Бір шалшықта бір көкқұтан мен тырна мекен қып тұрыпты. Тырна шалшықтың бір шетінде, көкқұтан бір шетінде. Тырна жалғыз тұруға қапаланып, көкқұтанға барып айтты: мен сені өзіме айттыра келдім. Маған ти, екеуіміз бірге тұрайық деп. Жоқ, саған тимеймін. Сенің жүнін, қысқа, жаман ұшасың және де немен сен мені асырайсың, деп Көкқұтан жауап қайтарады. Тырна үйіне қайтты. Тырна кеткен соң көкқұтан ойға қалды, жалғыз тұру қапа ғой, тырнаға тиейін, екеу болсақ уақыт тез өтер деді де, тырнаға барып, мен саған тие келдім деді. Тырна ашуланып, жоқ, мен енді сені алмаймын, айттыра барғанда тисең еді, деп қайтарды. Ұялып әм ыза болып көкқұтан үйіне келді.
Бұдан кейін тырна ойға қалды: неге мен көкқұтанды қайтардым. Екеу болсақ, қызығырақ болар еді, деп қайтадан көкқұтанға барды да, мен сені аламын, жүр енді біздің үйге деді. Көкқұтан ашуланып: кет енді, ит, шұбатылмай, өзім барғанда алсаң болмас па еді, деді.
Бұдан соң көкқұтан да ойға қалып, тырнаға барғанда, тырна алмай, оның артынан тырна барса, көкқұтан тимей екеуі осы уақытқа дейін әуре болысып жүр.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі