Өлең, жыр, ақындар

Діни сауаттылық маңызы

Айналаңызға зер салыңыз. Әлемде орын алып жатқан қаншама саяси, экономикалық мәселелер бар. Соның бірі "дін мәселесі". Діни ахуал, діни мәселе, діни қақтығыстар, діни сауаттылық деп қоғам ішінде маңыздылығын жоғалтпай, адамзат жаратылғаннан бастап, бірге дамып келе жатқан әлеуметтік, қоғамдық тақырып. Дінсіз қоғам болмайды деп жатамыз, діни мәселелерді де тудыратын адамның өзі.Мәселе, қоғам не адам арасында келіспеушіліктен туындайды, ал келеспеушілік екі тарап ойларының екі жақты орын алуынан. Адам санасы қабылдауы өте жоғары, біз дүниеге келіп, даму барысында айналамызға қарап өркендейміз. Діни сауаттылықта сол секілді  жүйеленеді. Адам діни сауатын ең алдымен өз отбасы адамдарынан алады, ал, мектеп пен жоғары оқу орны, араласатын ортасы есебінде өзіне ой қалыптастырады.

Отбасындағы діни сауаттылық-отбасы мүшелерінің үлкені, отбасы басшысы-отағасынан басталады. Үй іші қандай сенім ұстанады, бала ойы да діни  көзқарасы да солай қалыптасады. Мектеп қабырғасында оқушы діни сауаттылығын 9-шы сыныптан үйренеді. "Дінтану және зайырлылық негіздері" атты оқулықтан, ұлттық, әлемдік діндердің тарихымен танысады. Жоғары оқу орындарында болса, діни сауаттылық деңгейін мектепте алған білімін толықтыру, діни танымын молайту үшін "Дінтану негіздері" атты профилактикалық пән оқытылады.  Діни сауатын арттырғысы келетін адамдар үшін Қазақстанда жағдай жасалған. Жоғары оқу орындарында арнайы мамандықтар оқытылады, қарапайым халық үшін медреселер, арнайы курстар, "Қазақстан  мұсылмандары Діни басқармасы" бекіткен арнайы оқу құралдары бар, солар арқылы сауат ашуға болады.

Діни сауаттылықтың жоқтығы, дін жолындағы адасушылыққа алып барады. Адам сенімінің қалыптасуы қоршаған ортасындағы қарым-қатынас, ой алмасу есебінде жүзеге асады. Ол дегеніміз адамға сыртқы фактор жеткілікті деңгейде әсер етеді деген сөз. Діни сауаттың жоқтығынан әсіресе жас өспірімдер адасқан ағым шырмауында кетіп, орны толмас қателіктерге душар болып жатады. Сол үшін ең алдымен жақындары, отбасы баласының қандай ортада жүргенін, оның сөйлеуі,  жүріс-тұрысына мән беріп, діни білім беретін оқулықтар оқып жүрген болса тексеріп жауапкершілік танытқан жөн.

Қорыта айтқанда,өз өмірі үшін және жақындары үшін алаңдайтын адам ең алдымен қандай жерден, не болмаса оқулықтан, әлеуметтік желілерден болсын діни білімін жетілдіргісі келсе арнайы бақылаудан өткен ҚМДБ тарапынан рұқсат етілген ақпараттарды қолданып, діни адасушылыққа жол бермеу қажет. Дін саласындағы келеңсіздіктің алдын алып, үлкен мәселерге душар болмау үшін әр адам, ат салысу керек. Қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіне білуі тиіс.  

Меліс Диана Оралқызы, жас маман (дінтанушы)


Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз