Корейская косметика премиум класса

2024 жылдан бастап 3-сыныпта ағылшын тілін оқыту сағаты көбейтіледі

2024 жылдан бастап 3-сыныпта ағылшын тілін оқыту сағаты көбейтіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Президент жаратылыстану-математика цикліндегі және тілдік пәндерге басымдық беру туралы тапсырма берді. Математика, физика, химия, биология пәндерін оқыту сағаттарын ұлғайту мәселесі қарастырылып отыр», — деді ол.

Министрдің айтуынша, оқу бағдарламалары да жаңартылатын болады.

«Халықаралық тәжірибеге сәйкес 2024 жылдан бастап 3-сыныпта ағылшын тілін оқыту сағаттарын көбейту, қазақ және орыс тілдерін меңгеруге қажетті оқу жүктемесі қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдаймыз», — деді Асхат Аймағамбетов.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

×