Бір түлкінің келе жатқанда, аңдаусызда құйрығы қақпанға түсіп қалды, құйрығын үзіп өзі әрең құтылды. Бөтен түлкілердің қасында жалғыз өзі шолақ болып жүруге ұялды да, ол барлық жолдастарын шақырып жинап альт оларға насихат айтты: құйрықты сүйретіп жүру неге керек? Сұлу да емес, әм қашан да ыңғайсыз, ауыр, бәріңіз де құйрықтарыңызды кесіп тастаңыздар деп. Сонда жолдастарының арасынан бір түлкі айтты:
— Егер құйрығың бүтін болса сен бұлай айтпас едің-ау, — деп. Мұны естіп бөтен түлкілер күле бастады. Құйрықсыз түлкі ұялып оларға көрінбейтін болды.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі