Бір қарға келе жатып, көлбақаны бүріп, көлдің жағасындағы бір ағашқа қонып, жемекке даярланды. Істің жаманға айналғанын біліп, көлбақа айтты: әй қарға, қарға! Білуші ем сенің әке, шешеңді, жақсы құстар еді? дейді. Аузын ашпай қарға «мм» дейді. Апа, қарындас, аға-інілеріңді де білуші ем. Бек әйбәт құстар еді, деді. Тағы да аузын ашпай қарға: «мм» деді. Олар қанша жақсы құстар болсадағы сен менің көзіме артығырақ көрінесің дегенде қарға масаттанып: «қарқ» дегенде аузындағы көлбақасы суға түсіп кетті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі