Өлең, жыр, ақындар

Ынтымақ пен бейбітшілікке себепкер болатын діндер съезі

Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатта мән-мағынасы зор бұл шара, әсіресе әлемдегі қиын-қыстау, пандемия, геосаяси шиеленіс сынды өзекті мәселелер кезінде орын алған бұл форумды тарихи маңызы зор оқиға десек кем де болмас. Пандемия кезінде бізге диалог пен қарым-қатынас жетіспегені сөзсіз, әдетте адам қиын-қыстау кезінде жәрдемді Құдайдан сұрап, дін өкілдерінен ақыл кеңес пен қолдау сұрайды. Пандемияда зардап шегіп, тұңғиыққа түсіп кеткен адамдар үшін тұңғиықтан шығуына, қайтадан қарым-қатынас жасауына съез бірден-бір себеп болды. Расында қазіргі кезде бүкіл әлем рухани қолдау мен рухани құндылықтарға зәру екені мәлім. Сол тұста ынтымақтастық шаңырақта бұл съезге әлемнің 100 елінен 50 ден аса дін өкілдері қатысты. Әдетте әр дін өкілдерін басын қосу бұл оңай іс деуге болмас. Қазақстанның бұл жағынан әлемге ұтымды, керемет көріністерінің бірі десем де болады. Съез қыркүйек айының 13-14 жұлдызында айрықша жоғары деңгейде өтті. Биылғы бұл съезге Рим Папасы Франциск, «Әл-Азхар» университетінің жоғарғы имамы шейх Ахмад ат-Тайеб және тағы да басқа дін көшбасшылары қатысты. Дін көшбасшыларының бәрі форумда татулық мәселесін алға тартып, бір ауыздан қолдады. Съезде әйел мәселесі тақырыбы қозғалған екен. Еуропадан келген шіркеу басшылары мен діни басқармалардың өкілділіктері қыз баласына бей-жәй қарауға болмайды деп нақтылаған. Мысалға Ауғанстанда әйел құқығы тапталып жатыр. Талибандар қатыгездікпен әйел адамдарға күш көрсетіп, білім, ілімнен мақұрым қылып жатыр. Тіпті медицинада әйел адамдарын алшақтатып жатыр. Көпке топырақ шашпаймын, бірақ кейбір ислам мемлекеттерінде әйел адамның құқығының тапталуы, еленбеуі бұл мұсылмандардың қап-қара дағы. Съезде бұл мәселенің көтерілу қуантарлық жағдай. Бұл мәселе жайлы делегацияға қол қойылды, енді орындалса тіпті нұр үстіне нұр болар еді.
Қазақстан елінің қонақжайлығын алдыға салып, көптеген дін өкілдері қазақ еліне арнайы алғыс білдірген. Әрине Қазақстан бүкіл әлемде бейбітшілікті қалыптастыруға үлкен үлес қосып отыр. Сондай-ақ біз адамдар әлемді құрушымыз да, құртушыда біз екенін ұмытпағанымыз абзал. Жер бетіне бейбіт өмір орнату адамзат баласының басты мүддесі. Осы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің жиыны адамзатты бірлік пен ынтымаққа шақырған берекелі отырыс болғанына анық көзіміз жетеді. Рим Папасы Франциск: «Мен Қазақстанның азаматтық қоғамына ерекше алғысымды білдіремін. Қазақстан-халықтың мұң-мұқтажы ескерілген мемлекет екеніне көзіміз жетіп отыр. . . »-деп Рим Папасы қазақ қоғамы үйлесімділікте дамып келеді деп атап өтті. Бұл жақсы жетістіктердің бірі деп ойлаймын.
Қорытындылай келе, еліміздің әлемдік діндер өкілдерін бір шаңырақ астына жинап, бейбітшілік пен татулықты нығайтты. Және де еліміздің экономикасына, туризмге қосқан үлесі де кем болмады. Жер бетіндегі ұлттар мен ұлыстардың бір мақсатқа жығылғанда әлемде береке орнайды. Осыған себепкер болған-Қазақстаныммен мақтанамын.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университі
«Философия және саясаттану» факультеті
«Дінтану» мамандығының 3 курс студенті
Дайрабекова Айдана Бақтыбекқызы
Ғылыми жетекшісі: Кудерина А. Н.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар