Күні кешегі «ақ патшаның» сөзін сөйлеп, сойылын соғып жүрген сабаздар, патша тағынан тайысымен шетінен тағы да «елшіл», «жұртшыл» бола қалысты. Буржуазияшыл, ұлтшыл оқығандардың газеті өзінің басшыларын дәріптей бастады. Оларды «қазақ халқының қамқорлары» етіп көрсетіп, осы кенеттен пайда болған кеп «қамқорларды» қазақ халқын өгіздей өрге сүйреп, қолын теңдікке жеткізетін адамдар, қазақ халқын «автономиялы» ел ететін адамдар, «қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған» заман орнатып беретін адамдар деп даурықты.
1916 жылғы қазақ халқының көтерілісі кезінде ол «қамқорлар» империалистік соғысты жақтаған «ақ патшаның әмірін екі етпеңдер» деп патша өкіметі жағына шығып кеткен көтерілісті басушы, жазалаушы отрядтарды қолдаған патша өкіметінің жендеттері еді. Олар бүкіл жұртқа белгілі екіжүзді сұрқиялар еді.
Олар «елім», «жұртым» деген «автономия», «ұлт бостандығы» деген сияқты сөздерді пайдаланды, уақытша үкіметтің жергілікті әкімшілік орындарына орналасты, баспа сөзді пайдаланды, қазақ халқының «қамын жеген адамдар» болып көрініп ауылдың әлді-ауқатты тобын ездерінің соңына ертіп, сол топқа арқа сүйеді.
Олар өз алдына тұрсың бір кезде өздерінің жазған еңбектерінің идеялық мазмұны жағынан менімен бағыты да, сарыны да бір болған ақын-жазушылар да әлгі буржуазияшыл ұлтшылдардың даурықпа сөзіне алданып, солардың жетегіне еріп, байшыл ұлтшылдыққа қарай ауытқыды. Олардың ішінде қазақтың көрнекті ақындары Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев сияқты адамдар да болды. Олар Октябрь революциясына дейін тіпті революцияның алғашқы жылдарында да алашордашылардың шылауында болды. Тек социалистік революцияның әділеттілігіне көзі жеткеннен кейін ғана олар 1919-1920 жылдарда совет өкіметіне қарай ойыса бастады.
Бұрынғы патша өкіметінің отаршыл саясатының ащы зардабын тартқан қазақ халқының бір бөлек көзі ашық деген азаматтары да алғашқы кезде буржуазияшыл ұлтшылдардың лепірген жел сөздеріне еріңкіреп отырды. Бірақ большевиктер партиясының орталық қалаларда шығатын газеттері, журналдары, әралуан саяси кітаптары жалпы саяси жағдайды тез аңғартты.
Большевиктер партиясының соғысты тоқтату туралы, жер мәселесі туралы, ұлт мәселесі туралы, совет өкіметі туралы саясаты қалың халық бұқарасының көкейіне қонымды, сезіміне сіңімді бірден-бір дұрыс саясат еді. Сондықтан да еңбекші бұқара көп кешікпей-ақ буржуазияшыл ұлтшылдардың лепірген жел сөздеріне құлақ аспайтын болды. Еңбекші бұқара совет өкіметін аңсап күтті.
Ұлтшыл оқығандардан ертерек түңіліп іргемді аулақ салған мең олардың қазіргі даурықпайтының көкіме демагогия екенін білдім. Төңірегімдегі кедей шаруаларға ұлтшылдар сөзінің құрғақ демагогия екенін түсіндіруге тырыстым. Бірақ көптен миды кеміріп, әбден қажытып, меңдетіп тастаған ауру менің сол кездегі саяси қоғамдық өмірде үгіт-ағарту ісінен де гөрі белсенді қызмет істеп, қолма-қол іс атқаруыма негізгі кедергі болды. Мен дертімнен етек басты болып ауылдық жердегі мектептің төңірегінен әрі ұзай алмадым.
Сонымен күндер өтіп жатты. Сөз бостандығы бар сияқты. Бірақ сөзден басқаға әлі бостандық жоқ еді. Мал да, жер де байлар меншігі боп қала берді. Баяғы жалшы — әлі жалшы, баяғы кедей — әлі кедей, баяғы мырза — әлі мырза еді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі