Өлең, жыр, ақындар

Қоян мен көлбақалар

Бір қоян жылап сөйлейді, дүниеде менен сорлы жоқ, бәрі де менің соңымда: аңшы да, ит те, қасқыр да, түлкі де, қаршыға да, бадырақ көз жапалақ та, ең аяғы қарға да менің балаларымды алып жейді. Бұлайша кемшілікпен күн өткізгенше өлгенім артық деп. Жүгіріп өзенге кетті, суға түсіп өлуге. Өзеннің жағасында отырған көлбақалар қоянның дүсірінен қорқып суға шолпылдап секіріп түсті. Қоян оны көріп тұра қалып ойлады. Менен де қорқатын жәндіктер бар екен бекер өлмейін деп қайтадан ағашқа кірді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз