Өлең, жыр, ақындар

Нарықтық экономика

Эконоимканы өркендету әр мемлекеттің басты мақсаты ол мақстқа жету үшін өз өнімдерін әлемдік нарыққа шығару керек.

Дамушы елдер экономиканы өркендетудің бірден-бірден бір жолы шикізаттық өнімді нарыққа шығарып ел дамуын одан әрі ілгерлетіп келеді. қазақстан бұндай дәрежеге жете қойған жоқ бірақ орталық азияға өз тауарларын экспорттап отыр олар мына елдер: Ресей, Қырғызстан Өзбекстан, Тәжістан бұл елдер Қазақстанның негізгі сауда серіктестері. Елдің минералды-шикізат базасы 5 мыңнан астам кен орнынан тұрады, олардың жобалық құны ондаған триллион доллармен бағаланады.

Республика мырыш, волфрам мен бариттің барланған қоры бойнша әлемде бірінші күміс, қорғасын мен хромит бойнша екінші мыспен. Сонымен қатар, Қазақстанның батыс облыстарында шоғырланған мұнай-газдың едәуір ресурстары бар (дәлелденген мұнай қоры бойынша әлемде - 9-шы орында). Бұған қоса, республика көмір қоры бойынша 8-ші орында, уран қоры бойынша - 2-ші орында.

Қазақстан астық экспорттаушы әлемдік он жетекшінің бірі және ұн экспорты бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады. Солтүстіктегі егістік жердің 70%-ын астық және техникалық дақылдар – бидай, арпа, тары алып жатыр. Республиканың оңтүстігінде күріш, мақта және темекі өсіріледі. Қазақстан сонымен қатар бақшаларымен, жүзім алқаптарымен және бақша дақылдарымен танымал. Ауыл шаруашылығының жетекші бағыттарының бірі – мал шаруашылығы. Негізгі экспорттық тауарлар – тау-кен, отын-энергетика, металлургия және химия өнеркәсібі, сондай-ақ астық индустриясының өнімдері. Республиканың негізгі сауда серіктестері – Ресей, Қытай, Еуропа мен ТМД мемлекеттері. Нарықтық экономика деген не? Ол мемлекет көп араласпайтын, жекемеңшік иелігі бар болатын, жеке меншік компаниялар мен халық арасында экономиялық қатынастар орнаған жүйе. Қысқасы нарықтық деп бар тауарлар мен қызметтерді жеке меншік, коммерциялық компаниялар өндіретін жүйе. Мысалы Америкадағыдай. О жерде бар қыметтер мен тауарларды коммерциялық компаниялар жасап халыққа ұсынады. Бір-бірімен бәсекелесіп. Бәсекелестік арқасында өнім бағасы арзандап сапасы артады.

Америкада ипотека мен кредиттерді жекеменшік банктер халыққа ұсынады. Бір-бірімен бәсекелесіп. Осының салдарынан о жердегі ипотека пайызы бар жоғы жылына 2-3%. Бізде болса несие пайызы 20-50%. Соңдықтан Америкадағы орташа отбасының үйі мынандай:

Сонымен нарықтық экономика белгілері мынандай:

1. Мемлекеттің экономикаға аз араласуы;
2. Жекеменшік иелігінің бар болуы;
3. Кәсіпкерліктің бар болуы;
4. Әділ бәсекелестіктің бар болуы. Және оны шектейтін ережелердің болмауы шарт;
5. Бағаның экономикалық тәсілмен орнатылуы. Коммерциялық компаниялардың бәсекелестігі арқасында баға орнатылуы;

Дамыған елдердің барлығы нарықтық негізде құрылған экономикаларға ие. Дамыған болуының сыры да осы. Мысалы Екінші Дүние Жүзілік соғыста жеңіліске тап болған Германия мен Жапонияның экономикасын қарастырайық. Барлық үйлер, жолдар, мектептер, ауылдар, қалалар соғыста қирап кетсе де нарықтық, әділ заңдардың болуының арқасында осы елдер тез дамып кетті. Небәрі он, он бес жыл ішінде дамыған елдерге қайта қосылды. Тіпті көбісінен артып кетті.

Кей елдерде нарықтық байланыстар заңдармен, олигархтармен, монополиялармен шектелінген. Соңдықтан олар дамымай жатыр. Бар игілік монополияларға тиесілі.

Мысалы Латын Америка елдерінде саяси топтар өз кандидаттарың парламентке, әкіматқа, президенттікке ұсынып отырады. Сайлау науқанына көп қаржы жұмсайтындықтан байларға тәуелді үміткерлер саяси додада жеңіп отырады. Жеңіске жеткеннен кейін монополиялардың айтқаның екі етпей орындап отырады.

Әлем халықтарының басым бөлігі кедей. Себебі кене сияқты олардың қаның соратын зұлым өкіметтер. Былшылдап сөйлей ғана алатын, елге игілік бере алмайтын, экономиканы білмейтін президенттер бар. Бірақ жалпы тренд, бағыт айқын. Ол әлем халықтарының демократияға бет бұру, нарықтық экономиканы құру. Баяғыдағы құлдық сияқты ғой. Көне заманда бүткіл әлемде құлдық бар еді, одан кейін неше түрлі елдер бұдан бас тартып жатты. Нәтижесінде қазір құлдық толығымен жойылды.

Қазақстанды қалайша дамыта аламыз?

Атам қазақ «іргелі ел болғын келсе, бесігіңді түзе» деп бекер айтпаған. Қазақстан дамыған елдердің қатарына қосылуы үшін нарықтық қатынастар, әділ сайлау жүйесін орнату керек. Көп партияларға жол берілу керек. Монополияларды жойып адал еңбек ететіндерге жол беру керек.

Сонымен ағайын нарықтық экономика денен осы.

Сейдуллаев Әли


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер