Далада жүгіріп келе жатқан, бір түлкі аңдаусыз да құдыққа түсіп кетіп, қапаланып құдықтың ішінде отырды. Бір теке келе жатып құдықтағы түлкіні көрді де: не қып отырсың, жаным? деді. Түлкі дем алып салқындап отырмын,— деді. Мұнда салқын, қанша ішсең де су мол. Сондай суы жақсы ма екен ? — деді теке. Бек жақсы, таза әм суық деді, түлкі. Егерде су ішкің келсе, мұнда кел! Ақымақ теке құдыққа секіріп. түскенде түлкіні аз-ақ басып өлтірмеді. Түлкі текенің арқасына секіріп шығып, арқасынан мүйізіне шығып, мүйізінен секіріп құдықтан шықты. Отыр енді, ақымақ? солай деді де, түлкі кетіп қалды. Теке құдықтың ішінде өлер еді, бірақ иесі іздеп тауып алды.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі