Қазір әлеуметтік желілерден жалпы айналамыздан байқағанымыз, кейбір адамдарға қарап ішіміз ашиды. Олар ұялмайтын нәрседен ұялады, ал ұялатын нәрседен ұялмайды. Қарап тұрсаңыз, түсініксіз. Айталық, кейбіреулер спортпен айналысса, кітап оқыса, біреуге көмектессе, жақсы іс-шараларға қатысса, көпшілік адамға пайдасын беретін жақсы сөздерді әлеуметтік желіде айтуға, осы секілді нәрселерді айналасына жариялауға ұялады, ыңғайсызданады. Қайта бұндай іс-әрекеттеріңді қуана айналаңа жариялаған дұрыс емес пе?!
Керісінше, адамды ыңғайсыз немесе ұятты нәрсе қылып көрсететін нәрселерді әлеуметтік желілерде жарыса жариялайды. Мәселен, компьютерлік ойындарды түннен азанға дейін жалғастыру, кальян тартқанын әлеуметтік желілерге жүктеу, тіпті ашықтан ашық боқауыз сөздерді жұрттың алдында айта беруді де әдетке айналдырдық. Түнгі клбутарда істеген істерін көрсету, тағысын тағыларды жасыруға емес, көрсетуге тырысады.
Ойлана келе заман жастарды солай ұятты нәрселерді жариялауға құмар, ал жақсы нәрселерін жариялауға ұятты қылып көрсету дәрежесіне апара жатыр ма деп ойланып, алаңдап та қаламыз.
Дұрысы, айналамызға тек жақсы істерімізді көрсетейік, ұятты істерімізді барынша жасыра білейік және ондай істерден айығу жолдарына бойлайық.
Құдайдан қорық, адамнан ұял.
Абай
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі