Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті: «Философия және саясаттану»
Кафедрасы: «Дінтану және мәдениеттану»
Орындаған: Таймас Асылжан Әзімханұлы
Тексерген: Кудерина Айжан Нурхамитова
Келіннің жаңа өмір сатысына, жаңа ұяға, бейтаныс қауымға келердегі жыршының шебер сөздерімен айтылатын, ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрдің бірі - Беташар. Әрбір халықтың, мәдениеттің салт-дәстүрдегі мәні мен маңызы бар.
Жақан Дәуренбеков ағамыздың керемет салтымыз «Беташар» кітабы қазақ халқының ғасырлық рухани қазынасының ерекшелігі туралы меңзейді. Онда автор салтымыздың қалай өтетінін, не істейтінін, маңыздылығын атап өтеді. Сонымен қатар жырлар жинағында өсиеттер, міндеттер туралы айтылып өтеді. Бұл кітаптың қызықтырғаны «жырлар» және тек жырларды ғана айтып қана қоймай өсиеттердің де ерекше орны болғаны.
Жалпы бұл рәсімнің қалай өтетіні туралы барлығымызға анық. Келіннің басына ақ мата жабылады, қасында жеңгелері тұрады және сөзге шебер жыршы өзінің жырында жаңа келінге өсиетін, кеңестерін, арасында әзілдерін қосып айтады. Келін ата-енелерімен танысып оларға сәлем салады және сәлем жасалған адамдар көрімдіктерін береді.
Келіннің жаңа табалдырыққа аяқ басуының құтты немесе құтсыз болуы келіннің өзіне байланысты. Әрине, жаңа шаңырақтың заңына, талаптарына сіңісіп кету оңай емес, бірақ келін «Сабыр түбі сары алтын» деген ұранмен тез сіңісіп кеткен жағдайда қадамы құтты болады.
Мәдениетімізде үлкен жасты қарияларымыздың баталарын алуға тырысқан, олардың өмірдегі тәжірбиелерін, ақыл кеңестерін алуға асыққан, сөздері бағалы болған. Қазір де дастархан үстінде астың алдында және соңында бата өз нүктесін қояды. Яғни, бата беру жай ғана зат емес екенін сезінуге әбден болады.
Беташар кезінде келінді ата-енесімен және басқа да адамдармен таныстырады, сәлем жасалған адамдар көрімдіктерін береді. Яғни, көрімдік беру бізге жұғысты болсын, қолдау мақсатында, беташар жағдайында: екі жастың аяққа тұруына қаржылай көмек деген мағынада беріледі. Көрімдік басқа жағдайларда да беріледі. Мысалы: қандай бір жарыста алдыңғы орынды алғанда, оқу жолында биік белестерге жеткен кезде және т.с.с.
Жаңа түскен келінді көрген жан сынаумен өтеді. Өсек, наразылықтарын, сәл тыйып отыруы абзал. Жалаға ілінгеннен кейін одан құтылу қиын болады.
Қорытындылай келе беташарымыздың жалпы мәні – келінді жаңа ұядағы қауыммен, атқаратын істерімен, міндеттерімен таныстыру және кеңес беру. Беташар - қазақ мәдениетінің этикасын, тұрмыс тіршілігін, рухани байлығын қалыптастыратын бірден бір рәсім. Әрине бұл салт басқа салт-дәстүрлер секілді халық санасында қалыптасып, әлеуметтік өзгерістерді бастан кешіріп, заң талабына сай жаңарып отырды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі