ХХ ғасырдың 32-33 жылдардағы ашаршылық.Ашаршылықтың басты себебі - ұжымдастыру деп саналады.Күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар , Сталиннің саясаты, Голощёкиннің жауыздығы мен жанындағы жандайшаптылар арқылы қазақстандықтарды, ең алдымен, халықты аштыққа және босқындыққа ұшыратты.
Шерхан Мұртазаның "Бесеудің хаты" туындысы тарихи шындықтың кішкене бір бөлігін баян етседе, үлкен дүниені қозғап, елге мұны жеткізе білді.Екі миллиондай қазақ қырылып, жоқшылықтан азап тартқандығы, бірінің етін бірі жеуге дейін барған, тозақтық ғұмырды бастан кешкендігі жазушының қолымен суреттелгендей анық жазылып,шындықты көркем сөздің қуатымен қайта жаңғыртуы, оқырманының жүрегінен өткізуі нағыз талант екенін даусыз.
Туындыда аштыққа тірелген қазақ қоғамы , өлімші күйге келіп, отбасылардың ойран болуымен, шаңырақтардың шайқалуымен көрініс тапты. Зарлаған ана, шырылдаған бала, түнеріп, өлексе сасыған қазақ даласы..
Шерхан Мұртаза кейіпкерлерді мінез-құлқына дейін ашып, әрі қарай жан дүниесін көрсетіп, өз шеберлігін пайдаланады. Сол бір қиын шақта , елім деп бар шындықты бүкпесіз айту, зиялы топтың ішінде бесеудің шығуы, бұл халықтың басындағы тұманнан аласартпақ болған
шыншылдарымыздың ісі.Қазақ зиялылары Сталинге, Голощёкинге елдің жағдайын жеткізбекші болып хат жазуға бекініп ,елдің жағдайын бүкпесіз айтады. Халықтың жаппай қырылғаны жайлы,мал шаруашылығының қисапсыз кеміп кетуін дөп басып айтып, өз ісін адал атқара алмай отырған биліктегілерді де тілге тиек етеді.Хатты Ғабит Мүсірепов, Қазақ мемлекеттік баспасының меңгерушісі Мансұр Ғатаулин, Коммунистік жоғары оқу орнының оқу ісі жөніндегі проректоры Емберген Алтынбеков пен оның орынбасары Мұташ Дәулетқалиев, Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығы Қадыр Қуанышев жазған болатын.
Хаттың қысқаша мазмұны:
БК(б)П Өлкелiк комитетiне, Голощёкин жолдасқа!
…«Бүгiнгi Қазақстан – бұл 163 миллион сомның товарлы өнiмiн беретiн, 40 миллион малы бар өлке», – деп жаздыңыз Сiз, Голощёкин жолдас, 1930 жылы «Октябрь революциясының жеңiстерi» деген мақалаңызда («Қазақстанның 10 жылдығы» атты жинақ). …Бiрақ қазiр, Сiздiң мәлiмдемеңiзден кейiн 2 жыл өткен кезде Қазақстанда мал шаруашылығы саласында мал басының қисапсыз кемiп кеткенi әмбеге аян: 1930 жылғы мал басының 1/8 бөлiгi (40 миллионнан 5 миллион) ғана қалды. Тек байлар мен кулактардың ғана емес, тек жекеменшiктi орташалар мен кедейлердiң ғана емес, сонымен бiрге, негiзiнен алғанда, колхоздар мен колхозшылардың (iшiнара совхоздардың да) қоғамдастырылған және қоғамдастырылмаған малы да осындай зор шығынға, сұрапыл қырғынға ұшырады… Мал басының қисапсыз кемiп кетуi мен көптеген қазақ аудандарын қамтып, адамдардың жаппай қырылуына әкеп соққан ашаршылық (қыстың екiншi жартысынан бастап) жөнiнде әлi күнге дейiн ауыз ашпай отыру қаншалықты дұрыс?.. Нағыз көзбояушылар, көпiрме жоспарлар жасаушылар, оның үстiне өздерiне жүктелген нақты iс басқара алмаған, көзбояушылықпен «бәрi де жақсы» деп тұжырымдап, өнеркәсiп саласындағы жетiстiктерге арқа сүйеген, сөйтiп, осынау елеулi мәселелерге жұртшылық назарын әлсiреткен жер органдары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерi одағының мүшелерi неге бүкiл жұртшылық алдында сабақ боларлықтай сазайын ?
Мүсірепов, Ғатаулин, Дәулетқалиев, Алтынбеков, Қуанышев.
(1932 ж 4 шілде)
Хаттың авторларының барлығы Коммунистік партияның мүшелері болғандықтан,жағдайды ескере отырып, хатқа осы қадамның мотивін түсіндірген қысқаша ғана жазба қосылды: «Осы сұрақты қоюшылар, ешбір жағдайда да «ренжіген» адамдар болып табылмайды, сондай-ақ олар мансапты да аңсаушылар емес. .. Біздің жалғыз ғана мақсатымыз – біздің партиямыздың басты қаруы болып табылатын партиялық демократия аясында және өзін-өзі сынау тәртібінде Өлкелік комитетке өзімізді толғандырып жүрген сұрақтарды большевиктер сияқты тура қоя отырып, жекелеген маңызды олқылықтарды, Қазақстанда социализмді құруға көмектесу. Сондықтан да біздің сұрақтарымызға, оларға орташа партия белсенділерінен шыққан ұсыныс ретінде қарап, Сіз жауап береді деп үміттенеміз.
Кройкомның бірінші хатшысы Голощёкин бұл хатты өз қолына алып, Сталингеде жекізбестен тәркілеп оны жоқ қылуға,онымен қоймай бұл бесеуді орнынан босатамын деген пиғылда, іс-әрекет жасайды.Түн ортасы болсада, Мүсіреповты шақыртуға бұйырады. Басты кейіпкеріміз Мүсірепов, әйелі Ғұсни қаншалықты бармасын жалынсада,сонда табан тірейді.Бюро мүшелері Ивонов,Елеусізов,Жантоқов,Исаев және Кройкомның екінші хатшысы Құрамысов өз ойларын айтып, кінәліге шығарып, тіпті кінәлі болғандықтан ,оны жуып шаю үшін ел аралатып жібермек боп,түрлі пікірлер айтады.Ғабит Мүсірепов сондада өз биігінен түспестен, оларға сескене қарсы тұрып ,ақталмастан, халықтың жайын қайта-қайта көз алдарына ,шындығын шырылдап суреттей баяндайды.
Нұрхан ақын екеуі елді аралап, ауыл-ауылға тамақ таратайын деп шыққандағы,оны берер бір адам таппағаны жайлы,ел ішінде қаншама адамның аштықтан сүйегі сасып күлге айналып кеткендерін, ашына айтады. Жол үстінде Нұрханның Балым жеңгесін кезіктіргеніне қуанған екеу,ендігі ел ішінен тірісін таппассындар-ау деген Балымның сөзін суық жүзбен қабылдағанын, бірақ үмітін үзбестен жол жүріп, тозығы жеткен үйлер мен мәйіті көмілмей қалған жұртты көріп ашынғанын жеткізеді.Тіпті, Нұрханның ғашығы Күләнданың, Голощёкин жандайшаптылары Әжібай мен Бурабай,Талтаңбай үйіндегі бар мүлікті жиып алып кеткені , әке-шешесі аштықтан осылайша өліп қалғанын айтады.Күләнда Нұрхан сағына жеткенде өлімші күйде оған оқиғаны жырлай жылап,зарлап жеткізіп,сол сәтте-ақ көз жұмады.Мүсірепов елдің жағдайын, қалай жеткізсе де мұны бюро мүшелері,әсіресе Голощекин асыра сілтеушілік деп қарады.Хаттың үш дана боп жазылғаны,Голощёкиннің қолында бірі,бірі Сталинге жетпей ұсталғаны, ал үшінші данасын сұрағанда, оны Мүсірепов ашуланып, жыртып тастағанын айтады.Голощёкин Қарабаевты алдыртып айтқызады.Бұл бестік әуелде алтау болған , Қарабаев болса хат жазудан бас тартып,өкіметтен кешірім сұраған.Мүсіреповтың өзі әуелде сенген Қарабаев оның үшінші данасы Тұрар Рысқұловқа жеткізбекші болғанын,бірақ бестіктен шығарып жібергендіктен толық білмейтінін жайып салады.Ендігі бұларды айып тағып,тек ату жазасына кесу керек деген Голощёкиннің пиғылы ,ойы толық жүзеге аспай ,бірақ айыпты екендерін хаттың жала екендігін айтып, оларға қарсы шығады.
Голощёкин мен ондағылар мынадай баға береді: «...Қазақстанның социалистік қайта құруының және ұлттық саясаттың барлық жетістіктері толықтай боямаланып, тек қана жағымсыз сәттері көрсетіліп, Өлкелік комитет жүргізіліп отырған бағытына сын тағылған» Өкінішке орай, шығармашыл зиялылардың сөздері ұлтшылдықтың көрінісі, байшылдықты аңсау ретінде қабылданды. Хат авторлары ұлтшыл, байлардың мүдделерін қорғаушылар ретінде айыпталды. Оларға партиядан шығарамыз, қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытты. Өлкелік комитет хатпен танысқаннан кейін, оның авторларына көрсетілген психологиялық қысым олар үшін ауыр сын болды.
Хаттың авторлары- яғни,ашаршылықтан қынадай қырылған қазаққа араша түскісі келген бес азаматтың ішінде, Мансұр Ғатаулин тергеусіз атылған. Қалған төртеуі қуғын көрген, тірі қалған. "Бесеудің хаты" қазақ зиялыларының тоталитарлық тәртіпке наразылық білдіргені анық байқалды.
Бұл хаттан кейін халық тұрмысы жақсарып кетпеді. Иә, үкімет ондағы мәселеге атүсті қарады. Дегенмен осы хат арқылы «қазақ» деген ел өзін танытты. Ел ішінде бұқараны ойлайтын, елді тар қапастан алып шыға алатын қайратты жастардың, білімді жандардың бар екенін дәлелдеді. «Бізден сескеніңдер, түбінде мақсатымызға жетеміз» деген әр қазақтың жалынды айбатын көрсетті.
Меніңше, туынды астарында-елім деген ер азаматтарымыздың жұртқа жақсылығын жасаймын деп бас көтергенде ,көкірегінен итеріп әлдебіреулердің , биліктің қарсы шығып , өзіне оқ болып тиіп,жаза басып қалуы әсерлене айқын көрініп тұрғандай.Бұл тұста «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді» деген сөзді айтқың келеді.Себебі: қазіргі бірлігімізді жоғалтып, бір-бірімізді артқа сүйреп жүрсек, көп ұзамай-ақ отыз екінші жылдардың кебін киюіміз әбден мүмкін.Сондықтан да өз болашағымыз үшін, арттағы қиындықтардан сабақ ала үйренуіміз керек.
Пікірін ашық айтып, білдірген бес адамның есімін қашан да ұлттық намыстың семсері ретінде ұстап,олардың бұл қадамын - нағыз ерлікке балайтынымыз шын. Қазақтың ішінде де халқымен бірге ар-ұяты, намысы барын көрсеткен және сол халық үшін шындықтың туын желбірете алған тұлғалардың бар екенін дәлелдеп,басын сан-соққа ұрған көкірегі ояу, білімді азаматтарымыз елді алға жетелемек болғаны әммеге аян. Сол себепті де, «бесеуді» ерекше атауымыз, «Бесеудің хатын» әр адам ұлттық шындықтың туы ретінде жоғары қоюы керек.
Ой-пікірін ашық білдіргендерді баудай қырқып түсірген билеуші партияның десінен сескенген ұлттық интеллигенция одан кейінгі бұқпалап өмір сүруге көндіккені де жанды ауыртады. Ал ұлтқа ең ауыр қасірет – осы. Елі үшін еміреніп жанын беруге дайын болған ата-бабаларымызды ұлықтап, олардың әрбірін насихаттап, жыл сайын қайтадан жаңғыртып, еске алып, түсіндіріп отыру - біз үшін міндет. "Бесеудің хаты" пьесасы тарихи шындығымен елге мұра болып, ел жадында сақталғаны сөзсіз. Себебі тарихсыз біз ешкім емеспіз, "Тарихсыз-халық жоқ” деп нақыл сөзімізді арқау ете отырып, елдің осындай тарих қойнауындағы бастан кешкендерін, жазушыларымыздың шығармаларынан да, кітаптарынан да танысып біле аламыз.
Ғ.Мүсірепов: «біз,халық қырылып жатқандықтан атыламыз. Ал,сендер халық қайта тірілгендіктен атыласыңдар! Халық қайта тірілгенде сендер екі дүниеде де орын таппай қаласыңдар! »-деп, айтқандай халық тірілді,өз тәуелсіздігіміз бар, егемен елге айналдық.
Бүгінде Қазақстандағы ашаршылық такырыбын шетел тарихшылары да зерттеп жүр.Соған қарамастан нәубет жылдардағы қазақ тарихы толық зерттелмей келеді.ХХ ғасырдағы қазақ трагедиясыдағы,соның аса қасіретті көрінісі- аштық мәселесі әлі де болса,жан-жақты,терең, зерттеуді қажет етеді.Осы тұста, қорыта келе Елбасымыздың сөзімен аяқтағым келіп отыр.
"Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайыра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды. Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын."
Гүлдана Итибарова
Болат
Пайдама жарады