Бір аю ағаштың ішінде тамақ іздеп келе жатты. Бір мезгілде ол араның ұясын көрді ағаштың басынан. Оны көрген соң қуанып көп ойламай ағаштың басына шыға бастады: ағаштың бас кезінде, араның ұясына жақын салбыратып байлап қойған бір бөрене бар екен. Бұл бөрене араның ұясына жетуге аюға кедергі болды. Аю бөренені аяғымен итеріп жіберіп еді, бөрене кейін кетіп, қайта келіп аюдың басына тиді. Аю әуелгіден гөрі қаттырақ итеріп жіберіп еді, бөрене бұрынғы қалпынша аюды қаттырақ қойып кетті. Аю ашуланып бөренені барлық күшімен итеріп жіберді. Бөрене бір сажиндей кейін кетіп, қайта келіп аюды басқа бұрынғыдан да қаттырақ қойып кетті, аюдың басы айналып ағаштан қулап елді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі