Түлкі тырнамен дос болыпты. Бір күні түлкі тырнаны қонаққа шақырды. Тырна келгенде түлкі бір тарелканың түбіне ботқаны жақты да, мә досым, же деп алдына қойды. Тырна тұмсығын тысыр-тысыр еткізді де, аузына ештеңе түспеген соң қойды. Түлкі өзі бәрін де жалап қойды. Бұдан кейін түлкіні тырна шақырды. Ертеңіне түлкі келгенде, тырна нанды турады да, бір горшоктың, ішіне салып түлкінің алдына қойып, же досым, хош келдің деп мойнын ирелеңдетіп тұрды. Түлкі горшоктың бір ол жағына, бір бұл жағына шығып, горшокке басы сыймай иіскелеп жүргенде тырна барлық нанды мойнын тығып жеп қойды. Бұдан былай қарай екеуінің де достығы айрылды.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі