын.
Сол дәуірлеп тұрған кезіндегі араб елінің бай әдебиетінің ішіндегі «Ләйлә-Мәжнүн» ең сұлу, ең көркем құрылған, ұшқыр қиялды, нәзік сыршылдықпен айтылған ірі дастан. Сондықтан да араб әдебиетін тексерушілердің кезіне алдымен түсетін нәрселердің бірі осы «Ләйлә-Мәжнүн» болатын. «Ләйлә-Мәжнүн» сияқты шығармалар дүние жүзіндегі мәдениетті елдердің ескі әдебиеттерінде бірен-саран ғана кездеседі.
Біз дүние жүзіндегі мәдениетті елдердің белгілі әдебиет шығармаларының бәрімен танысуымыз керек. Оның ішінде, қазақ арасында ғашықтыққа үлгі, мысал болған «Ләйлә-Мәжнүн» дастанымен де танысуымыз керек. Ескілікті зерттеп тексергенде «Ләйлә-Мәжнүн» сияқты бір белгілі дәуірдің қиялын, нанымын, тілегін, ой-өрістерін, жан-сезімдерін, тұрмысын суреттейтін нәрсе үлкен дерек болады. Сондықтан «Ләйлә-Мәжнүннің» қазақшасының кітап болып шыққанын дұрыс көрдік.
Дастанды қазақша өлеңге аударған белгілі ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы.
1935 жыл
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі