«Қызмет еткен адамға басқалар да қызмет етеді» хадис шәрифінің көрсетіп тұрғаны, кімде-кімнің адамдарға қызметі, жақсылығы өткен болса, міндетті түрде басқалардың да оған қызметі, жақсылығы өтеді. Біреуге жақсылық жасаған адамның мұның өтемі ретінде қаншалықты көп жақсылық көретінін тек Аллаһ біледі. Оған адамдардан жақсылық қайтпаса, періштелер жәрдем беруге келеді. Өйткені пайғамбарымыз босқа сөйлемейді. Осы себептен, бір үзім нанмен болса да, яғни аздаған нәрсемен болса да, қолдан келгенін істеп, жақсылық жасау керек.
Хазреті Әли «Мен өмірімде ешкімге жақсылық жасамадым, не істесем де, бәрін өзім үшін істедім» деген кезде, мұны естігендер «Сізге сенеміз, бірақ айтқаныңызды түсіне алмадық, сіздің көп жақсылық істегеніңізді білеміз ғой» дейді. Бұған былай жауап береді: «Кімге қандай жақсылық істеген болсаң, ол адам тек қуанады, бірақ маған ең аз дегенде он есе сауап жазылды. Бірге он сауап алдым. Ал енді мен кімге жақсылық жасадым, өзіме ме, әлде әлгі адамға ма? Әрине негізінде жақсылықты өзіме істедім. Ол бірнеше күндік дүниеде біраз қуанып қалды, алайда менің тапқандарым ахиретте алдымнан шығады. Негізгі табыс — ахиретте қол жеткізілгені. Ахиретте менің дәптерім ашылған кезде істеген жақсылықтарымның өтемін Аллаһу та’ала маған молынан ихсан етеді (береді), себебі Құран кәрімде «Жақсылық жасаудың ақысы — жақсылық көру» делінген».
Олай болса, ақылды адам қолынан келгенше жақсылық жасауы керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі