Сиыр, ат, ит: қайсымызды қожамыз жақсы көреді деп айтысады. Әрине, мені жақсы кереді деп ат айтты! Мен оның соқасын, тырмасын сүйретемін, ағаш, шөбін тасимын, қожаның, өзі мені мініп қалаға және бөтен керек жерлеріне барады, мен болмасам, ол жүдә өлер еді.
Жоқ, қожа меәні жақсы көреді деп, сиыр айтты; мен оның бала-шағасын сүтіммен асыраймын.
Жоқ, мені жақсы көреді деп, ит ырылдады: мен оның барлық мүлкін әм сендерді де ұрыдан, қасқырдан күзетемін деп. Бұлардың бүйдеп тұрғанын қожасы естіп оларға айтты: босқа таласпаңдар; сендердің бәрің де маған керексіңдер, әрқайсыңыз өз орныңызда жақсысыз.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі