Өлең, жыр, ақындар

Түлкі мен құмырша

Бір қатын далаға егін ора келіп, құмыршасын сүтімен бір шоқтың түбіне жасырып қойды. Мұны түлкі көрді. Түлкі бұғып келіп құмыршаның ішіне басын тығып сүтті жалап ішіп қойды. Енді қайтайын деп еді, бірақ басын құмыршадан шығарып ала алмады. Түлкі құмыршаны басына киіп алып, олай жүрді, былай жүрді. Ең болмаған соң ашуланып сөйледі: Ау, құмырша, біраз ойнадың, болар, жетер енді мені жібер, мазақ қылма! деп. Құмырша қалмады. Түлкі ашуланды: тоқтай тұр, жақсылықпен қалмасаң, сені суға батырайын! деді. Жүгіріп түлкі өзенге келіп, құмыршаны суға батырды, құмыршаның іші суға толған соң өзеннің түбіне батып кетті, түлкіні әм алып кетті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз