Бір жарлы кісі бай кісіге келіп одан қайыр сұрады. Бай оған ешнәрсе бермей кет десе де, жарлы шығып кете қоймады. Сонда бай кісі жерден тас алып, онымен жарлыны ұрып қуды. Бишара жарлы байдың атқан тасын жерден көтеріп алып қойнына тықты да, былай шығып айтты:
Осы тасты байға атқандай болғанша сақтармын деп. Бірнеше уақыттар өткен соң айтылмыш бай кісінің дәулеті кеміп, қарыздар болып, басы сотқа байланып, ақырында қарағы үйде кіріптар болды. Ертеде айтылмыш жарлы сақтап жүрген тасын алып байға атайын деп келді дағы тұра қалып айтты: бекер-ақ бұл тасты сақтап жүрген екем деп, бұл кісі бұрын бай кезінде одан қорқушы едім, енді бұл қалпында аяймын деді дағы, тасты жерге тастай берді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі