Өлең, жыр, ақындар

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде профессор Қ.Б.Жарықбаев оқулары өтеді.

17 қараша 2022 жылы әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық Университеті, Философия және Саясаттану факультеті, Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ұйымдастыруымен педагогика және психология ғылымдарының докторы, Қазақстан ұлттық ғылым академиясының Құрметті академигі, профессор Құбығұл Бозайұлы Жарықбаевтың 95 жылдығына арналған "ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ДАМУЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференция аясында психология ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ғалым-қайраткер, ұлт жанашыры, ұлағатты ұстаздың өмірден өтуіне байланысты дәстүрлі алғашқы Жарықбаев оқулары өз жұмысын бастайды.

Конференцияға қатысам деушілерге есік ашық. Тарихи тұлғаға арналған тарихи сәттің куәсі болыңыз!

Өтетін орны: ҚазҰУ қалашығы, Фараби кітапханасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз