Корейская косметика премиум класса

Сенсорлық интеграция туралы ата-аналарға арналған сауалнама (К.С.Крановиц)

4 курс студенті:Әділбек.А.Р
Оқытушы:Болтаева.А.М
Әл-Фараби ат.ҚазҰУ

Сенсорлық өңдеудің балаңыздың жалпы дамуына қалай әсер ететінін түсіну үшін ата-аналар үшін төмендегі сенсорлық интеграция туралы сауалнама құрылды.

Бұл сауалнаманы 1990 жылдары Шэрон Кермак пен Элис Миллер әзірлеген. Кейбір сұрақтар баланың түйсіктерге реакциясына (қозғалыс, көру, есту, дәм, иіс сезу), баланың өзін-өзі реттеуіне және оның мінез-құлқына (белсенділік, тамақтану, ұйымдастыру, зейін, әлеуметтік-эмоционалды дағдылар) және т.б. әсерлеріне бағытталған.

Мазмұны:

Құрметті ата-аналар!

Сізге баланың сенсорлық жағдайы туралы толық ақпаратты алуға мүмкіндік беретін сұрақтарға жауап беруге шақырамыз.Өзіңіз келіскен мәлімдемелердің жанына «×»  белгілеңіз  толық емес келсісетін сұрақта, сәйкес мәлімдеменің астын сызыңыз. Бұл жағдайда сипатталған реакцияның көріну жиілігі тұрақты болуы керек.

Аты-жөні ________________________________________________

Жасы ____________

Тактильлды сезімталдық

 

I

 

  1. Жаңасуға, сипауға, теріс жане эмоционалды  түрде мазасыздықты, агрессияны көрсете отырып, жауап береді. Денесіне жанасқан жерін ысқылау байқалады, жеңіл жаңасудан аулақ болады.
  2. Денеге жоғарыдан, арттан немесе тым жақыннан жанасуға, сондай-ақ оның көру аймағынан тыс жерге қол тигізуге, мысалы, көрпенің немесе үстелдің астына біреудің аяғы тиіп кетсе, теріс және эмоционалды түрде әрекет етеді.
  3. Оның бетіне тиіп кетсе қашқақтайды, белсенді түрде қарсы тұрады, мысалы, жуыну  кезінде, шашты тарау, кесу кезінде.
  4. Физикалық ауруға тым сезімтал,кішкене ауырсыну сезіміне шыдай алмау.­
  5. Қалыпты тактильді әсер етуге тым сезімтал. Дымқыл немесе лас киімге және теріге жанасуға шыдамайды. Маталар, көрпелер, кілемдер сияқты белгілі бір текстураларды ұстаудан қашқақтайды.
  6. Жаңа,тар киім, жағымсыз мата текстурасы бар, жейденің жағасы, тізе жастықшалары, белдіктер, серпімді жолақтар, бас киімдер және шарфтар сияқты киімдерді кигенде қарсылық танытады.­­
  7. Қытырлақ немесе үгітілген тағамдар сияқты белгілі бір тағамдық текстураларды ұнады. Кіші кесектері бар тағамдарды жемейді.
  8. Қолын сыртқы әсерлерден жасырады және қорғайды, ластануы мүмкін ойындар мен әрекеттерден аулақ болады (пластилин, құм, саусақпен бояу). Өте қырсық, кірлеген қолын тезірек жууға асығады.

 

II

 

  1. Жанасу өте қарқынды болғанша оны байқамайды.
  2. Бетінің ластанғанын байқамайды, әсіресе ерні немесе мұрнының айналасы: бетіндегі үгінділерді немесе мұрыннан су ағуды байқамайды.
  3. Киімінің лас екенін немесе шұлықтарының суланғанын, бауларының шешілгенін, белбеуінің бұралғанын, шұлық пен қолғаптың ұқыпсыз немесе дұрыс киілмегенін байқамайды;
  4. Дененің көгеруіне, бір жерін кесіп алуына, соққылардан туындаған ауырсынуға баяу немесе мүлде жауап бермейді, ол саусақтың сынғанын немесе сынған сүйекті байқамауы мүмкін.
  5. Түрлі заттарды, әсіресе бейтаныс заттарды ұстауды және қолға алуды ұнатпайды немесе мүлдем ұстамайды. Ол басқа балаларға ұнайтын ойыншықтар мен нәрселерге қол тигізбейді, ойнамайды және қарамайды.
  6. Ойнап жүріп, айналасындағыларды ренжітіп жатқанын сезбей, басқа балалар мен жануарларды ұрады.
  7. Қолдарымен дұрыс жұмыс жасай алмайды: заттарды – қасықтарды, шанышқыларды, қарындаштарды, қайшыларды ұстау және пайдалану қиынға соғады.
  8. Өз бетінше киіне алмайды, киімге түймелерді бекітуде қиналады.

 

III

 

  1. Арқасынан қытықтауды немесе сипауды ұнатады (жеңіл массаж).­
  2. Әртүрлі жоғарғы беттерге тиіскенді ұнатады,мысалы қабырғаны және жиһазды сипалау, аяғымен және қолымен әртүрлі текстураларға жанасуды ұнатады.
  3. Басқаларды итеріп, түртіп алғанды ​​ұнатады, басқа балаларға тым жақындайды («жабысқақ» мінез-құлық), тіпті қол тигізу орынсыз болса да. Тіпті тиюге тыйым салынған нәрсеге де «тиісу керек».
  4. Тыныштандыратын тактильді сезімдер ұнайды, мысалы, сүйікті көрпеге, жұмсақ киімге жанасу және т.б.
  5. Өз терісін шамадан тыс сипайды немесе тіпті тістейді.
  6. Ол үнемі бірдеңені мыжып отырады, қолымен құмда ойнағанды ұнатады, оның кір екеніне назар аудармайды және оны ұзақ уақыт жасай алады.
  7. Тамақты «суға батырады», аузын тамаққа толтырады.
  8. Ауызбен таныс емес заттарды зерттейді. (Ол барлық нәрсені дәмін татуға ұмтылады).

 

Вестибулярлық жүйе

 

I

 

  1. Тербелу, айналу, сырғанақтан төмен сырғыту сияқты ойын алаңындағы әрекеттерден қашады.
  2. Баяу және абайлап қозғалады, көбінесе жай ғана отырады, кез келген қауіптен сақ болады.
  3. Өзі сенетін ересектердің тұрақты физикалық көмегін қажет етеді.­
  4. Лифтте немесе эскалаторда ыңғайсыздықты сезінеді, көлікте қозғалысты ұнатпайды. Сонымен бірге ол жүрек айну сезімін сезінуі мүмкін.
  5. Шын мәнінде мұндай қауіп жоқ болса да, құлаудан қорқады; қорыққанынан бірден ересек адамды ұстауға тырысады.
  6. Үстіге көтерілуге және өрмелеуге қорқады,баспалдақтан өте сенімсіз түседі және көтеріледі,осының әсерінен қоршаудан қатты ұстап секіруден және баспалдақтан түсуге қорқады.
  7. Биіктіктен қорқады. Жермен байланысы үзілген кезде мазасызданады (мысалы, ересек адам ойнау немесе киім ауыстыру үшін көтергенде);­
  8. Төңкерілгенде немесе басы айналғанда, жоғары-төмен қозғалғанда, жағына еңкейгенде қорқады.­

 

II

 

  1. Өзі нысан болып табылатын кез келген қозғалысты елемейді және оған қарсылық білдірмейді.
  2. Белсенді қозғалыстарға деген қажеттілікті сезінбейді.
  3. Бас айналмай ұзақ тербеле алады.­
  4. Құлау сезімін елемейді және аяқтарында тұру үшін қолдар мен аяқтарды созу арқылы құлауды болдырмау үшін саналы түрде әрекет етпейді.

 

III

 

  1. Тұрақты қозғалыс қажеттілігін сезінеді, оған бір орында отыру немесе тұру қиын.
  2. Үнемі ол қандай да бір қозғалыс жасайды: теңселеді, секіреді, басын алға-артқа жылжытады).
  3. Үнемі бір жерге өрмелеу немесе басын көтеріп жүгіруі керек.
  4. Жиі туыстарын оны көтеруді, лақтыруды, төңкеруді, айналдыруды, шайқауды, әртүрлі бағытта ойнатуын сұрайды.
  5. Ол тербелетін креслода тербелгенді, жиһазға соқтығысқанды, айналмалы орындықта айналуды, кезектесіп көтерілуді және құлауды немесе басын еденге сүйеп, өз осінің айналасында айналуды ұнатады.
  6. Түрлі ойын алаңындағы жабдықтарда жылдам қозғалуды немесе айналдыруды ұнатады, сонымен қатар ойын-сауық саябағында жылдам және «қорқынышты» аттракциондарға ұмтылады.
  7. Ол басқа балаларға қарағанда әткеншектерді, карусельдерді, батуттарды және  жақсы көреді.
  8. Ұзақ уақыт бойы жылдам айналдырып, айналдырғаннан кейін де басы айналмайды.­

 

Проприоцептивтік сезімталдық

 

I

 

  1. Қозғалмауды жөн көреді.
  2. Аяқ-қолдары пассивті қозғалғанда мазасыздық сезімі туындайды.
  3. Бұлшықеттерді созу кезінде мазасызданады.
  4. Жүгіру, секіру, жорғалау, бұрылу, секіру және күшті бұлшықет сезімін тудыратын басқа дене жаттығулары сияқты салмақты көтеретін қозғалыстарды болдырмайды.
  5. Тамақты таңдап ішеді.

 

II

 

  1. Дене тонусы төмен.
  2. Төмен бұлшықет тонусын өтеу үшін тұрғанда тізелерді қатты қысып, жазу кезінде шынтақты қысып жақын ұстайды.
  3. Ойыншықтарды, заттарды сондай-ақ жарық қосқыштары, шаш қыстырғыштары, оларды қосуды және ажыратуды талап ететін ойыншықтар сияқты қарапайым әрекеттерді қажет ететін заттарды кездейсоқ сындырады.
  4. Қарапайым күнделікті дағдыларды орындау үшін денемен, қолмен, аяқпен белгілі бір қалыптарды және қозғалыстарды қалай орындау керектігін түсінбейтін сияқты: қасықты ұстау және тамақтану, дәретханаға бару, киіну және шешіну, бекіту түймелерін тағу, аяқ киімді киіп, аяқ киімді шешу сияқты іс-әрекеттерді орындау әсіресе қиын болуы мүмкін, егер бала не істеп жатқанын көрмесе.
  5. Ол қарындашты тым бос ұстайды, сондықтан ол анық сызық сыза алмайды немесе оны үнемі үзіп тастайтындай қатты ұстайды. Ол сурет салғанда немесе жазғанда көп жағылады. Көбінесе қағазда тесіктер қалдырады.
  6. Шамадан тыс күштеп заттарды сындырады, немесе суы бар кесені аз күшпен ұстап оны сындырып алады.
  7. Біркелкі емес салмақтағы заттарды көтеру және ұстау қиынға соғады. «Ауыр» және «жеңіл» дегенді ажырата алмайды.

8. Белгілі бір позицияны ұстау қабілеті нашар: орындыққа, үстелге, кілемге отыра алмайды (құлап кетеді, жатады), үстелде басын қолына сүйейді.

 

III

 

  1. Айналадағы заттарды әдейі соғып, соқтығысып, айналасындағылардың бәрін қиратады; қысымды сезіну үшін биік қабырғалардан секіруді, жұмсақ заттардың (жастықтар, жапырақтар) үйінділеріне сүңгуді, баспаналарға, шұңқырларға (күзендерге) көтерілуді ұнатады.
  2. Адамдарды итеруді, құшақтауды, қатты қысуды ұнатады
  3. Қадамды дыбыстап басып шығарады немесе шапалақтайды, жүру кезінде аяғын сүйреп апарады;
  4. Жаяу жүргенде өкшесін еденге немесе орындыққа соғуды, қабырғаға немесе қоршауға таяқшаны немесе басқа затты соғуды ұнатады.
  5. Көбінесе өз еркімен аяқ-қолды соза алады, бүгіп, еңкейе алады, секіре алады (тікелей, керілген аяқтармен), қатты шапалақтайды, басын соғады, құлағын қыса алады, тырнағын тістей алады, саусақтарын сорады, буындарын сықырлата алады, бірдей дыбыстарды айта алады, ысқыра алады т.б.
  6. Жатар алдында көрпеге мықтап оралғанды ​​немесе қатты қысылғанды ​​ұнатады.
  7. Ол баулары мен белбеуін мықтап байлап, бас киімін басына мықтап кигенді ​​ұнатады.
  8. Көйлек жағасы, галстук, қарындаштар, ойыншықтар және резеңке сияқты заттарды үнемі шайнауы мүмкін. Ұзақ уақыт шайнау керек тағамды ұнатады немесе тамақты ұзақ шайнайды.

 

Көру

 

I

 

  1. Көбінесе көздің шаршауы (қысымы)болады :көз көбінесе қызарған, қабынған, сулы немесе қышынған болады, бас ауруы да көрінуі мүмкін. Көзді шамадан тыс уқалау немесе жыпылықтау байқалады.
  2. Кітапты тым жақын ұстау немесе үстелге тым төмен еңкейу. Суреттерге қараған кезде немесе бетті оқығанда басын бұрады немесе еңкейтеді.
  3. Қарау кезінде бір объектіден екіншісіне өтуге қиналады, оқу немесе көшіру кезінде сызықтар жасайды және дұрыс орынды ұстау үшін саусағын пайдаланады.­
  4. Қозғалмайтын нысандарға назар аудару және үстел теннисінің добы сияқты қозғалатын нысанды қадағалау қиын.
  5. Жарқын жарықтан, күн сәулесінен аулақ болады, объектілерге қараған кезде көзді жабады немесе қорғайды, жан-жағына қарайды.
  6. Көзге тікелей қараудан аулақ болады.
  7. Қозғалыстағы заттарды немесе адамдарды көргенде өзін жайсыз сезінеді немесе қатты мазасызданады.
  8. Доп немесе басқа бала сияқты өзіне қарай қозғалатын заттардан жалтарады немесе қашады.

II

 

  1. Қозғалысты байқамайды, жиі қозғалатын заттарға соғылады, мысалы, әткеншекке соғылуы мүмкін.
  2. Жолдағы кедергілер сияқты көрнекі ақпаратқа кеш жауап береді.
  3. Ол жарық пен қараңғылықтың, шет пен шағылыстың қарама-қайшылығын байқамайды.
  4. Жарқын жарықты, тікелей күн сәулесін іздейді, жарқыраған заттарға қарағанды ​​ұнатады.
  5. Ұзақ уақыт бойы көз алдында саусақтардың айналуын немесе бұлғауын бақылай алады.
  6. Көз алдындағы заттарды, суреттерді басқа қырынан қарайды (еңкейту, бұру)
  7. Жиі және ұзақ уақыт бойы ол автомобильдердің дөңгелектерінің айналуын, шыңдарды, басқа ойыншықтардың және тұрмыстық заттардың (кір жуғыш машинаның барабаны) қозғалысын және т.б. бақылай алады.
  8. Ол шамдардың қосылып, сөніп жатқанын,  су ағып жатқанын, кілемдердің өрнектерін, күн сәулесінің немесе теледидардағы жарқыраған суреттерін мұқият зерттегенді ұнатады (мазмұнға емес, суретке қызығушылық байқалады).

 

III

 

  1. Моншақтарды тігуде, өрнектерді белгілі бір ретпен орналастыруда, жол табуда қиындықтар туындауы мүмкін (бір жерден екінші орынға көшкенде, жаңа жерде адасып, жол таппай қалады ).
  2. Заттарды, суреттерді, белгілерді және сөздерді таңдау және олардан айырмашылықтарды іздеу қиын, оған заттардың тиесілігін ажырату қиын.
  3. Суреттерді қарау, оқу немесе тақтадан тапсырмаларды көшіру кезінде зейінді ұзақ сақтау қиын. Көргенін немесе оқығанын визуалды есте сақтаудың нашарлығы.
  4. Тұрмыстық заттар мен құралдарды тез және ұқыпты ұстауда және пайдалануда, киінуде, баспалдақпен көтерілуде, сурет салуда, аппликацияда, қайшымен сызықтар қиюда, жазуда, оқу тапсырмаларын орындауда қиналады (қол қозғалысын бақылау үшін көзді пайдалана алмайды).
  5. Қолындағы допты дәл ұстай алмайды, допты тепкенде жиі жіберіп алады. Нысанаға соғу ойындарында нысанаға тигізу қиынға соғады:допты қорапқа лақтыру, ілмек-магниттен балықты алу (ойында)
  6. Пирамида сақиналарын штангаға тігу, жіңішке заттарды тесіктерге (мысалы, мозаикаға) салу, жіпті моншақтар арқылы өткізу қиынға соғады.
  7. Суретті бояған кезде сызық шекаралармен дәл жүргізе алмайды, лабиринтте сызық сызу қиынға соғады.
  8. Сурет салу, әріп жазу қиын. Сурет салу және қолжазба ебедейсіз және қысқа болуы мүмкін. Парақта нашар бағдарланған, жазу кезінде жолдар жоғары немесе төмен жылжиды.

 

Есту

 

I

 

  1. Күн күркіреуі, сиреналар немесе жарылған шардың дыбысы сияқты кенеттен қатты және өткір дыбыстардан қорқады (белгілі ыңғайсыздықты сезінеді).
  2. Ысқырық, скрипка, сопрано немесе сықырлаған бор сияқты жоғары жиілікті дыбыстарды естісе мазасыздық туындайды.
  3. Кейбір дыбыстарды ұнатпайды мысалы: жұмыс істеп тұрған электр аспаптары, металдық дыбыстар (ксилофоннан немесе күміс ас құралдарының шырылдауынан), осы немесе басқа музыка, белгілі бір жарнаманың дыбысы.
  4. Белгілі, бірақ жалпы дыбыстардан ыңғайсыздықты сезіну, оның ішінде тыныш дыбыстар: сыбдыр, тыныш фондық музыка және т.б.
  5. Мыжылған қағаздың, полиэтилен пакеттердің сыбдырының дыбыс әсерлері ұнайды.
  6. Дыбыс эффектісі бар ойыншықтардан (музыкалық қораптар, телефондар, кітаптар), музыкалық аспаптардан үнемі дыбыс шығарып алғанды ​​ұнатады.
  7. Музыка ұнайды, соның ішінде белгілі бір жанр (танымал, классикалық) немесе белгілі бір әншінің әндері.
  8. Шулы, қатты ырғақты музыка естілетін жерлерде болғанды ​​ұнатады.

 

II

 

  1. Баяу, қоршаған орта дыбыстарына бірден жауап бермейді. Жақсы естиді және тыңдайды, бірақ өте баяу, айтылған сөзді бірден қабылдамайды, мысалы, ауызша нұсқауларды баяу орындайды, мысалы: «Кесе алып, ас үйге апар»
  2. Айтқан сөзге назар аудармайды, тыңдамайды, айтылған сөзді байқамайды.
  3. Кеңістіктегі дыбыс көзін бірден таба алмайды (тапқанша басын әр жаққа бұрады) Жақындарының дауысы немесе тұрмыстық заттар мен ойыншықтардың дыбыстары сияқты өзіне тән дыбыстарды тану және ажырату қиынға соғады.
  4. Ересек адамнан буындар, сөздер, сөз тіркестерін қиыншылықпен қайталайды. Сөздің дыбыстық – буындық құрамын бұзады.
  5. Қысқа мәтіндерді, өлеңдерді, ертегілерді бірден (қысқа мерзімді есте сақтау) және кейінірек (ұзақ мерзімді есте сақтау) нашар есте сақтайды.
  6. Сөйлеуді аз уақытқа қабылдай алады, бірақ тез ұмытады, қызығушылығын жоғалтады, тыңдауды тоқтатады, назары басқаша болады. Сөйлеуді қабылдауға назар аудару үшін ересек адам мен баланың өзінен үлкен күш қажет.
  7. Дыбыстардың заттармен немесе әріптермен байланысы бар дыбыстар мен дыбыстық ұқсас сөздерді ажырату қиынға соғады.
  8. Бала шапалақтағанда, секіргенде немесе соқпалы аспаптарда ойнағанда ырғақ сезімі нашар.

 

Интерпретация:

Тактильді сезімталдықтың дисфункциясы

I. Тактильді жоғары сезімталдығы бар бала (сенсорлық қабылдаудан қашу – пассивті және белсенді жанасу арқылы тактильді қорғаныс);

II. Тактильді сезімталдығы төмендеген, жеткіліксіз бала (тактильді сезімдерге немқұрайлы бала);

III. Тактильді сезімдерді іздейтін бала.

Вестибулярлық жүйенің дисфункциясы

I. Вестибулярлық жүйенің сезімталдығы жоғарылаған бала: кез келген қозғалысқа төзбеушілік (сауалнамадағы 1-4 мәлімдеме) және гравитациялық сенімсіздік (5-8 мәлімдеме);

II. Вестибулярлық сезімдерге сезімталдығы төмендеген, жеткіліксіз бала (сенсорлы немқұрайлы бала);

III. Бала вестибулярлық сезімдерді іздейді, қозғалысты қажет етеді.

Проприоцептивтік сезімталдықтың дисфункциясы

I. Проприоцептивтік жоғары сезімталдығы бар бала;

II. Проприоцептивті сезімталдығы жеткіліксіз (1-3 мәлімдеме), проприоцептивтік сезімдерді және диспраксияны нашар ажырататын бала (3-4 мәлімдеме), қозғалысты бағалауда қиындықтар (5-7 мәлімдеме), постуральды бұзылыстар (жүру бұзылысары)(8 мәлімдеме);

III. Проприоцептивті сезімдерді іздейтін бала.

Көру дисфункциясы

I. Негізгі көру дағдыларында проблемалары бар бала (1-4 мәлімдеме) және көру тітіркендіргіштеріне жоғары сезімталдық (5-8 мәлімдеме);

II. Көру сезімін модуляциялау проблемалары бар бала (1-3 мәлімдеме) және көру сезімін іздейтін бала (4-8 мәлімдеме);

III. Көру-моторлы координациясы нашар бала.

Есту функциясының бұзылуы

I. Дыбыстық тітіркендіргіштерге сезімталдығы жоғары (1-4 мәлімдеме) және дыбыстық тітіркендіргіштерді іздейтін бала (5-8 мәлімдеме);

II. Есту ақпаратын қабылдауда және өңдеуде қиындықтар бар бала.

Жауаптар бланкі:

АТЫ-ЖӨНІ

КҮНІ

 

ТАКТИЛЬДІ СЕЗІМТАЛДЫЛЫҚ

ВЕСТИБУЛЯРЛЫҚ ЖҮЙЕ

ПРОПРИОЦЕПТИВТІ СЕЗІМТАЛДЫЛЫҚ

КӨРУ

ЕСТУ

1

2

3

4

5

6

1

2

3

4

5

6

7

1

2

3

4

5

6

7

1

2

3

4

1

2

3

4

5

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

21

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

22

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз