Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді қызметіне тән емес функциялардан босату міндетін қойған болатын. Мемлекет басшысы қол қойған «Педагог мәртебесі туралы» заң осы бағытта қажетті нормаларды бекітіп, ауқымды жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік берді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
«Осы жұмыстың шеңберінде балабақша тәрбиешілері толтыруға міндетті құжаттардың санын азайтатын бұйрыққа қол қойдым. 2020 жылы орта, техникалық және кәсіптік білім беру деңгейіне де осындай тізім бекітілген болатын. Сол бұйрық арқылы мектеп пен колледж мұғалімдерінің есеп тапсыруын қатаң шектедік. Мысалы, мектеп мұғалімі күн сайын екі құжат қана толтыруы керек: мектеп журналына (электронды) баға қою және сабақ жоспары. Алайда, мектепке дейінгі білім беру деңгейінде мұндай тізім реттелмегендіктен көптеген құжат проблемасы болды. Олардың тізімі балабақша басшылығының көзқарасы мен маңыздылығын түсінуге қатысты болды», - деген ведомство басшысы.
Оның мәліметінше, е нді қол қойылған бұйрыққа сәйкес тәрбиеші тек мынадай құжаттарды ғана толтырады:
1) оқу жылына арналған перспективалық жоспар (жылына бір рет толтырылады);
2) тәрбие-оқу процесінің циклограммасы (бір аптаға толтырылады);
3) диагностиканың (бастапқы, аралық, қорытынды өлшеулердің) нәтижелері бойынша оқу жылына арналған баланың жеке даму картасы, ол қажеттілігіне қарай толтырылып, жүргізіледі.
Демек, енді мектепке дейінгі білім беру деңгейі бойынша министрлік айқындаған нақты тізбе бар. Сондай-ақ «Педагог мәртебесі туралы» заңда және Әкімшілік кодексте жазылған басқа да құжаттарды талап етуге жауапкершілік қарастырылған және айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартатын органдар да бар.
Асхат Қанатұлы «Ж ауапкершілікке тарту кімнің құзырында?» - деген сауалға да жауап бере кеткен.
«Педагогтерден шектен тыс есепті немесе қызметтік міндеттеріне жатпайтын ақпаратты талап ету фактілері бойынша өтініш түскен кезде ҚР Оқу-ағарту министрлігі білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері құқық бұзғаны үшін жоспардан тыс тексеруді ҚСжАЕК органдарында тіркейді және оны білім беру ұйымына барып немесе бармай-ақ жүргізеді.
Құқық бұзу фактісін дәлелдейтін материалдар:
- жазбаша тапсырмалар немесе олардың көшірмелері, бұйрықтардың көшірмелері, есеп беру бланкілерінің көшірмелері және педагогтен есеп беруді немесе ҚР білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген мәліметтерді талап етуді растайтын басқа да материалдар», - деп жазды министр.
Егер құқық бұзушылыққа алғаш рет жол берген адам өз кінәсін мойындаса, комитет және аумақтық орган әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырмай, кінәлі адамға ескерту туралы қаулы шығарады. Ал адам қайтадан құқық бұзса, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады. Әкімшілік айыппұл 20 АЕК-тен 120 АЕК-ке дейін.
«Мектеп пен балабақша педагогтеріне қолайлы жағдай жасауға бағытталған талаптар сақталуға тиіс. Әріптестерімнен дер кезінде тиісті шара қабылдау үшін осындай фактілер болған жағдайда ол туралы хабарлауын сұраймын», - деді А.Аймағамбетов.
Ол бұған дейін жауапты тұлғалар заң бұзғаны, артық есепті және басқа да құжаттарды талап еткені үшін жауапқа тартылғанын еске салды. Содан соң білім беру ұйымдарының басшыларынан тағы да заңды қатаң сақтауды және артық есепті талап етуге жол бермеуді сұрады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі