Бір кісінің баласы мектептен үйіне қайтып келіп әкесіне сабағын тыңдатты. Баласы сабағын жақсы білген соң әкесі баласын қуантайын деп он тиын күміс берді. Баласы әкесінің берген ақшасына бір нәрсе сатып алу үшін базарға шықты. Жол үстінде ол бір аш, жалаңаш қайыршы шалды көрді. Бала ойлады: керек нәрсем болса, сатып алуға әкем ақша берер. Бұл ақшаны орынсыз жерге жұмсамайын деді де, әлгі қайыршыға берді. Үйіне келіп өткен ісін әкесі мен шешесіне айтты.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі