Сәкен Иманасовқа жылы лебіздер
Иә, Сәкен бірер ауыз өлең жаздым деп қаладан шықпай жұмыссыз жүретін кейбір замандастарына ұқсамайды. Ол Жер-ананың өз бауырынан нәр алып, сол жерді көріктендіре беретін балауса терек секілді... Ауыл өмірін көбірек жазатын жырдағы Тұманбаймен, прозадағы Сайынмен үндесіп жататындығын байқаймыз.
Әбу СӘРСЕНБАЕВ, Қазақ ССР Халық жазушысы
Сәкен Иманасовтың "Алтын аймағы"... елдікпен ерлік. азаматтық пен адалдық жайында жазылған жырлар. Әргі-бергі әдебиет тарихынан тамырлас туынды іздер болсақ. "Алтын аймақ," Александр Твардовскийдің "Бір қиырдан бір қиырын" еске салар еді. Бұл екі дүниеден тақырыптық, көркемдік жанрлық ұқсастық іздеп әуре болмай, авторлық мақсат ұқсастығын қарастыру ләзім".
Қадыр МЫРЗАЛИЕВ, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Ақын Сәкен Иманасовтың поэзиясын оқығанда менің көз алдымда қашан көрсең де арнасы ортаймайтын, мөлдірлігімен, әз әуен, әсем тынысымен айналасындағы тіршілік атаулыны жайдарман, жайсаң күйге бөлейтін тұма бұлақты елестетемін.
Фариза ОҢҒАРСЫНОВА, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
...Қазақ поэзиясында "Менделеев кестесі" бар болса. Сәкен соның бір ұясын бекем мекендеген ақындардың бірі..
Асқар СҮЛЕЙМЕНОВ, жазушы-драматург
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі