Өлең, жыр, ақындар

Біздің көрші

Біздің көршіміз жарлы кісі, Ескі кішкене екі бөлмелі үйі бар. Ол балшықтан салынған және төбесі топырақпен жабылған. Бір бөлмесі жабық, таза тұрады. Ол — қонақ үйі, онда келген қонақтары менен әртүрлі іс турасынан кеңес құрады. Екінші бөлмесінде өздері отырады: қатыны, екі баласымен бір қызы. Екі үйде бір ғана жаман пеші бар, соның үшін үй де бек суық болады. Үйіне төсеген жалғыз-ақ киізі бар, көрпе-жастық жоқ. Жатқанда киіз үстіне жата кетеді. Көршінің, қатын, балалары жаман киім киіп жүреді: ескі ситса шапан, без көйлек, етіктері де ескі әм жыртық, ішетіні кірпіш шай. Анда-санда болмаса ет жемейді. Мал дегенде оның бір сиыры, бір аты бар. Сиыры сүт береді, соның үшін балалары оны жақсы көреді. Атыменен көршіміз базарға барады. Көршіміздің қой, ешкі, түйесі жоқ. Көршіміздің өзі дімкәс кісі, жұмыс істей алмайды, балалары жас, мал түлігі болмаған, қызмет ете алмайды. Осы істер жарлылығына себеп пе деп білемін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз