Бір жігіттің қалада жұмысы болып, атының арықтығына қарамастан екі жақтан қамшылап шауып келе жатты. Жолшыбай тұра қалып жолыққан бір кісіден сұрады, қашан мен қалаға жетем деп? Сонда жолыққан кісі атына қарап айтты: егерде ақырын жүрсең, кешке жетерсің, егерде мына қалпыңмен қатты жүрсең, ертең осы уақытқа шейін жете алмайсың деді. Бұл сөзге жігіт ашуланып бұрынғы қалпымен шауып кете барды. Біраз жер барған соң аты болдырып, жігіт түні бойы атымен әлек болып, ертеңгі кешке қалаға әрең жетті, жігіт: «мен ақымақтық қылған екем» деді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі