Өлең, жыр, ақындар

Менің университетім -ҚазҰУ

Мен Сатыбалдиев Нариман Қурбанбайұлы Өзбекістанның Ташкент қаласынаң келген қазақпын. Менің арманым болған жалғыз менің емес талай түлектің арманы болған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –де оқу мүмкіндігі мағанда бұйырыпты. Аллаға шүкір. Шынында, арман боларлықтай атына заты сай әсем қалашық менің жүрегімді жаулап алды. Құрылғанына 80 жыл толған оқу орны өз тарихында көптеген жетістіктерге жетіп, әлемдік аренаға өз орнын көрсете алды.

Университет ұжымы көпұлтты Қазақстанның экономикалық және мәдени өсуіне, саяси-құқықтық өміріне, мәдениетіне, ғылым мен білім беру салаларына орасан үлес қосып, еліміздің жоғары білім беретін оқу орындарының биік шыңына айналдырды.

Университет көптеген шетелдік ЖОО-лармен бірлесіп жұмыс жасайды. Мұнда оқитын әрбір студент шетелге шығып өз білімдерін жетілдіруге мүмкіндіктері бар 16 факультетте 86 мамандық бойынша жоғары білім (бакалавриат) алу, магистратура мен PhD докторантурада оқуды
жалғастыру мүмкіндігі бар. Оқу үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Жоғары және арнайы орта білім негізінде білім алу. Оқудың түрлері: күндізгі және қашықтықтан оқыту үздіксіз білім беру жүйесі: бейіндік мектеп, колледж, бакалавриат, магистратура, PhD
докторантура – сәттілікке бастар жол! Мұның барлығы басқа жанға асыра мақтау болуы мүмкін, бірақ, ҚазҰУ - мүмкіндіктерге толы инновациялық мекен екендігін мойындауымыз керек. Бұл жетістіктер ҚазҰУ еңбек ұжымының, ұстаздардың қажырлы еңбегі мен университет
басшылығының жұмысты парасатты да сапалы ұйымдастыру білуінің арқасы екендігінде сөз жоқ.

Отандық және шетелдік жұмыс нарығында бәсекеге қабілетті жоғарыбілікті де білімді мамандарды даярлап, кадр потенциалын құруды басты мұраты еткен ҚазҰУ-лықтардың негізгі мақсаты – классикалық ұлттық университеттен әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу. Қазіргі таңда, оқу орнымыз студенттеріне білім алуға барлық мүмкіндікті беріп отыр, ал оны миға тоқып, университетіміздің деңгейін көтеру - біздің қолымызда!

Өзбекістаннаң келген студент Сатыбалдиев Нариман 1 курс-стоматология.
Аға оқытушы Кайракбаева Г. С жетекшілігімен. 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз