Өлең, жыр, ақындар

Бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін көшбасшылар съезі

Елімізде 14-15 қыркүйек аралығында әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтті. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының  VII съезінің жұмысы дұға бағыштау үшін бір минут үнсіздікпен басталды. «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлі» атты пленарлық отырысты аша отырып, мемлекет басшысы әлемнің ең құрметті рухани көшбасшыларының басын қосып, диалог орнату Қазақстан үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті. Және де президентіміз съезге келген барлық көшбасшыларға алғысын білдірген.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің түпкі мақсаты барша адамзатқа ортақ құндылық саналатын – бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етіп, дінаралық диалогты мейлінше дамыту.

Қазақстан халқы әлемдік өркениетті елдермен сұхбатқа түсу арқылы,саяси коммуникация құрып, толеранттылық пен ашықтық рухын бойына сіңірді. Сондықтан да еліміз «бірлік әртүрлілікте» қағидасын негізге алып зайырлы қоғам екенін дәлелдеуде. Еліміз көпұлтты, ел болып, жер болып, тарам-тарамға бөлінбей, барлығымыз татулықпен зайырлы мемлекетте тұрып жатқан жайымыз бар. Осы қасиетті ауызбіршілігімізді бүкіл әлемге сенімді бола отырып көрсете аламыз. Өзге мәдениеттерге біздің еліміздегі зайырлы өмір сүру салты үлгі бола алады.

Әлемдік және дәстүрлі діни көшбасшыларының осылай бір үстел басында отырып, мәдениетті диалог құрғаны миллион қазақ қауымға өнегелі көрініс берді. Осындай ауқымды диалог тәжірибесі рухани көшбасшыларға түрлі бітімгершілік бастамаларды белсенді түрде көтеруге мүмкіндік береді. Бұл әскери қақтығыстарды және әлемнің әртүрлі қақтығыс аймақтарында адамзаттың қайғы қасіретін тоқтату үшін өте маңызды. Рухани дінбасылар – адамзаттың ар-ожданының сақшылары. Халықаралық қауіпсіздіктің жаңа жүйесін құру үшін бәрімізге бейбітшілік үшін жаңа жаһандық қозғалыс қажет. Бұл мәселеде рухани көшбасшылардың үлгі өнегелік рөлі басым деп ойлаймын.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университі
«Философия және саясаттану» факультеті
«Дінтану» мамандығының 3 курс студенті
Жамауова Енлик Ахринбаевна
Ғылыми жетекшісі: Кудерина А.Н.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз