Өлең, жыр, ақындар

Алда уақытта өтетін кезектен тыс Параламент Мәжілісіне сайлау күні белгілі болды

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жарлығымен Мәжілісті таратып, алдағы Мәжіліс депуттарын кезектен тыс сайлауын 2023 жылдың 19 наурызы күні өткізуді бұйырды. Президенттің айтуы бойынша енді мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланатын болады. Онымен қоса облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланады. Депутаттардың 50 пайызға жуығы бір мандаттық жүйе арқылы, қалғаны партиялық тізім бойынша өтеді. Ал аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс береді. Осылайша, алдағы уақытта мәжіліс пен мәслихаттар құрамы жаңа үлгі бойынша жасақталатын болады. 

Президенттің сөзімен айтар болсақ «Мұның бәрі елдегі әділ саяси бәсекені күшейтеді, саяси жүйенің ашықтығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ саясаткерлердің жаңа буынының қалыптасуына жол ашады». Сайлау науқанын ұйымдастыру және оны өткізу ісінде аумақтық сайлау комиссиялары маңызды рөл атқаратынын да баса айтып өтті. Енді облыстық сайлау комиссиялары кәсіби түрде тұрақты жұмыс істейтін болады. Бұл шешім сайлауға қатысты іс-шаралардың сапалы атқарылуын қамтамасыз ететіні сөзсіз.

Президент сайлау науқаны елдегі саяси мәдениеттің жоғары екенін көрсетіп, қоғамды ұйыстыра түсетініне сенім білдірді. Шын мәнінде сайлау қазақстандықтардың жаңа саяси мәдениетінің артуына тағы да бір дем беріп, белгілі бір дәрежеге ықпал ететін маңызды саяси шара болады деп үміттенеміз. Жалпы кез-келген сайлауды өткізу мен оған қатысу барысын халықтың саяси белсенділігін арттырудың мектебі деп санаға болады. Сайлауға белсенді қатысып, азаматтық парызды әрдайым өтеген сайын халықтың саяси санасы бір саты өсе түсетінін естен шығармауымыз керек. Яғни, елде неғұрлым саяси үрдістер көп болған сайын саяси мәдениетте соғұрлым шынығып бойына қан жүгіреді.  

Айтымбетов Нүркен Ысқақұлы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз