Тиін бір бұтақтан бір бұтаққа секіріп жүргенде ағаштың түбінде ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлады. Қасқыр қарғып түре келіп, тиінді ұстап алып, сені жеймін, дейді. Тиін өтініп сұрай бастайды: мені бір жолға жібер, деп. Қасқыр айтты: жарайды, жақсы, жіберейін деп, бірақ сен әуелі маған айт, неліктен сендер мұнша шатсыңдар? Мен әруақытта қападамын. Сендерге қарасам, ағаштың басында секіресіңдер де жүресіңдер. Тиін айтты: әуелі сен мені ағаштың басына жібер. Мен сол арадан айтайын, болмаса сенен қорқам деп. Қасқыр тиінді жіберді. Тиін ағаштың басына шығып алып айтты: сен залымсың, соның үшін қападасың, сенің залымдығың жүрегіңді жандырады: біз ақ көңілміз: соның үшін біз шатпыз. Ешкімге жауыздық қылмаймыз, деді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі