«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясы» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі педагог-зерттеуші
Нургужина Гульжайна Жаксыбаевна
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғашқы рет «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер еңгізіп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет. Ал ондай мамандар дарынды балалардың ішінен шығады.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын ашу және әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушының білім, білік дағдыларын меңгертумен қатар, көбіне оқушыны шығармашылық жұмыстарға баулу, ойын еркін жеткізе білу, тіл байлығын дамытуға басты назар аудару қажет. Қызықты сабақ болса, оқушының сол пәнге қызығуы артып қана қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен жол табады.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушының білім, білік дағдыларын меңгертумен қатар, көбіне оқушыны шығармашылық жұмыстарға баулу, ойын еркін жеткізе білу, тіл байлығын дамытуға басты назар аудару қажет. Қызықты сабақ болса, оқушының сол пәнге қызығуы артып қана қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен жол табады. Құзіреттіліктерді қалыптастырудағы басты әрекет-сабақ беру. Тұлға құзіреттілігін дамыту үшін жаңа инновациялық әдіс-тәсілдердің ең тиімдісін пайдалану жоғары нәтиже береді.
Оқушыларға шығарма жаздыра білу, үйретудегі мақсат Абай, Мұхтар, Ғабит сияқты ірі сөз зергерлерін дайындау міндетін шешу емес, өз ойын, пікірін орамды түрмен дәлді әрі нақты, әсерлі де жүйелі жеткізе алатын сауатты адам тәрбиелеу, оның түрлі тәсілдері мен амалдарын меңгере отырып, жазу жұмысына үйрету болмақ.
Осы мақсатқа жету үшін өзімнің ұстаздық іс-тәжірибемде сабақ беру үрдісінде мынадай негізгі факторларды басшылыққа аламын:
– оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу тиімділігін арттыру;
– жекелей, жұппен, топпен жұмыс жүргізу;
– ойлау қабілетін дамытатын әр түрлі тапсырмалар;
– қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар беру;
– шығармашылық жұмыстар беру;
– оқушылардың таным әрекетін өздігінен дамытуға күш салу;
– оқушылардың пәнге деген шығармашылық қызығушылығын ойын элементтерін және т.б. енгізу арқылы арттыру;
– әрбір тақырыптың аясында оқушыларға тәлім- тәрбие берудің мүмкіншіліктерін тиімді пайдалану;
Ғылыми – зерттеу жұмысы өзекті проблемалардан бастау алатындығы баршамызға мәлім. Адамдар сонау алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде табиғаттың, жаратылыстың тылсым дүниелеріне үңілген. Әр түрлі саланы зерттейтін ғылымдардың барлығы да адам баласының «білсем», «танысам» деген ынталарынан туындаған. Жұмбақ дүниелер проблеманы туғызған, ал проблемалар бір ғылым саласының тууына, дамуына ықпал еткен. Проблеманы іздеудің ең оңтайлы жолы – бір нәрсені әр түрлі жағынан көре білу; дайын тұжырымдардың өзіне де сыни көзқараспен қарау, басқа шешімін іздеу, оны табуға еңбектену болып келеді.
– Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттер тізімін жасау
– Ғылыми жұмыстарға үңілу
– Ғалымдардан ақыл-кеңес сұрау
– Интернетке жүгіну
– Үнемі бағамдау, байқау, іздеу, жинақтау жұмыстарын жүргізу
– Тәжірибе жүргізу, (Ақынның мұражайларына, туып-өскен жеріне, немесе оқиға болған жерге бару.) оның барысы, нәтижесін жүйелі түрде талдап отыру
– Қорытынды жасау
– Бейне материалдар, слайдтар жасау
– Жұмысты қорғауға дайындалу
Оқушыларды ғылыми ізденіске баулу мақсатында «Мен - зерттеушімін», «Мен - жобалаушымын» деген дәптер арнату. Дәптерге оқушылар ғылым әлеміне енудің түрлі жолдарын жазады, ұлы ғалымдар еңбегі, өмірінен мәліметтер береді. Оның маңызы оқушыларға практикалық та, теориялық та көмек бере алатынында. Ол әр баланың алдында жатады. «Мен - зерттеушімін» тақырыбында оқушылармен «дөңгелек стол», әңгімелер өткізуге болады. Алғашқы әңгімелерде «ғылыми жұмыстардың түрлері» сөз болады. Бұл жұмыстың тиімділігі оқушылардың ғылым туралы ұғымдарын кеңейтуге ықпал етіп, іздену, зерттеу жұмыстарының түрлерімен таныстырады.
Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі