Өлең, жыр, ақындар

«Жасылелдіктер» – игі бастаманың жаршысы

​Он сегізінші еңбек маусымын жалғастырған«жасылелдіктер» шаһарды көгалдандыру, құрылыс-жөндеу шараларына үлес қосу секілді жұмыстар атқарды. «Жасыл ел» қатарында еңбек етіп, жазғы демалыстарын тиімді өткізетін жастардың қатары да артып келеді. 

Қалаларымыздағы жоғары оқу орындарындағы«Жасыл ел» жобасы аясында жастарды өндірістік тәжірибеден өткізу, жұмыспен қамтамасыз ету дәстүрлі түрде жүзеге асырылып келеді. Жас студенті Әсел М.биыл екінші жыл қатарынан «Жасыл ел» қатарында еңбек етіп, табыс тапқанынайтты. – Менің болашақ мамандығым «құрылыс инженериясы» саласымен байланысты. «Жасыл ел» қатарында жұмыс жасай жүріп, өз мамандығым бойынша тәжірибе жинақтап келемін. Уақыт та қызықты өтеді. Жастарға арналған бұл бағдарламаның пайдасы мол. Жазғы уақытта еңбек етіп, қаражат жинақтап, ата-анама көмегімді тигізіп жүргеніме қуаныштымын, – дейді «Жасыл ел» сарбазы. 

Жастарды еңбекке баулу, экологиялық тәрбие беру, қоршаған ортаны таза ұстауға бағыттаумақсатындағы жоба жас буынды жарқын істерге жұмылдырып келеді.

Жалпы бұл бағдарлама жастарды маусымдық жұмыстарға орналастыру, олардың бойында Отанға деген патриоттық сезімді және туған өлкенің байлығына ұқыпты қарау дағдысын қалыптастыруды көздейді. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дегендей, жастарды еңбексүйгіштікке тәрбиелейді. Дамыған мемлекеттердің барлығында жастардың белсенділігі жоғары болатынын естіп-біліп жүрміз. Біздің еліміздің де гүлденуі үшін, озық мемлекеттердің қатарынан орын алуы үшін бәріміз жұмыла еңбектенуіміз керек. Бұл бағдарламадағы басты бағыт – табиғатты қорғау, экологияны сақтау ғана емес, жас буынның тәрбиесі мен еңбекке баулу. 

«Жасыл ел» – патриоттардың, елін сүйетіндердің орны. Жастар – ұлт келешегі, қоғам айнасы. Қоғамға, ұлтына пайдасы мол жасақ сарбаздарына сәттілік тілейміз.

Голенок Алина


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз