Бір кісінің бес баласы бар еді; балаларының өз арасында татушылығы болмапты. Тату тұрыңдар деп әкесі балаларына әлденеше рет айтқан екен; балалары әкесінің сөзін тыңдамапты. Бір күні әкесі қатты ауырыпты. Әкесі білуші еді: ол өлген соң балалары араздығын қоймаса, еншілерін алып, әрқайсысы өз бетімен кетіп, жарлы болатынын. Татулықтың, достықтың пайдалы екенін балаларына көрсетейін деп, әкесі өлерінің алдында ұлдарын шақырды. «Бірің сыпырғы алып кел» деді. Балалары сыпырғыш әкелді. «Балаларым! Мына сыпырғышты сындырыңдар, деді. Балалары қаншама сындырайын деп тырысса да ешбірі сындыра алмады. Сонда әкесі сыпырғышты алып шешті, бір-бір шыбықтан сыпырғыштағы бар шыбықты сындырды дағы балаларына айтты: «көрдіңдер ме, сендер татулықпен бірге тұрсаңдар, сендерді ешкім жеңбес; араз болып бөлек болсаңдар, сендерді әркім жеңер, аяғының астына басар, қадірлерің кетер, берекелерің қашар, деді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі