Қазақстанда ақындар мүшәйрасы жыл сайын және дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұл қазақ поэзиясының ежелгі дәстүрі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының 115 жылдық мерейтойына арналған «Жүлгесі үзілмеген 115 жыл» атты республикалық ақындар мүшәйрасы жарияланды. Мүшәйраға Қазақстанның барлық аймағынан ақындар қатыса алады. Қатысушылар бұрын жарияланбаған жаңа өлеңдерін ұсынады. Мүшәйраның мақсаты – ұлттың руханиятын, кітап оқу мәдениетін және қазақ поэзиясын насихаттау арқылы қоғамның әдеби-мәдени өмірін жандандыру. Ақындардың шығармашылығына жаңа серпін беріп, үздік туындыларды оқырманға ұсыну және оларды арнайы жинаққа енгізу.
Мүшәйраның жүлде қоры:
І орын – 500 000 теңге
ІІ орын – 250 000 теңге
ІІІ орын – 150 000 теңге
Ынталандыру жүлдесі – 50 000 теңгеден 2 адамға
Мүшәйраға қатысушылардың ең үздік деп танылған туындылары ҚР Ұлттық кітапханасының 115 жылдығына арналған арнайы жинаққа енгізіліп, жарық көреді.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Орынбай Аружан
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
- Ханна Арендт
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі