Өлең, жыр, ақындар

ҚазҰУ - үздік таңдауым

1934 жылы Алматы қаласында қазіргі әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті құрылды. Әлемнің үздік 150 жоғарғы оқу орындарына кіретін жалғыз қазақ ұлттық университеті 16 факультет, соның ішінде 180 сала бойынша мамандар дайындайды. 10  сыныптан бері ҚазҰУ жоғарғы оқу орнына түссем екен деген арманым осы жылы орындалды.

Алғаш ҚазҰУды көрген сәтте айтарға сөз таппай қалдым. ҚазҰУградтың көркі атына сай дегенім - артық айтпағаным. ҚазҰУ-дың территориясы өте үлкен және әр бұрышы жап-жасыл ағаш пен көздің жауын алар гүлдерге толы. ҚазҰУград аймағының ауданы 84 га жерді алып  жатыр. Жатақханасы, кітапханасы, ректорат ғимараты мен факультет кампустері үлкен қалашықта орналасқан. Мен сіздерге таңдауда ұлы ойшыл  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін таңдауға кеңес беремін.

Біріншіден, әрине, басқа университеттерге қарағанда ҚазҰУ-да ең білікті деген  4 мыңнан астам профессор, доктор, ғылым кандидаттары, 100-ге жуық үлкен академиялардың академиктері,  Қазақстан Республикасының 40-тан астам еңбек сіңірген қайраткерлері, ҚР Мемлекеттік және атаулы сыйлықтарының 40-қа жуық лауреаттары және жас ғалымдар сыйлықтарының 40 лауреаттары, Мемлекеттік ғылыми стипендиялардың 47 стипендиаттары жұмыс жасайды. ҚазҰУ құрамына колледж, біліктілікті арттыру институты, 67 мамандық бойынша докторлық диссертацияларды қорғау бойынша 25 мамандандырылған диссертациялық кеңес кіреді, университетте 40 мыңнан астам студенттер, магистранттар мен докторлар оқытылады. Ғылыми инфрақұрылымға 11 орталық кіреді. Университетте жоғары кәсіптік білім берудің көп деңгейлі жүйесі бойынша 25 мыңнан астам студенттер мен магистранттар оқиды. Бірлескен халықаралық оқу бағдарламаларын іске асыру, студенттермен алмасу және тағылымдамалар өткізу бойынша әлемнің 418 ірі халықаралық жоғары оқу орындарымен қарым-қатынас құрылуда.

Екіншіден, ҚазҰУ аймағында үлкен кітапхана, студенттер сарайы, ботаникалық саябақ пен спорттық кешен, стадион, аурухана, дәріхана, “Керемет” студенттер орталығы,, дүкендер мен асханалар бар. Жатақхана ҚазҰУградта орналасқандықтан сабаққа барып-келу өте ыңғайлы. Студенттерге берілетін жатақхана өте үлкен. Және де бөлмелері жайлы әрі жылы. ҚазҰУ студенттері үшін арнайы тегін вай-фай желісі беріледі. ҚазҰУ-да оқудан бөлек 9 ұйым белсенді. Әр ұйым өзін бетінше ерекше. Бірі ғылыми бағыттағы жұмыстарды атқарса, екіншісі сіздің шығармашылығыңыздың өрлеуіне жол салады. Сонымен қатар, ҚазҰУ қайырымдылық фондтары мен еріктілер лигасы жыл сайын көптеген қоғамдық іс-шараларда көшбасшылықта жүреді. Одан бөлек, ҚазҰУ-да жайдармар, би, ән, инструментал және тағы да басқа өнер орталықтары сіздің талантыңыздың одан әрі ашылуына септігін тигізе алады.

Қорытындылай келе айтқым келетіні, ҚазҰУ менің өмірімдегі ең үздік таңдаулардың бірі болды. Мен әлемнің үздік универсттері ішінде шетелдің Кембридж, Гарвард, MIT секілді жоғарғы оқу орындарымен бірге тұрған ҚазҰУ-дың студенті екеніме мақтанамын. З.Қабдолов, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, Қ.Мырза Әлі, Д.Исабеков, Ж.Ерман, О.Сүлейменов, Т.Молдағалиев, Ө. Айтбаев секілді түлектері бар білім ошағында оқып, білім алу өте үлкен мәртебе.  88 жылдық тарихы бар алтын орда талантты  да талабы зор жастарды күтеді!

Авторы: Оңдасынова Карина, жетекшісі: Уразгалиева С.А.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер