Базарбай Жасмин,
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,
«Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы,
Мәдени антропология мамандығының 2-курс магистранты
«ХХІ ғасыр – еліміздің тарихындағы алтын ғасыр, ал сол ғасырдың жаңалықтарға, үлкен жеңістер мен жемісті күндерге толы болуы – алтын жастардың , жас ұрпақтың қолында» деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, мына біз жастардың оқуда озат, әлем жаңалықтарынан құлақдар болуымыз, еліміз дамыған елдер қатарында көш түзейтін ел болуы үшін барымызды салу біз үшін міндет. Ол үшін әрқайсымыздың дұрыс таңдау жасап болашаққа деген нық қадам басуымыз қажет. Біздің мақсатқа жету жолымызда тұрған ең маңызды таңдаудың бірі – мамандық таңдау деп білеміз. Қазақстан Республикасындағы жоғарғы оқу орындары әлемдік тәжірибеге сүйеніп, оқу жүйесінің өзіндік ерекшеліктерімен айшықталатын үздік университет аталуға лайық екені баршамызға аян. Осы орайда, еліміздің алдыңғы қатарлы әлемнің үздік университеттері қатарында 120 орынға шыққан әл–Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін ерекше атап өткен орынды.
Жаңа ғасырға қол созып, көш түзеген сайын саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени жаңалықтар мен өзгерістердің де орын алуына толық көз жеткізіп жүрміз. Әрине әр саланың алатын орны және зерттеу алаңы (пәні) ауқымды, әрі шексіз болып табылады. Бірақ, мен бұл мақалада таныстарғым келіп тұрған, өзім ЖОО қабырғасында 4 жыл білім алып жатқан - дәл мәдениеттану ғылымының зерттеу объектілерінің спекторындай сан алуандылық басқа ғылым саласынан табылмас.
Өркениетті, дамыған елдердің алдыңғы қатарынан орын алу қоғамда болып жатқан түрлі материалдық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік, көркемдік т.б. процесстермен тікелей байланысты. Осы аталған процесстерді барынша қамтитын ғылымның кең ауқымды саласы мәдениеттану - мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметтік, саяси-моральдық, ғылыми, көркемдік және тарихи сипаттамаларымен ерекшеленетін түрлі мәдениет түрлерінің өзара байланыстарымен, тәуелділіктерін зерттейтін жаңа заманның жаңа қоғамдық саласы болып табылады.
Осы айтылғандар қазіргі заманғы ғылымдар жүйесіндегі мәдениеттанудың ғылыми пән ретінде алатын орны және оның алдында тұрған міндеттер жайында кейбір қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Адамзат баласы өз шешімін таппаған көптеген мәселелерге белшесінен батуы қазіргі заман мәдениетінің көп жағдайларда өз бастауын ұмыта бастағандығынан да болуы керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі