Бір арыстан ауырып, үлкен кең апанда жатты. Барлық аңдар оның көңілін сұрап келді. Бірақ түлкі келмеген екен. Қасқырдың түлкімен азғана кемпір назы бар екен. Соның үшін арыстанға келіп айтты: түлкі сені құрмет етіп, тым болмаса халыңызды да сұраған жоқ, деп. Арыстан ашуланып түлкіні шақыртты. Түлкі қасқырдың жамандағанын білді де, арыстанға айтты: маған бекер ашуланасыз, қөңілімді сұрамадың деп, мен сенің ауырғаныңды білген соң бір тыным тапқаным жоқ, саған дару іздеп ауыруыңнан жазатын. Міне жаңа ғана тапқан соң келе жатқаным еді, деді. Арыстан сонда не дару еді сол деді. Сонда түлкі айтты: егерде тірі қасқырдың терісін сыпырып жылыдай жамылсаң арыстан сөздің артына құлағын салмастан қасында тұрған қасқырға бас салып терісін сыпыра бастағанда, түлкі сөзін айтып болмастан күліп, шығып жүре берді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі