Өлең, жыр, ақындар

Журналистің қызметі қаншалықты еркін?

Соғыс. Адам дүниеге көрсем, білсем деген инстинктімен туылады. Сол инстинкт оны мәжбүрлі түрде соғысқа аттандырады. Ол - ақпараттық соғыс. Ақпараттық соғыс қарусыз майдан, бірақ қаупі қарулы соғыстан да зұлмат. 

От арасында отқа жанып, оқ арасында оққа ұшып, таяқты жейтін де жегізетін, қарусыз майданға еркімен аттанып, кей жағдайда қарудан опат болатын журналист мамандығына түскен Омар деген мен боламын. Бүгінгі сауал менің болашақ қызметімнің қаншалықты еркін екендігінің аражігін ашып беру.

Ең әуелі журналистер майдангерлер. Ол не соғыс - ақпарат соғысы, қайдан шыққан соғыс - естімеген құлақ пен көрмеген көзден шыққан, кім үшін соғыс - әлемде ақпаратты қара құрдымдай жұтып жатқан қара халықтың санасы үшін соғыс. Журналистер ешқандай адамзатпен айқаспайды, ақпараттың өзімен алысады. Осылай, бұл мамандықтың бірсыпыра құдіретін танытамыз. 

Сауал: Журналистің қызметі қаншалықты еркін? Журналистке керегі сөз бостандығы деп жатамыз, менің ойымша журналистке керегі сол бостандықты өзі жасайтын қасқыр мінез керек. Шыныменен, қоғамда көз алдындағы затты жоққа шығарарлық жағдайлар жиі кездеседі. Сонда ай қарап жүру бұл мамандықтың абыройын таптау деп білемін. Сөз бостандығы бізде шектелген. Ол рас. Бірақ оны кім шектеді? Шенді-шекпенді құзырлар ма? Жоқ. Оны шектейтін мына халық. Халықта асқан мінез жоқ. Ер дейтін ел болмаса, ел дейтін ер қайдан шықсын? Жас бауырдан жалаңдатып, санасына қорқынышпен тәрбиелейді. Содан болар, кей журналистер өз ойын айтарда іркіліп жатады. Енді екінші мәселесі: шындықты көтере алмайтын Шығайбай тектес шенділер. Керемет сөз бар: Адамды танығың келсе биліктің тамшысын бер, шөлі қанған кезде не сайрарын көресің. Төбеде төре болған көкелер, билікке барған уақытында халық үшін жұмыс жасайтынын ұмытып қалатын секілді. Халыққа атым шықса, мені жарықтық деп жалбыраса, әкем деп мақтаса дегендері де болады. Сондай құмалақтар сақтаған сары майды шірітуге айналды. Оларға керегі халыққа жақын жандар. Олар журналисттер. Амалы таусылғандары онсызда опық жейтін журналистке опалаң жасайды.

Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Білмедім, бірақ тәуелсіздікті Жаңа Қазақстанда ғана енді енді қалыптастырғандаймыз. Оған дейін, сөзшеңдер қайда болды, немен айналысты түкке түсініксіз, бірақ оны қоя бер: Олар шындық айтады. Депутаттар халықтың мұңын айтатын қызметте екен. Ел аң-таң. Кей адамдар көздері үйренісе алмай Ескі Қазақстанда қалмақ ойлары да бар. Оларды да түсіну қажет, себебі бұндайға еттері үйренбеген.

Журналистер еркін деп 100% айта аламын. Отандық журналистер ең еркін қызметте. Себебі еркіндікті де өлшеп қойған елде тұрамыз. Еркіндік деген бар шындықты шіміркпестен айту емес. Бізде жағдайлардың барлығы жасалған. Конституция бар. Оның құдіреті теңдессіз. Тіпті журналистердің құқығын қорғай отырып, журналистердің аяғын жерге тигізбей, әлдебір күштің зәбірі тимесін деп заң бойынша журналисті қамауға алады. Осындай құдіретті заң бізде бар.

Асқарұлы Омар


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз