Корейская косметика премиум класса

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ортақ парызымыз" атты жастармен семинар өткізілді

"Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық  мемлекеттік мекемесі мен «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру («Т.Рысқұлов – адалдық алаңы» жобасын қолдау» әлеуметтік жобасының аясында Тұрар Рысқұлов ауданы, Ақыртөбе ауылдық округі, Райымбек Смаилов атындағы орта мектебінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ортақ парызымыз" атты жастармен семинар өткізілді.

Шара барысында қатысушыларға жалпы сыбайлас жемқорлық туралы және оның келтірер зардабы туралы толық ақпараттар айтылды. Кездесуге «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» ЖҚБ төрағасы – Муратбаев Каныбек Жарылқасынұлы және «Тұрар Рысқұлов – адалдық алаңы» жобалық офисінің жетекшісі Қуанышбай Мәулен Есенгалиұл қатысты. Жастармен кездесу барысында спикерлер пара алушымен қатар, пара беруші де қылмыс жасаушы болып саналатынын және жемқорлыққа қарсы жалпы қабылданған тәртіп үлгісінің алғышарттарын  жіті түсіндіріп,  қоғам дертімен бірлесіп күресуге шақырды.

Шара соңында жастар көкейінде жүрген бірқатар сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.

Шараға мектеп оқушылары қатысты.

Іс-шараға жалпы саны 20 адам қатысты.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз