Өлең, жыр, ақындар

Діни иммунитет қалыптастыру

Адам дүниеге келіп, өмір сүру үшін, әрдайым қозғалыста, рухани дамуда болады. Қоршаған ортамен байланыс, жан дүниесінің үйлесімділігі, өзіне керекті құндылықтарды табу секілді өмірлік маңызы бар қажеттіліктерді бойына сіңіріп, өмір сүру заңдылықтарын үйренеді. Адам өмірі мен қоғам арасында ерекше рухани салалардың бірі-«дін». Жаратылғандардың  сенімімен бастау алып, адам өмірінде ерекше рөл атқаратын дін, бірге дамып өзгерістерге ұшырап отырады. Дін адамзат баласының сенім жүйесімен басталып, оның өмірімен тығыз байланысқа түседі. Өмірлік ұстану мақсаты, ойлау шеңбері осы діни көзқарастарымен өлшеніпте отырады.

Діни иммунитет дегеніміз жеке тұлғаның діни сенімі,  діни көзқарасы. Ол әр адамда әртүрлі болады, ол қалай, сіз дінді ұстанған сәттен, ең алдымен сол дін туралы қызығушылық танытасыз, білгіңіз келетін сұрақтар пайда болып, іздене бастайсыз. Сол секілді адам ізденуіне байланысты, белгілі бір дәрежеде білімі пайда болады. Дін ұстанған кезде, ол діннің ұстанатын сенім жүйесі, атқарылатын парызы, істелінетін культі (іс-қимыл,ретуал) болады. Оларды сіз білу деңгейіңізге қарай барынша атқаруға тырысасыз. Білмеген жайдайда іздене бастайсыз, айналаңызда біледі ау деген адамдардан сұрайсыз, қандай да бір оқу құралдарынан қарайсыз. Сіз өзіңізді дәстүрлі діңніңізді толыққанды біліп, ақ-қараны ажырата білген кезде, қазіргі таңдағы өзектілігі жоғары болып тұрған адасқан ағым  насихаттаушылар мен деструктивті ағымдарға, терроризм мен экстремизм құрбанына айналмайсыз. Себебі, сіз олардың арам пиғылын, іс әрекет шикілігін біліп тұрасыз, сізде діни білім қалыптасқандық есебінен. Діни иммунитет сол себепті әр жан үшін қауіпсіздік құралы іспетті. Өйткені, сіз дәстүрлі дін мен адасқан ағымды айыра аласыз. Көп жағдайда діни білімі таяз адамдар осындай деструктивті ағымдарға кіріп кетіп, адасқан адамдар насихаттауымен солардың етегінен ұстап кете барады. Ондай олқылық туындамас үшін әр кез діни білімді жетілдіріп отыру қажет. Діни иммунитет қалыптасқан адамда, сананың тез улануы, жат қылықтарға жол бермеу секілді істерге мойынсұну орын алмайды.

Әлсіз, иммунитеті төмен адам тез түрлі вирустарды тез жұқтырады емес пе, сол секілді діни білімі таяз адам санасын улау өте оңай. Деструктивті ағымдар, теріс ағымды ұстанушы миссионерлерінің қақпанына тез түсетін адамдар қатарына келесідей факторлар әсер етеді: психологиялық әлсіз адам, өзінің сенім жүйесі жоқ, рухани құндылықтардан бейхабар, ұлттық, отбасы, ата-баба дәстүрінен меңгермеген жан. Қате түсініктер қалыптасуы да осыдан бастау алады. Міне, діни иммунитеті төмендігі осыдан байқауға болады. Діни вирустарды да жұқтырып, тасмалдаушы адам болғандықтан, әр адам өзі мен өзгеде адам өмірінің маңызы ретінде қараған жөн. Қоғам тиыштығы мен амандығы- өсіп-өркендеу кепілі.

Меліс Диана (Жас Дінтанушы)


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз