Әкесі өлерінің алдында баласына өсиет етіп айтты: жақсы тұр, ешкімге жалынба, бөтен біреу саған жалынатын болсын. Және де ішкен тамағың тәтті көрінетін болсын, сонда бай боларсың деді. Әкесі дүниеден қайтты. Баласы әкесі айтқан қалыпша ешкімге жалынбай, жақсы тамақ ішіп, жақсы киім киіп тұрды. Бірақ кедей бола берді. Бір күні ол әкесімен бірге туған ағасына барып, әкесінің айтып кеткен өсиетін айтты. Сонда ағасы оған айтты: сен әкеңнің айтқан өсиетіне түсінбеген екенсің, деп. Сен жұмысқа ерте шық, сонда сен біреуге жалынбайсың, саған біреу жалынады, жұмыстан кеш қайт, сонда саған ішкен тамағың тәтті көрінеді, әм бай боласың.
Сонда баласы әкесінің айтқан өсиетіне түсініп, орнына келтіріп жақсы тұра бастады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі