Бір кісі бір ат, бір есекке жүк артып жолмен қалаға келе жатты. Есек жүгін ауырлап шаршап атқа айтты: жолдасым, менен бір азырақ жүк алшы, мен көтере алмай өлуге келемін деп. Ат келіп жәрдем етпеді. Жолшыбай есектің халы бітіп жығылып өлді. Сонан соң иесі есектің барлық жүгін, әм терісін сыпырып алып атқа артты. Сонда ат айтты: кінә менде, егер есектен бір азырақ жүк алсам, бұл оқиға болмас еді. Енді, міне, сорлап, есектің барлық жүгін, әм терісін әкеле жатырмын.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі