Өлең, жыр, ақындар

Байлық

Бір жарлы жас жігіт езінің бұрынғы мұғаліміне жолығып, өзінің кедейлігі жайынан арыз қылып айтты: менімен бірге оқыған жолдас шәкірттердің біразы бұл кезде байып, біразы халыққа белгілі адам болып кетті, менің бұл уақытқа шейін кергенім ылғи жоқтық деп. «Рас, сен осы айтқаныңдай жарылымысың? Сенің денің сау, жұмыс қылсаң күшің мол, мынау қолыңды бір мың сомға кесуге берер ме едің? деп мұғалім сұрады. «Құдай сақтасын! хатта он мың сомға бермес едім дейді» арыз айтушы шәкірт. Олай болса мен ойлаймын: бүкіл дүниені көріп тұрушы қырағы көзіңді, мықты аяғыңды, дүниедегі еш байлыққа айырбастамайтын шығар деп. Құдай сақтасын! Айырбастамас едім деді жігіт. Сонда мұғалім оған айтты: осыншама байлығың бар бола тұра, неге енді жарлымын дейсің деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз